Мектеп жасына дейінгі балаларды байланыстырып сөйлеуге үйрету – тіл дамытудың басты міндеті



Pdf көрінісі
бет35/40
Дата27.06.2023
өлшемі0,67 Mb.
#103598
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40
Байланысты:
Метербаева к. М

 
2. Ойындар 
Көктемгі жауын (қимылды) 
Балалар балапан болып жем іздеп жүреді. Балалардың 
санынан бір кем ұяшық болады. Көктем болып сайланған бала 
жауын жауды дегенде, балапандар жүгіріп ұяшыққа үлгеру үшін 
жанталаса жүгіреді. Артық қалған балаға көктем өзі туралы тақ-
пақ, жұмбақ және т.б. айтуын талап етеді. Оның ішінде көк-


87 
темде кездесетін мерекелер 8 наурыз, 22 наурыз, 2 мамыр және 
9 мамырды да кіргізуге болады.
Ережесі: Балалардың жүгіру кезінде бір-бірімен соғыс-
пау, ұяшыққа ие бола алмай қалған баланың өз еркімен мойын-
дауы
, сондай-ақ өз қарызын өтемеген
бала ойыннан шығуға тиіс.
Педагогикалық маңызы: Балалардың әр түрлі қимыл қоз-
ғалыс кезінде тепе-теңдігін сақтау, есте сақтау қабілетін дамы-
тады және тіл байлығын молайтып, байланыстырып сөйлеуге 
үйренеді. Сондай-ақ ұжымда қарым-қатыста жасауға үйренеді 
Кімнің қадамы алшақ (мерекелік) 
Ойынның мазмұны: Ойын 8 наурыз қарсаңында ойнаты-
лады. Ортаға қызғалдақ гүлін әкелеміз. Балалар қатарынан 
тұрады. Гүлге жету бағытында балалардың қадамы саналады. 
Кім ең аз қадам аттап гүлге жетсе, ол анасын өте қатты жақсы 
көреді деп есептеліп, гүлді анасына сыйға береді.
Ережесі: Балалар түзу қатарға тұрады. Қадам, аттайтын 
көлемі, сызығы міндетті түрде белгіленіп, дұрыс жүру талап 
етіледі.
Педагогикалық маңызы: Балалардың спортқа деген қы-
зығушылығы артады, үлкендерге деген адамгершілік мінезі қа-
лыптасады және ата-анасына деген сүйіспеншілігі артады.
 
Алтын күз бізге не береді? (мазмұнды) 
Ойын мазмұны: Мұнда сатушы, сатыпалушы және күз 
мезгілінде болатын бидай, әртүрлі жеміс-жидектер болып қал-
ған балалар 
сайланады. Сатушыға,
сатып алушы: – Сәлеметсіз бе? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет