Мектеп жасына дейінгі балаларды байланыстырып сөйлеуге үйрету – тіл дамытудың басты міндеті



Pdf көрінісі
бет12/40
Дата27.06.2023
өлшемі0,67 Mb.
#103598
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   40
Байланысты:
Метербаева к. М

(Кемпірқосақ) 
Аспанға ұшар біз болып, 
Жерге қайтар су болып. 
(Бұлт) 
Көзіңе көрінбейді
Қолыңа ілінбейді, 
Бірақта құлағыңа 
Ұдайы күбірлейді. 
(Жел) 
Жұмбақтарды шешкен соң балалар табиғат құбылыста-
рының суретін салады. Әр бала өзінің салған суреттері туралы 
шағын әңгіме құрастырады. 
Мысалы, бірі: Мен кемпірқосақ салдым. Әр түрлі түстен 
құралған. Жаңбыр жауып болған соң көрінеді. Кемпірқосақтан 
соң жаңбыр жаумайды деп өз ойын қорытса, екіншісі: 
– Мен күн бұлттанғанын, жаңбырдың жауып тұрғанын 
салдым. Шөлдеп тұрған жемістер мен көкөністер жаңбырдан 
нәр алып жатыр, – деді. Осылайша олар өз ұғымдарын бейнелеу 
өнерін кіріктіріп, 
пікірлерін қорытты. Мұндай
жағдайда балалар-
дың сөз қолдануы, сөйлем құрылысы дұрыс орындалады. 
Әсіресе, байланыстырып сөйлеуге үйретуде дидактика-
лық ойынның алатын орны ерекше. Дидактикалық ойын бары-
сында балалардың алдына қандай да бір міндеттер қойылады, 
оларды шешу үшін зейін қойып, күш жұмсап, соның нәтижесін-
де ұғып алуға тырысады, жүйелі сөйлеуге үйренеді.


39 
Зерттеу барысында “Сөйлем ойла”, “Керекті сөзді тауып 
айт”, “Кім тез айтады”, т.б. дидактикалық ойындарын ұйымдас-
тырдық.
Дидактикалық ойынды қолданудағы басты мақсат бала-
лардың ойын кезінде белсенділіктерін арттыру. Берілген тірек 
сөздерді қолданып, сөйлем құруға жаттықтыру. Осының нәти-
жесінде байланыстырып сөйлеуге үйрету. 
Тірек сөздер:бұлтты,жаңбырлы,суық,кемпірқосақ,
жел, т.б. 
Осы сөздер арқылы табиғат құбылысы жайында сөйлем 
құрайтып жаттықтыру. Балалар тірек сөздерді пайдаланып: күн 
бұлтты, жаңбыр жауып тұр. Суық жел соқты. Жаңбыр жауып 
болған соң кемпірқосақ шықты. Кемпірқосақтың түсі неше түрлі 
деп сөйлемдер құрастырды. Мысалы, мұндай ойындар “Автомо-
биль
”,т.б. тақырыптар
. Мұндай жағдайда балалар күнделікті өмір 
тәжірибелеріне сүйеніп, сөйлем құрайды. Кейде шағын әңгіме 
құрастыруға да талпынады. 
Тәрбиеші тілі балалардың сөйлеу тілін дамытудың не-
гізгі көзі. 
Балабақшада тіл дамыту мүмкіндігі түгелімен тәрбиеші 
сөзінің сапасына байланысты, яғни үлгілі сөйлеу тілін меңгеру 
тәрбиешінің кәсіби даярлығының көрсеткіші болып табылады. 
Тәрбиеші алдымен сөйлеу мәдениетін меңгеруі қажет, ол тілдің 
барлық элементтерінің мағыналарын түсініп қана қоймай, оны 
әдеби тілде қалай қолдану керектігін үнемі есте сақтауы керек. 
Сондықтан тәрбиеші бейнелі сөздерді көп білсе, синонимдерді, 
антонимдерді жетік меңгереді. Топтағы балаларға тіл үйрету
жеңілге түседі. Балабақшадағы білім беру және тәрбиелеу бағ-
дарламасының алдына мынадай міндеттер қояды. Баяндала-
тын тақырыпты баланың жас ерекшелігіне сай түсінікті тілмен 
жеткізе білу, қойылатын сұрақтың дәл, нақты болуын қадаға-
лау, айтылуы қиын жаңа сөздердің үлгісін дұрыс бере білу, 
сабақта тақырыпқа байланысты әдістерді дұрыс пайдалана білу. 
Баяндаған немесе оқыған шығармалардың әсерлі болуы шығар-
ма мазмұнына орай дауысты өзгертіп құбылтып отырып, шығар-
мадағы автордың ойына өзінің пікірін білдіру және сол пікірді 


40 
балаларға жеткізе білу, әрбір кейіпкердің ерекшелігін мүмкінді-
гіне қарай бейнелі сөздермен жеткізу т.б. 
Балаларды қоршаған дүниемен таныстыру кезінде көр-
кем әдеби шығармалар кеңінен қолданылады, әрбір құбылысты 
тек түсіндіріп, көрсетіп қана қою емес, олардың әсемдігін, об-
разды сөздер, теңеулер, салыстырулар арқылы балалар ұғымын 
танымын кеңейту мақсаты да қойылады. Ол үшін көркем әде-
биет шығармаларының барлық жанры түгел дерлік пайдаланы-
лады. Баланың тілін ұстартып, ақыл-ойын дамытуда, байланыс-
тырып сөйлеуге үйретуде көркем әдебиеттің, ауыз әдебиетінің 
қай-қайсысының болсын мәні ерекше. Мұндай жұмыс түрлерін 
арнайы тақырыптарға арналған ертеңгіліктерде кеңінен қолда-
нуға 
тура келеді. Мәселен
, балабақшада ұйымдастырылған «Та-
биғат аясында» атты ертеңгілікте балалар табиғат құбылыста-
ры туралы қысқаша
әңгімелерден 
үзінді тыңдап, тақпақтар
айтады. 
Өлеңдер мен әңгімелерді пайдалану арқылы балалар та-
биғат құбылыстарының ғажайып көріністері мен оның ерекше-
ліктерін меңгеруде оны сипаттайын сөз, сөйлем құру мүмкіндік-
терін меңгереді. Сонымен бірге олардың логикалық ойлары да-
мып, өлеңді айтып қана қоймай, оның мазмұнын түсінуге, тү-
сінгенін әңгімелеп айтып беруге төселеді. 
Байланыстырып сөйлеуге үйретуде жиі қолданылатын 
әдістердің бір лексикалық жаттығу жұмыстарын жүргізу. Мұн-
дай жаттығулар көбінесе сөздік ойын түрінде жүргізіледі. Мы-
салы, бұлтты, жаңбырлы, суық, мөлдір, ашық, бұлыңғыр деген 
сөздерді қандай сөздерге қосып айтуға болатындығын таптырту 
және айттыру қажет.
Байланыстырып сөйлеуде қолданылатын тағы бір әдіс – 
логикалық сөздік тапсырмалар орындату. Ол үшін тәрбиеші жыл 
маусымдарының өзгерісіне әңгіме құрайды да сол сипатталған 
өзгерістің жылдың қай мезгілінде болатындығын таптыртады.
Мұндай логикалық сөздік тапсырманы тұрмыста қолданылатын 
балабақшада бар заттардың, нәрселердің түрлеріне байланысты 
ұйымдастыруға болады. Логикалық сөздік тапсырма, егер та-
қырып табиғат құбылыстарына арналса мынадай үш бағытта 
жүргізуге болады. 


41 
1. Табиғаттағы қысқа мерзімде болып өтетін өзгеріс - қардың 
еруі, нөсер жаңбырдың жаууы, жапырақтардың сарғаюы т.б.
2. Табиғат құбылыстарының заңды байланысы - жыл мезгілдері-
нің келу реті. 
3. Бір маусымда болатын өзгерістерді толық қамтып түсіндіру 
әңгіме құрату. 
Мектеп жасына дейінгі балаларды байланыстырып сөй-
леуге үйретуде бейнелі көркем сөздерді
меңгертудің де үлкен мәні 
бар. Образды сөйлеуге үйретудің алғашқы қадамы, бақылау, са-
лыстыру
арқылы
іске
асырылады.
Мысалы, Қуандық Шаңғытбаевтың
“Күзгі жапырақтар” өлеңінде: 
Алуан – алуан жапырақ, 
Күзгі бақша күлімдеп, 
Көз тартады жалтырап. 
Таудан салқын жел соқса
Сыбырлайды қалтырап, 
Жақын қалды жел тоқсан, 
Жабырқайды жапырақ. 
Ой, алақай, тамаша, 
Шашу шашты жапырақ, 
Бақтың іші алаша, 
Аунарма - еді жатып-ап. 
Осы өлеңіндегі күлімдеп, жалтырап, қалтырап, жабыр-
қайды, шашу шашты жапырақ немесе өзендегі тастарды неге ұқ-
сайтындығын сұрағанда олар аппақ, жұмыртасты, қоңырқай, 
сары, сабын секілді, судың мөлдір жерін айнадай деген теңеу-
лерді айтып жауап бере алады. Сонымен балаларды байланыс-
тырып сөйлеуге үйрету тәрбиешіден үлкен шеберлікті талап 
ететін тіл дамыту әдістемесінің басты саласы. 
Балалардың байланыстырып сөйлеуін қалыптастыруды
жүзеге асырудың ерекше бір жолы – ойын. Ойын – балалар
үшін қызықты ғана әрекет емес, ол білім мен әдет – дағдыларды 
игеруге мүмкіндік беретін іс-әрекет. Ойынды арнайы сабақ ре-
тінде немесе оқу үрдісі кезінде ұйымдастыруға болады.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті жүйелі және орынды 
қолданылған ойын элементтері балалардың білуге деген ынта-


42 
сын арттырып, білім дағдыларын игеруге іскерліктерін шың-
дауға, байланыстырып сөйлеуге ықпал жасайды. 
Балабақшада балаларды байланыстырып сөйлеуге үй-
рету – күннің екінші жартысында серуенге шыққанда әңгіме-
лер, ертегілерді балалардың естеріне түсіріп өздерінің балабақ-
шадан тыс уақытында көргенін әңгімелетуге болады. Мұндай 
жұмыс кезінде тәрбиешінің негізгі мақсаты олардың қатесіз дұ-
рыс сөйлеуіне көңіл бөлу қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет