Мектеп жасына дейінгі балаларды байланыстырып сөйлеуге үйрету – тіл дамытудың басты міндеті



Pdf көрінісі
бет11/40
Дата27.06.2023
өлшемі0,67 Mb.
#103598
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   40
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті жүйелі және орынды 
қолданылған ойын элементтері балалардың білуге деген ынта-
сын арттырып, білім дағдыларын игеруге іскерліктерін шың-
дауға, байланыстырып сөйлеуге ықпал жасайды. 
Зерттеу кезінде тәрбиеші-педагогтің басқаруымен ойын 
ұйымдастырып, баланың жеке басының ерекшелігіне: мінез-құл-
қы, сана-сезімі, ерік-жігеріне ықпал жасайтындай жағдай туғы-
зып, тікелей табиғат құбылыстарымен, табиғат заттарымен та-
ныстыра отырып, олар туралы балалардың саналы білімін қа-
лыптастыру мақсатын көздейді.
Байланыстырып сөйлеуге үйрету мақсатымен “Ыстық 
күн”,“Көктемгі жаңбыр”,“Автомобиль”,“Алтын күз бізге не бер-
ді”, “Кімнің қадамы алшақ”, “Кім тез ойлайды”, “Сөз ойла”, т.б. 
ойындар алдын ала дайындалды. Ойын кезінде балалар рөлге 
бөлінеді. Әр рөлдегілер өз міндетін түсініп алады.
Ойынның аты – “Ыстық күн”.
Мақсаты: балаларға табиғат құбылыстарының тіршілікке 
тигізетін пайдасын, ерекшеліктерін түсіндіру. Осының негізінде 
байланыстырып сөйлеуге үйрету. Қоршаған ортаға деген қызы-
ғушылықтарын арттыру. 
Ойын шарты: жаз мезгілі. Ыстық күндегі алма ағашы-
ның 
көрінісі. Ыстықтан
шөлдеп тұрған алма ағашына табиғат құ-
былыстарының тигізетін әсері, күн, жел, бұлт, жаңбыр. Табиғат 
құбылыстарының бір-бірімен өзара қарым-қатынасы және тірі 
табиғатпен байланысы. Осыларды өз сөздерімен айтып жеткізу. 
Рөлдерде: Алма ағашы – Рауан 
Күн – Мақпал 
Жел – Алмас 
Бұлттар – Олжаc, Қуаныш
Жаңбыр – Сымбат, Нұржан 
Кемпірқосақ – Жұлдыз. 


37 
Керекті көрнекіліктер: алма ағашы болып киінген бала, 
бұлттың, жаңбырдың, кемпірқосақтың суреттерін салған плакаттар. 
Ойын барысы: күн ыстық. Алма ағашы ыстықтан қатты 
шөлдейді. Шөлге шыдай алмаған алма ағашы Күнге: 
– Күн, қандай ыстықсың. Мен ыстықтан қатты шөлде-
дім, – дейді.
Күн: Жарайды, онда мен желге бұйырамын, ол бұлттар-
ды айдап келсін. Бұлттан жаңбыр жаусын. 
Күн: Жел, ағаштар шөлдеп кетіпті, бұлттарды қуып кел-
ші, -дейді.
Жел уілдеп барып бұлтты қуып келеді. 
Бұлт: Жаңбыр, жаңбыр, жауыңдар, Шөлдемесін тіршілік. 
Жаңбыр: Біз тіл алғыш тамшымыз, Айтсаң болды, жауа-
мыз, – дейді. 
Жаңбырдан соң көкте кемпірқосақ көрінеді. Ол күліп: 
– 
Амансыңдар ма, достарым

жаңбырдан нәр алдыңдар
ма? 
Шөлдеріңді қандырдыңдар ма? 
Алма ағашы: Сәлеметсің бе, кемпірқосақ, иә, шөліміз 
қанып қалды. 
Күн: Алма ағашы, шөлің қанды ма? 
Алма ағашы: – Ризамын, Күн, барлық тірі табиғат жаң-
бырдан нәр алады. Енді сен жарқырап нұрыңды төгіп тұра бер, – 
дейді. Ойын соңында бәрі “Жауын” әнін айтады (әні мен сөзі 
Ж.Мусинанікі). 
Жау, жау, жауын, жау жауын, 
Көктеп кетсін бақ-бауың, 
Бізге керек жеміс-жидек. 
Алма, алмұрт, тәтті қауын
Жау, жау, жауын! Жау жауын! 
Ойынға топтағы барлық бала қатысады. Егер, ойынды 
бірнеше рет қайталауды балалар өтінсе , олардың тілегін қана-
ғаттандырған абзал. Рөлдерді әр бала өз қалауларымен таңдай-
ды. 
Ойын барысында
балалар белсенділік танытуы мүмкін. Мұн-
дай ойынды ұйымдастырудағы басты мақсат табиғат құбылыс-
тарының тірі табиғатқа ықпалы зор екенін, табиғат объектіле-
рінің бір-бірімен өзара байланысты болатындығын біліп, олар-


38 
дың негізгі қасиеттері мен ерекшеліктерін білу күнделікті өмір-
де керек деген қорытынды жасауға болады. 
Балалардың ой-өрісін кеңейту, қиялын дамыту, тілін ұс-
тарту мақсатында ойын тақырыбына сай жұмбақтарды да айту-
ға болады. Жұмбақтар негізінен табиғат құбылыстарына арна-
лады. 
Бояуларым қашып кетті, 
Көк қағазды басып кетті. 
Қатарларын тізіп алды, 
Арттарынан ізі қалды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет