Мектеп жасына дейінгі балаларды байланыстырып сөйлеуге үйрету – тіл дамытудың басты міндеті



Pdf көрінісі
бет4/40
Дата27.06.2023
өлшемі0,67 Mb.
#103598
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40
Байланысты:
Метербаева к. М

 
Студенттерге берілетін тапсырма 
1. Байланыстырып сөйлеу дегеніміз не? 
2. Балалардың байланыстырып сөйлеуін қалыптастырудың
ерекшеліктері. 
3. Байланыстырып сөйлеуге байланысты педагог-ғалымдардың 
еңбектерінен эссе жазу. 
Балаларды байланыстырып сөйлеуге үйретудің 
түрлері, олардың ерекшеліктері 
 
Байланыстырып сөйлеу адамдардың өзара түсінісуін 
қамтамасыз ететін мағыналы сөздердің сөйлемдегі жүйесі болып 
табылады немесе ойды жинақы түрде грамматикалық жағынан 
дұрыс, дәл, анық мазмұндау болып табылады. Сондықтан байла-
ныстырып сөйлеуге үйрету балабақшадағы тіл дамыту жұмы-
сының ең негізі басты бөлігі болып саналады. Жалпы байланыс-


10 
тырып сөйлеу ойлаумен біртұтас болып саналады. Яғни сөздің 
сөйлеудің жиынтығы ойлаудың жиынтығы. Байланыстырып 
сөйлеу баланың ойлауын, көрген-білгенін қорытып айта білу 
шеберліктерін анықтауға негіз болады. Бала өз ойын қаншалық-
ты дәрежеде жеткізе білсе, оның сөйлеу тілінің қалай дамыған-
дығын солай байқауға болады. 
Балалар ересектердің байланыстыра айтылған сөздерін, 
алдымен дыбыстарды, жекелеген буындарды, сөздерді меңгеру 
арқылы түсіне бастайды. 2,5-3 айда сәбилер үлкен адамдардың 
сөздеріне, ойыншықтардың дыбыстарына елеңдей бастайды. 3 
айдан 5-6 айға дейін сәбидің дыбысты айыру және оған көңіл 
қоятындай қабілеті дамиды. Яғни бала өзіне таныс қимылды 
білдіретін сөздерді түсінеді (мысалы, қолыңды бер т.б.). 
1,5-2 жасқа дейін бала үлкендердің айтқан ойыншықты 
әкел, орнына қой, маған бер деген тапсырмаларын түсіне бас-
тайды. Жалпы баланың бұл кездегі сөйлеуі тұрмыстық қатынас 
кезінде, яғни, тамақтану, киіндіру, бірге серуендеу, ойын кезін-
дегі үлкендердің олармен сөйлеп отырулары арқылы қалыпта-
сады. Балалар осы кезде өздері жиі еститін сөздерді ұғып алады, 
бірақ ол баламен сөйлескен кезде сәби үлкендердің айтқан әрбір 
сөзін, заттардың шартты белгісі ретінде қабылдайтындай етіп әр 
сөзді анық, сөйлемдерді, сөз тіркестерін қысқа түрде айту керек. 
Балалардың сөйлеу дағдыларын дамытуға мүмкіндіктеріне қа-
рай сол нәрселердің, ойыншықтардың өзін қолдарына көрсетіп 
ұстату және көрсету кезінде, бұл не нәрсе, көлемі қандай, бояуы 
қандай деген сұрақтар арқылы балаларды сөзге тарта білу керек. 
Бала үш жасқа келгенде пассивті сөздік қоры көбейіп, 
бала тілінің грамматикалық құрамына көңіл бөлуі қажет. 
4 жаста бала сол сәтте болып жатқан іс-әрекетке емес 
өтіп кеткен іс-әрекет жайында да үйренуі керек. Осымен байла-
нысты балада байқағыштық өз ойын жеткізе білуі қалыптасады. 
Және осы жастағы балалар әңгіме айтуға, тәрбиеші оқып берген, 
баяндаған мәтіндерді қайтадан өз сөздерімен айтып беруге, қыс-
қа тақпақтарды жатқа айтуға төселеді. 
5 жаста балалар тек қана тыңдаған шығарманың мазмұ-
нын түсініп қоймай, ондағы кейіпкерлердің ерекшеліктерін жа-


11 
ғымды, жағымсыз әрекеттерін талдауға, шығарма тіліндегі бей-
нелі сөздерді меңгеруге жаттығады. Бұл жастағы балалар өзі 
қайталап жүрген шығарманы суреттеп байланыстырып сөйлеу-
ге, картинаның мазмұнын айтуға дағдыланады. 
Ал 6 жасқа келгенде өзі тыңдаған ертегі немесе қызықты 
әңгімелердің оқиғаларын өз қиялымен одан әрі дамытып айтуға 
жаттықтырады. 
Мектеп жасына дейінгі балаларды байланыстырып сөйлеуге үй-
ретудің екі түрі бар: 
1. Екі немесе одан да көп адамдардың арасындағы әңгі-
мелесуді-диалог деп атайды. Мұндай әңгімелесудің мақсаты бір 
нәрсе жайында сұрап, соған жауап алу. Байланыстырып сөйлеу-
дің бұл түрін үйретуде алдын ала әзірленген әңгімелесу әдісі 
қолданады. Алдын ала әзірленген әңгімелесудің міндеті бала-
ларды өз ойын жеткізе білуге тәрбиелеу және әңгіме айтушыны 
тыңдай білуге үйрету. Алдын ала әзірленген әңгімелесу бірнеше 
күн бұрынғы дайындық арқылы іске асырылады. Яғни тәрбиеші 
топтағы балаларға әңгімеге тақырып боларлық нәрсе жайында 
қысқаша түсінік беріп таныстырады. Тәрбиешінің мұндай әңгі-
месі кіріспеден, әңгіме тақырыбын одан әрі дамытудан және әң-
гімелердің аяқталуынан, қорытындыдан тұрады. Мұндағы кіріс-
пе сөздердің мақсаты әңгіме болып отырған тақырыпқа балалар-
дың назарын аудару. Ал әңгіме тақырыптың өрістеуі белгілі бір 
мақсатқа негізделіп, сол оқиғаны немесе нәрсені балаларға то-
лық таныстыруды көздейді. Әңгімені жұмбақ айту, өлеңдер оқу 
немесе картиналар көрсету арқылы жүзеге асыруға болады. 
Байланыстырып сөйлеудің екінші түрі монологты, 
яғни бір адамдардың байланыстыра сөйлеген сөзі. Байланысты-
рып сөйлеудің бұл түріне үйрету екі жастан басталады. Зерт-
теулердің көрсетуінше бес жасқа келгенде бала көргенін, байқа-
ғанын, тыңдағанын өз сөзімен айтып бере алады. Монологты 
сөзге үйретуде қолданылатын негізгі әдістер қайталап айту және 
ойдан шығарып айту. Қайталап айту кезінде бала тәрбиеші тү-
сіндірген әңгіме, ертегі, тақпақтардың мазмұнын өзінің ұғынуы 
бойынша баяндайды. 


12 
Ал ойдан шығарып айтқанда бала тәрбиеші оқып берген 
ертегілердің оқиғасын өз қиялымен одан әрі жалғастырады және 
балабақшаға дейін өзі кездестірген оқиғалар жайында ойдан құ-
рап жеткізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет