66
ҚОСЫМШАЛАР
1. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің үлгі жоспарлары
Қыс қызығы (кешенді)
Ұйымдастырылған
оқу іс-әрекетінің мақсаты: Балалар-
дың қыс туралы түсініктерін кеңейте отырып, қысқы табиғатты
бақылай білуге жаттықтыру. Қыс туралы өлең, тақпақ, жұмбақ,
мақал-мәтел үйрету. Сол
арқылы балалар тілін дамытып, бай-
ланыстырып сөйлеуге дағдыландыру.
Тірек сөздер: мөлдір, көктайғақ,
сырғанақ, боран, суық
аяз, қырау, т.б.
Алдын ала жүргізілетін жұмыстар: Қыс туралы өлең,
тақпақтар, жұмбақтар, жаңылтпаш, мақал-мәтелдер жаттатқызу.
Тірек білім: Балалардың күзгі табиғат жайында алған бі-
лімдері.
Базалық білім: Аяз, суық, боран, т.б. жаңа сөздерді сөз
қорына енгізе отырып, қысқы табиғат ерекшеліктерімен таныс-
тыру.
Барысы: Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті аулада, бақ-
ша алдындағы алдын ала әсем безендірілген алаңда өтеді.
I. Балалармен әңгімелесу: Жан-жақтарыңа қарап, қыс
мезгілі туралы байқағандарыңды айтыңдар.
(Айнала аппақ, қар. Күн ашық. Қар күнге шағылысып
жылт-жылт етеді. Қыста қар жауады. Күн суытады. Боран, аяз
болады. Өзен, көлдер мұз болып қатады. Егер күн аздап жылын-
са
,
қар еріп, жер көктайғақ
болады. Көктайғақ – табиғи құбылыс)
II. Жұмбақ шешу:
Мамықтай ұлпа,
Қанттай аппақ. (Қар)
Қыста жер бетін басады,
Жазда сайға қашады. (Қар)
Қыста киген,
Көктемде кеткен,
Көрпе
боп жатқан,
Жылға боп аққан. (Қар)
67
III. Ө.Байділдаевтің “Қыс қызығы” әнін орындау.
− Балалар, қардың түсі неге ұқсайды (аппақ мамықтай,
қантқа, сүтке ұқсайды)?
− Қардың ерігенде неге айналатынын балаларға айтқызу
(қар суға, судың буға айналуы).
Достарыңызбен бөлісу: