Мектеп жасына дейінгі балаларды байланыстырып сөйлеуге үйрету – тіл дамытудың басты міндеті



Pdf көрінісі
бет37/40
Дата27.06.2023
өлшемі0,67 Mb.
#103598
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40
 
Кімнің қадамы алшақ 
Тәрбиші балаларды өзіне қаратып: Ал, балалар, қазір 
мен сендерге өлі табиғат құбылыстарының атын атаймын. Мен 
әрбір құбылысты атаған кезде 1 қадам алшақ аттайсыңдар. Егер 
мен басқа құбылыс немесе бір заттың атын атасам онда атта-
майсыңдар. Егер кімде-кім шатасып аттап қалса, онда сол бала 
осы табиғатқа байланысты тақпақ немесе өлең айтып береді
айта алмаса ол 
ойыннан шығады. Ал бастаймыз:
жауын – 1 қадам 
алшақ. 
қырау – 1 қадам алшақ. 
ою – 1 қадам алшақ. 
тұман – 1 қадам алшақ 
гүл – 1 қадам алшақ. 
шық - бір қадам алшақ. 
Ойын ары қарай жалғасады. 
Ережесі: 
1. Балалар құбылыстар аталған кезде мұқият тыңдауы қажет. 
2.Қадамын аттаған кезде алшақ аттауы керек. 
3.Тақпақ немесе өлең айтқан кезде сөздерін анық, мәнерлеп 
айтуы керек. 
Педагогикалық маңызы. Табиғат құбылыстарын ажырата 
білуге, олар жайлы өлең тақпақтарды дұрыс, анық, мәнерлі ай-
туға үйренеді. 
 
Алтын күз бізге не береді? 
Ойын мазмұны: Балалар сатушы және сатып алушы бо-
лып бөлінеді. Кішкене базар ұйымдастырылады. Ойынға 6 адам 
қатысады. Олардың біреуі – қарбыз, қауын сатса, екіншісі – 
алма, алмұрт, өрік сатады. Және олар сатып тұрғанда тақпақтап 
айтулары керек. Алушыларды жемістеріне қызықтырып, шақы-
ра білулері керек. 
Ойын ережесі: Әрбір сатып тұрған жемістерге байла-
нысты тақпақтар айтылуы керек. 


90 
Педагогикалық маңызы: Жеміс-жидектердің аттарын 
білуге, олардың қандай түсте, ащы, тәтті екенін айыра білуге үй-
рету. Олардың пайдасын білуге, олар жайлы тақпақтар айтқы-
зып отырып, тілдерін дамыту. Оларды ұқыптылыққа, тазалыққа 
тәрбиелеу. Балалардың ойынға деген қызығушылықтарын
ынта-ықыластарын дамыту. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет