Мектеп жасына дейінгі балаларды байланыстырып сөйлеуге үйрету – тіл дамытудың басты міндеті



Pdf көрінісі
бет2/40
Дата27.06.2023
өлшемі0,67 Mb.
#103598
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40
 

УДК 373 
ББК 74.1я73 
 
ISBN 978-601-224-491-5 
© Метербаева К.М.,2013 
© «Қыздар университеті» баспасы,2013 



 КІРІСПЕ 
 
Тіл – әр ұлт өмірінің тарихы мен мәдениетін, әдет-
ғұрып, салт-дәстүр, тыныс-тіршілігін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу-
ші құрал. Олай болса, егеменді ел болашағы ертеңгі жас ұрпаққа 
сапалы білім, саналы тәрбие беруде олардың байланыстырып 
сөйлеу тілін дамытудың маңызы аса зор. 
Қазақстан Республикасының “Тіл туралы” заңында “ұлт 
тілінде жұмыс істейтін балалар мекемелерін құру қамтамасыз 
етіледі” деп [1], оқу-тәрбие жұмысын ана тілінде жүргізуді бала-
бақшадан бастау керектігін атап көрсетті. “Білім туралы” Заң-
ның 23-бабында үздіксіз білім беру саласының алғашқы баспал-
дағы, балабақшаның мақсаты мен міндеттері айқындалған[2].
Президент Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жол-
дауында балабақшалар жүйесін қалпына келтіруге және толық-
қанды мектепке дейінгі білім беруді қалыптастыруға кірісу, яғни 
мектепке дейінгі білім беруді мектептер аясында дамыту қажет-
тігі нақты көрсетілген [3]. 
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім 
беруді дамыту тұжырымдамасында жасын және өзіне тән ерек-
шеліктерін ескере отырып, оның толыққанды қалыптасуы үшін 
даму ортасын құрайтын үздіксіз білім берудің бастапқы деңгейі 
анық белгіленген [4].
Бала тілін сәби кезінен бастап дамыту олардың ойын өр-
біту, сол арқылы жеке басының қалыптасуына жағдай жасау – 
оқу-тәрбие мәселесіндегі негізгі мақсаттардың бірі. Бала өз 
ойын тіл арқылы жеткізеді. Ал бала тілінің дамуы, оның сөйлеу 
мүмкіндігінің қалыптасуы бірден пайда болмайтын күрделі пси-
хологиялық процесс. Ол жүйелі жүргізетін жұмыс түрлерінің 
негізінде жүзеге асады. 
Осы міндеттерді жүзеге асырудың алғы шарты ретінде 
үздіксіз тәрбие мен білім берудің тұжырымдамалары жасалып, 
соның негізінде оқыту, тәрбиелеу мазмұнын түбегейлі жақсарту 
көзделіп отыр. 
Қазақстан Республикасы Үкіметі 1999 жылы 22 қараша-
да (№ 1762) “Балаларды мектеп алдындағы даярлаудың міндетті 



мәселелері” деген қаулы қабылдады [5] Осы қаулыны жүзеге 
асыру үшін әзірленген тұжырымдамада мектепалды даярлықтың 
мақсаты 5-6 жасар балалардың жалпыға бірдей ақыл-ой, дене 
тәрбиесін дамытып, олардың жалпы білім беретін мектептердің 
басқы буынындағы білімді, біліктілік пен дағдыны меңгеруге 
әзірлігін қамтамасыз ету болып табылатындығы көрсетілген. 
Жоғарыда келтірілген деректерге назар аударсақ, үкімет тара-
пынан жарық көрген құжаттарда балалардың тілін дамытуға 
баса көңіл бөлініп отырғанын көреміз.
Көне түркі халқының ғұлама ғалымы Жүсіп Баласағұн 
ақылдың көркі тіл, тілдің көркі – сөз дегеніндей, тіл арқылы 
жеке адамның тәжірибесі, санасы үздіксіз дамып отыратынды-
ғын айқындаған [6]. 
Сондай-ақ, философтар қоршаған дүние, яғни табиғат 
құбылыстарының қарым-қатынасы, адамның рухани дамуы ана 
тілі негізінде жүргізілетінін қарастырған. Философтардың ой-
пікірлеріне сүйене отырып, біз баланың байланыстырып сөйлеуі 
оны қоршаған дүниеге деген сезімін, ойын тәрбиелеуге ықпал 
жасайды деген тұжырымға келдік.
Психологтардың зерттеулерінде жас кезінде баланың та-
нымдық, қабылдағыштық қабілеттерінің ерекше болатындығына 
байланысты тілді тез меңгеретіні ғылыми негізде дәлелденген.
Баланың тілдік сезгіштік қасиеті балалардың мектепке 
дейінгі және мектептің бастауыш оқыту кезеңдерінде өз ана тілі-
нің ерекшелігін айыра білу қабілетін дамытып отырады. Тіл ар-
қылы ойды қабылдау және сезінудің жолдары әр түрлі екендігі 
белгілі. Яғни, күнделікті көру, есту, сөйлеу қабілеті практика-
лық жұмыстармен байланысты дамиды. Біз қабылдаған заттар 
мен құбылыстар санамыздан ізсіз жоғалып кетпейді, ми қырты-
сында бейнелер түрінде сақталады, заттар мен құбылыстардың 
біздің көз алдымызда жоқ кезінде де оймен қайта жаңғыртып 
отырған олардың бейнесі елес (еске түсіру) болып табылады. 
Қазақ халқының белгілі психологы Ж.Аймауытов тіл үй-
ретуде баланың өз тәжірибесі, көрген-білгенін, оны қоршаған орта, 
нәрсе, заттардың орнын ерекше бағалай келе, баланың алғашқы 
көріп-білетіні қоршаған орта екенін, сол қоршаған орта арқылы 



баланың ойы, қабылдауы, сезінуі қалыптасып, тіл байлығы жетіле-
тіндігін көрсеткен. Ана тілінің баға жетпес құдіреті мен қуаты 
туралы тұңғыш ұлттық педагогика пәнінің негізін қалаған 
М.Жұмабаев тілсіз ұлт, тілінен айырылған ұлт дүниеде ұлт бо-
лып жасай алмақ емес, ондай ұлт құрымақ. Ұлтының ұлт болуы 
үшін бірінші шарт – тілінің болуы. Ұлт тілінің кеми бастауы, 
ұлттың құри бастағанын көрсетеді. Ұлтқа тілінен қымбат нәрсе 
болмауы тиіс. Бір ұлттың тілінде сол ұлттың жері, тарихы, тұр-
мысы, мінезі айнадай ашық көрініп тұратындығын көрсете келе, 
ана тілін ұмытқан халықтың толыққанды ел болып өркендеп, 
қанат жаюы мүмкін еместігін дәлелдеген. 
Ірі қоғам қайраткері, үлкен талант иесі, қазақ халқының 
рухани көсемі Ахмет Байтұрсынов өз ана тіліндегі сөз ақыл-ой 
дамуының асыл қазынасы дей келе, жас баланың лингвистика-
лық тәрбиесінің өмірге келген сәттен бастап өз ана тілінде жүр-
гізілуі керектігін ерекше атап көрсеткен. 
Қазақ халқының
тұңғыш
ағартушы-педагогы Ы.Алтынсарин
балаларды оқыту және тәрбиелеу ісінде тіл сезімін дамыту, оқу-
шының мектеп қабырғасына келгендегі сөз қорын әрі қарай 
байыту әбден ойластырылған жүйені талап ететінін көрсеткен.
Республикамызда мектеп жасына дейінгі сәбилердің сөз-
дік қорының даму ерекшеліктерін жан-жақты зерттеген ғалым 
Б.Баймұратова зерттеу нәтижелері негізінде 2 жастан 7 жасқа 
дейінгі балалардың тілін дамыту әдістемесінің негізін жасады. 
Қазақстан және ТМД елдерінің көрнекті психологта-
рының баланың ойлауы мен сөйлеуін дамытуға байланысты 
зерттеу еңбектері бізге байланыстырып сөйлеу мектеп жасына 
дейінгі балалардың жалпы ақыл-ойының дамуында маңызды 
орын алады деген тұжырым жасауымызға негіз болды. 
Табиғат құбылыстары мен оның жеке заттарының басты 
ерекшеліктері мен қасиеттерін қабылдау барысында баланың 
байланыстырып сөйлеуін жүзеге асыруға мүмкіндік туады. Осы-
ның негізінде баланың танымдық әрекеті дамиды, ойлауы сөз-
дік-логикалық формадан жалпылау формасына ауысады. Бала-
ның әңгімелеу, сөйлем құрау қабілетіне қарай байланыстырып 
сөйлеуі дамиды. 



Бала тілін дамыту туралы еңбектерді талдау нәтижесінде 
қоршаған дүниемен таныстыру арқылы балалардың байланыс-
тырып сөйлеуін қалыптастыру мәселесінің ғылыми- теориялық 
тұрғыдан зерттеу нысанына айналмағандығы белгілі болды. Әр 
баланың өзін қоршаған дүниені танып-білуі олардың байланыс-
тырып сөйлеуін қалыптастыруға мүмкіндік туғызатыны анық. 
Бірақ мектепалды даярлық топ балаларының байланыстырып 
сөйлеуін қалыптастыруды қоршаған дүние (табиғат құбылыс-
тары) негізінде жүзеге асырудың ғылыми-педагогикалық негізін 
айқындау – әлі де болса шешімін таппай келе жатқан мәселе-
лердің бірі. 
Аталған мәселенің өзектілігі әлі де болса ғылыми-тео-
риялық және әдістемелік жағынан жүйеленбегендіктен, балалар-
ды байланыстырып сөйлеу қалыптастыру жөніндегі оқу құра-
лын әзірлеу қажеттігі туындап отыр. Сондықтан ұсынылған оқу 
құралында қоршаған дүниемен таныстыру арқылы балалардың 
байланыстырып сөйлеуін қалыптастырудың психологиялық, пе-
дагогикалық мүмкіндіктері нақтыланып, оны жүзеге асырудың 
теориялық моделі ұсынылып, мектепалды даярлық топ балала-
рының байланыстырып сөйлеуін қалыптастырудың әдістемесі 
ашылады. 
Оқу-әдістемелік құралдың мақсаты – студенттерге мек-
теп жасына дейінгі балалардың қоршаған дүниемен таныстыру 
арқылы байланыстырып сөйлеуін қалыптастырудың әдіс-тәсіл-
дері мен жолдарын, ерекшеліктерін меңгерту. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет