Сақтану ережелері:
Қарлы боран кезінде үйден алыстап кетуге болмайды.
Қар жолды басып тастайды. Сыртқа қарлы боран басылғаннан
кейін шыққан жөн.
Құм боран
Білім: құм боран жер бетінде құмды топырақ болған ай-
мақта болып тұрады. Ондайда күшті жел құмды суырып, оны
22
бұрқыратып шаңдатады. Тіпті, күндіздің өзінде дала қараңғы бо-
лады. Жол көрінбейді. Құм суырып, көзіңді аштырмайды.
Сақтану ережелері:
Құм боран жақындағанда үйдің есігі мен терезесін мық-
тап жабу қажет. Үйден жырақ кетсең адасуың мүмкін. Мұндай
ауа райында құм көзіңді жауып, жас ағызып, ештеңені көрсет-
пейді. Тіпті өте таныс жердің өзінде үйге барар жолды табу
қиындық келтіреді. Кейде жел құммен бірге өсімдіктерді және
басқа заттарды аспанға көтереді.
Су тасқыны (Сел)
Білім: ұзаққа созылған жауын суы жерге тез сіңіп кете
алмайды. Ол мол тасқын жасап, жолдар (асфальтқа) мен ойысқа
қарай ағады. Өз жолында ол топырақ, тас, қоқыстарды төмен
ағызады. Мұндай ауа райы кезінде көлік жүре алмайды. Су
тасқыны жүріс-тұрысты қиындатады.
Сақтану ережелері:
Жауын суынан болған тасқын кезінде үйден шықпаған
жөн. Қатты жауынның басылуын күту қажет. Егер су қатты та-
сып жатса, жолдан өтуге болмайды. Аяғың тайып кетеді, өзімен
бірге жолда тастар және басқа заттар домалайды. Олардың де-
нені жаралап кетуі мүмкін.
Осы ұғымдарды түрлі әдіс-тәсілдер арқылы балаларға
түсіндіре отырып, олардың табиғат құбылыстары туралы толық
мағлұмат алуын және жүйелі байланыстырып сөйлеуге төселуін
қамтамасыз
ету қажет. Бұл мағлұматтарды
сабақ барысында көр-
некіліктерді пайдалана отырып әңгімелеп және оның мазмұнын
өмір тәжірибесімен
байланыстырып тұжырымдау негізінде ұғын-
дырған дұрыс.
Тапсырмалар беруде алуан түрлі тәсілдерді пайдалану-
мен (“Ойлан”, “
Салыстыр”, “Айтып
бер”, “Есіңде сақта”, т.б.) ба-
лаларды бақылағаны туралы жүйелі түрде байланыстырып ай-
тып беруге үйреткен тиімді.
Табиғаттың бір құбылысына бақылау ұйымдастыру және
(мұз сүңгісінің және олардың еріп кетуі) соған тән өзгешелік-
терді белгілеуді, салыстыруды, өзгерістерді анықтайтын жаңа
белгілерді бөліп алуды, өлі табиғаттың бұл құбылысының не
23
себепті адам өміріне қауіпті (сүмеленген мұз тұрған жерден жү-
руге болмайды) екенін жан-жақты қарап алуды ұсынған дұрыс.
Балалар қоршаған дүниені оларға тәрбиеші жетекшілік
жасаған кезде ғана емес, сондай-ақ, өзіндік жұмыс барысында
белсенді түрде тани алады. Олар көп нәрсені көреді, бірақ бәрін
бірдей дұрыс түсіне бермейді. Сондықтан, баланың кез келген
уақыттағы сұрағына дәйекті түрде жауап беріп, табиғат туралы
балалардың білім деңгейін арттыру қажет.
Түрлі бақылаулар баланың бойында өзіндік істі атқару
білігін, ұйымшылдықты, тәртіптілікті, бастампаздықты тәрбие-
леуге көмектеседі. Бақылау – оқыту (үйрету) әдісі ретінде де ба-
ланы дамытуда үлкен рөл атқарады. Бақылаулар үрдісінде түсі-
ніктерді қалыптастыруға дұрыс материал беретін бейнелі ұғым-
дар жинақталады. Бақылау кезінде бала бойында нақты ұғым
адамгершілік қасиеттер пайда болады және олар нығаяды.
Бақылау мақсат қоюдан, тапсырмаларды хабарлаудан
және объектілерді белгілеуден басталды. Тапсырмалар балалар-
дың назарын нақты заттарға немесе бақылау жүргізу баланы ті-
келей қоршаған ортадағы заттарды, құбылыстарды және олар-
дың бөліктерін айқындауға бағытталынады. Бақылау жасау үшін
объектілерді таңдау, айқындауға маңызды жағдай. Бақылау үр-
дісі құбылысты тұтастай қарауға (жалпы ұғым қалыптасты) ба-
ғытталып, бір ғана бөлшекті егжей-тегжейлі қарауға, соған ғана
назар аудару ұсынылады.
Табиғат құбылыстарын бақылауға көңіл қою жолына тө-
мендегі тәсілдер ұсынылады. Бақылаудан кейін балаға көзін жұ-
мып жаңа ғана нені көргенін көз алдына елестету, содан соң кө-
зін ашуын және нені жете көрмегенін нақтылау ұсынылды.
Ауызша сипаттамаларды тыңдау, бақылау материалдары бойын-
ша жасалған суреттерге талдау жасау – тиімді тәсілдердің бірі.
Ойша немесе заттың өзіне қарап салынған ақ-қара түсті сурет-
терді баланың бақылаған бейнені санада бекітудің жақсы тәсілі
ретінде қолданады.
Бақылаулардың тиімділігін арттыру үшін балалардың
бақылау нәтижелерін табиғат күнтізбесіне жаздырып отыру қа-
жет. Ол үшін суреттер мен тапсырмалар пайдаланануға болады.
24
Бақылау сабағы кезінде олардың сұраққа дұрыс жауап
беруін қадағалап отыру тәрбиешінің басты міндеті десек, бұл
жөнінде Е.И.Тихеева мынадай талаптар ұсынады.
1. Баяндау,әңгімелеу кезінде бала негізгі тақырыптан алшақ кет-
пеуге тиісті.
2. Сол түсіндірілген тақырып бойынша баланы қорытынды пі-
кірге жеткізуі керек.
3. Баяндау кезінде баланың ойын бөлмеу қажет. Кейбір ескерту
түзетулерді бала жауап беріп болғаннан кейін айтып түсіндіру
қажет.
4. Әңгімелесу кезінде балалардың өздері бір-біріне сұрақ қойып
дағдылануы керек.
5. Баяңдалатын оқиға баланың өзіне бұрыннан таныс болса тәр-
биешінің түсіндіруінсіз бала жауап беруі қажет.
6. Берілген жауаптарды бағалауға балалардың өздерін қатысты-
ру қажет.
Балаларды байланыстырып сөйлеуге үйретуде топсая-
хаттың алатын орны ерекше.
Балаларды қоршаған өмірдегі байланыстар мен қара-
пайым заңдылықтарды түсінуге қол жеткізу, жылдың және күн-
нің әр уақытында топсаяхатқа апару тәрбиешіден үлкен ше-
берлікті талап етеді.
Топсаяхатты ұйымдастырғанда төмендегідей танымдық
міндеттер қарастырылады:
-бақылаушылық пен қызығушылықты дамыту;
-табиғаттың объектілері мен құбылыстарына белсенді
және дұрыс қарым-қатынасты тәрбиелеу. Табиғатта болатын құ-
былыстардың бірізділігін, біртұтастығын аңғара білуге үйрету,
байланыстырып сөйлеу дағдыларын жетілдіру.
Баланың дамуы тек ұғым жиынтығын игерумен алға бас-
пайтыны жалпыға мәлім. Бала ақыл-ойының дамуы қабылдау-
дың
белсенді және шығармашылықпен
қайта өңдеуді талап етеді.
Бұлардың бәрінен сабаққа бақылауды әдіс ретінде қол-
дану, педагогиканың негізгі қағидасын орындауды оқыту (үйре-
ту) үрдісінде баланың белсенділігін талап етеді.
25
Танымдық белсенділік немесе білуге құмарлық – қор-
шаған дүниенің құбылыстары туралы білім алуға ұмтылушы-
лық. Танымдық белсенділік – баланың танымдық қызметінің
дамуы. Танымдық қызметті барынша жоғары деңгейге көтеру
үшін тәжірибе, бақылау, зерттеушілік әрекеттерін күшейту жағы
міндет ретінде қойылады.
Танымдық әрекеттерді ұйымдастырғанда қазірдің өзінде
бала бойында дамыған қажеттілікке, ең алдымен оның үлкен-
дермен қарым-қатынас жасауына сүйену керек.
Біз танымдық белсенділікті қалыптастыру үшін мына-
ларды орындауға тиіспіз:
- балада танымдық қажеттіліктің барынша жоғары дең-
гейінің мазмұнына жауап беретіндей затқа қарым-қатынас жа-
сауына;
- затпен емес, оның өзінің оймен реттелініп отыратын
балаға барынша іс-әрекетті жүзеге асыруға қажетті жағдайлар
жасауына.
Балаға тән ерекшелік өз кезегінде ойға оралған мәселені
сипаттаумен логикалық ойлауды қалыптастыратын танымдық
қызметке талпыну талабы болып табылады. Логикалық ойлауды
дамыту үшін баланың алдына қоршаған дүниедегі заттар мен
құбылыстарды тікелей қабылдау барысында алынған, әлі де
белгісіз, жаңаны білуге қажеттігі бар белгілі фактілерді талдауға
және жинақтауға мәжбүр ететін міндеттерді қою қажет. Бала-
лардың ойлауын дамытатын күшті құрал – қоршаған орта, яғни
табиғат және оның заттары мен құбылыстары болып табылады.
Бақылау жүргізу кезінде мектеп жасына дейінгі балалар-
дың логикалық ойлауын дамытуға көмектесетін түрлі тәсілдерді
(салыстыруларды) пайдалануға болады. Бақылау жүргізіп жат-
тыққан балалар салыстыру тәсілін де меңгере біледі. Салыстыру
көмегімен заттардағы және құбылыстардағы ұқсас және ерекше
белгілерді (мысалы, қыздыру және сүтті қайнату кезінде сұйық
заттың көлемінің ұлғаюы жөніндегі тәжірибе, оны балалардың
өздері де айтып береді), олардың елеулі, басты ерекшеліктерін
бөліп алуға, зерттелініп отырған объектілердің кейбір ортақ бел-
гілерін табуға үйренеді. Мысалы, буды суға айналдыру жөнін-
26
дегі тәжірибе және осы құбылысқа негізделген топырақта судың
болатынын дәлелдеу жөніндегі тәжірибе, т.б.
Табиғат құбылыстары мен заттары арасындағы байла-
ныстарды анықтау балалардың ойлау қызметінің белсенділігін
арттырады. Табиғаттағы өзара байланыстар туралы білімдерді
қалыптастырудың маңызды шарты – балаларда құбылыстарды
сезу және қабылдау нәтижесінде алынған мағлұматтардың бел-
гілі бір қорының болуы. Табиғатта бар өзара байланыстарды
белгілеу балаға бақылаған құбылысын түсіндіруге көмектеседі.
Адам өмірі үшін табиғаттың мәнін түсіну – оны қорғау, сақтау
қажеттігін түсіну болып табылатын қарым-қатынасты қалыптас-
тыру керек. Табиғат құбылыстарымен таныстыру үрдісі негізіне
баланың нақты заттармен әрекеті, табиғаттың құбылыстарына
педагог-тәрбиешінің басшылығымен жүргізілетін бақылаулар
жатады. Бала материалдық объектіні олардың қасиеттері мен қа-
рым-қатынастарын зерттей отырып, олармен үнемі бірлесе әре-
кет жасайтын болуы керек. Сонда табиғаттың белгілі бір және
басқа құбылыстары туралы білімдерді ол қызмет үрдісінде, яғни
ізденіс және ойлау үрдісінде алады. Балалардың білімі өзіндік
жаңалық ашу нәтижесіне сүйене алғанда ғана толық болады.
Мұндай ұғым жүйеге келтірілген сабақтар үрдісінде және бала-
лардың табиғат құбылыстарына сабақтан тыс кезде мақсатты-
лықпен жүргізген бақылауларына басшылық жасау барысында
жүзеге асады. Физикалық құбылыстармен таныстыру, көбінесе
тек баланың заттарды зерттеуі дәл мәліметтерге сүйену арқылы
жүргізілген кезде, яғни қарапайым физикалық эксперимент қою
кезінде барынша мол нәтиже береді. Мұндай эксперимент үрді-
сінде баланың назары зерттелініп отырған заттың физикалық
қасиетіне ерекше аударылады. Бұл тәрбиешінің нұсқауларын
мүлтіксіз орындау дағдысын алуға, білімдер мен біліктерді иге-
рудің жаңа құралдарын меңгеруге әкеледі. Эксперимент жүргізу
үрдісінде баланы құбылысқа өздігінен талдау жасауға, оның се-
бебін табуға және жеңіл-желпі қорытынды жасай білуге баулу-
дың маңызы ерекше. Жоғарыда көрсетілгеннен басқа, сабақ үр-
дісінде бала жүргізген эксперимент зерттелініп отырған құбы-
лыс немесе зат туралы барынша толық ақпарат беруге; әдеттегі
27
баяндау әдісі кезінде мектеп жасына дейінгілерге материалдың
көрнекілігі мен түсініктілігін арттыруға; таныстыру үрдісін ба-
рынша тиімді жасауға; мектеп жасына дейінгі балалардың таби-
ғи қызығушылығын барынша толық қанағаттандыруға мүмкін-
дік береді.
Ең алдымен балаларды қалай болғанда да, ұйымдаспаған
тәжірибе үрдісінде болашақта олардың игілігіне айналатын нақ-
ты шынайы деректермен таныстыру қажет. Мұндай жағдайда
алға қойылатын міндет – оларда дұрыс және мүмкіндігінше
объективті білім қалыптастыру керек. Таныстыру баланың нақ-
ты ықыласына негізделуі және ол үшін қызығушылығын арт-
тырып, ойын әдісін баса қолдану негізінде жүзеге асуы керек.
Әрине, баланы табиғатпен таныстырып, қоршаған орта әлеміне
ендіру теориялық қорытынды жасауды керек етпейді. Бірақ,
нақты заттармен, олардың ерекше қасиеттерімен таныстыру
олардың сезім мүшелеріне әсер етуді сезінуін жетілдіруді, сол
бойынша өздігінен ой қорытуларын жасауды керек етеді.
Іс-тәжірибе барысында практикант-студенттер сабақтар
өткізу кезінде көрсететін затты балалардың өздері сезінетіндей
жағдай жасайды. Сонда ғана балалар сұрақтарға жауап қайта-
рып, өздігінен жасаған тәжірибелеріне сүйеніп, байқаған қасиет-
терінің дұрыстығына көздерін жеткізеді.
Мәселен, ауаның қасиеттерімен таныстыру төрт сабақ
барысында жүргізілді.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті тақырыбы: “Ауа”.
Сабақтың мақсаты: Ауаны сезінудің әдісін үйрету және
оның барлық жерде болатындығын дәлелдеу (ауа банканың, шы-
нының, стаканның, доптың ішінде, т.б.). керек.
– Ауа тек сыртта және бөлмеде ғана емес, сондай-ақ, то-
пырақта, суда, қантта т.б. болатындығын көрсету.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті тақырыбы: “Ауаның
қысымы”, “Ауаның салмағы”.
Сабақтың мақсаты: - Ауаны қысуға болатынын, ауада
салмақ барын көрсету керек.
– Ауаның серпімділігін, жеңілдігін дәлелдеу, ол үшін
допты, шарды үрлеп көрсету, доптың секіруі, ауа толған
28
шардың, доптың суға батпайтындығын тәжірибе жүзінде бақы-
лау, дәлелдеу керек.
– Ауаның қасиеттерін адам өмірінде және өндірісте пай-
даланудың маңызы. Ол үшін топырақпен, сумен тәжірибе жасау
керек.
Мұндай сабақтарды ұйымдастыру кезінде ауа туралы
ғылыми дұрыс ұғымдардың қалыптасуына баланың затты көріп
қана қоймай, онымен тәжірибе жүзінде танысуы қамтамасыз еті-
леді. Сол себепті әр сабақтың негізгі мақсатын жүзеге асыру ба-
рысында тәжірибе жасау оның нәтижелерін қорытып, ұғымда-
рын ретке келтіру жағына баса көңіл бөлінеді. Қоршаған дүние-
ні дұрыс түсіну үшін балаға қолайлы жағдайлар жасалынады.
Олардың тәжірибе жасауы жаңа ұғымдар қалыптастырудың
бірден-бір бастау бұлағы болады.
Табиғат құбылыстармен таныстыру арқылы балалар-
дың байланыстырып сөйлеуін қалыптастырудың келесі тиімді
әдісі проблемалық оқыту екенін ескере отырып, эксперимент
жұмысы барысында польшалық дидакт В.Оконь “Проблемалық
оқыту” дегенді былай деп сипаттайды: “біз бұны мынадай әре-
кеттердің жиынтығы деп түсінеміз олар: проблемалық ситуа-
цияларды ұйымдастыруға, проблемаларды тұжырымды етіп ай-
туға (бұған балалардың өзі бірте-бірте үйренеді), проблемалар-
ды шешуде балаларға қажетті көмек көрсетуге, бұл шешімдерді
тексеруге, алынған білімнің жүйелену процесі мен бекітілуіне
басшылық жасалынады”.
Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті кезінде бала ойын өр-
біту мақсатымен
үнемі проблемалық жағдаяттарға сүйеніп отыр-
ған дұрыс. Бұл жағдайды олар өздерінде бұрыннан бар ұғымда-
рына әлі таныс емес құбылыстар мен заттарды, олардың ерекше-
ліктерін нақты қалпында қабылдайды. Мұндай жағдайда
баланың алғашқы реакциясы – таңғалу. Таңғалу қызығушылық-
қа, қызығушылық танымдық құмарлыққа, білгісі келу алға қой-
ған міндетті шешуге даяр болуға ұласады. Бала бұған дейін
оған әдеттегі болып көрінген нәрседен ерекшелік тапты. Таныс,
талай рет көрген құбылыстардан ол күтпеген және оғаш жай-
ларды аңғарады. Оның бойында осы бір таңқаларлық жайды
29
тануға деген ынта пайда болады. Сөйтіп, баланың таңырқауы та-
нымның бастамасы қызметін атқарды, оның белсенді ой қызме-
тіне жағдай жасады. Бұл сияқты сабақтарда мектеп жасына
дейінгілер сырттай қараудан абстракты ойлауға дейінгі жолдан
өтті. Бұл сабақтар шынайы өмірде қоршаған заттар мен құбы-
лыстар арасында бар қарым-қатынастарды абстракциялау қабі-
летін дамытуға, олардың мәнін анықтауға айтарлықтай көмекте-
седі. Сонымен бірге бала білімді дайын факті түрінде емес, қыз-
мет, іс-әрекет үрдісінде қол жеткізген нәтиже ретінде алып, өз
ойларын жүйелі түрде баяндап әңгімелеп бере біледі.
Мұндай эксперимент балаға тек жаңа білімді хабарлау
кезінде ғана емес, бұрынғы білімдерін тұжырымдау барысында
да қолданылады. Осының нәтижесінде бұрын бала ескермеген
заттың жаңа қасиеттері ендігі жерде ол үшін бірінші қатарға
шығады. Бала әрбір құбылысты көрінекілік арқылы ажыратып,
белгілерін анықтай алады. Мұндай жағдайда баланың ойлау
қабілетінің қалыптасуы артады. Ұйымдастырылған оқу іс- әре-
кеті барысында төмендегідей проблемалық жағдайларды пайда-
лануға болады.
- Қыста қармен ойнаған Ербол көктемнің келгеніне
қуанған жоқ. Қардың ерігенін көріп, қарды ыдысқа салып үйге
таси бастады. Ыдыстағы қар суға айналды. Мұны көрген Ербол
не істерін білмей састы. Қар неге еріді? Суды қыздырғанда нені
байқадыңдар?
- Жаңбыр жауып болған соң сендер серуенге шықтың-
дар. Айнала су, сазды жер балшық, ал құмды жер құрғақтау.
Ойынға қандай жерді таңдар едіңдер? Неге? Сазды жер неге
балшық? Құмды жерге жауған жаңбыр суы қайда кетті?
Далада аяз, жер
көктайғақ. Ақан сыртқа
шығып құлап,
қо-
лын ауыртып алды. Ақан неге құлады? Мұздың басты қасиетін айт?
- Аулаға достарыңмен ойнауға шығып, құмнан әдемі
“Қалашық” жасап тұрғыздыңдар. Көшелер жасап, онымен ма-
шиналар жүргіздіңдер. Біреуің шофер, біреуің сатушы болдың-
дар. Ойынның қызығына кірісіп кетіп, күннің бұлттанғанын бай-
қамадыңдар. Күн бұлттанған соң, арты бұзылады. “Қалашық”
аман тұруды ойладыңдар. Не істейсіңдер?
30
- Таңертеңгі тамағын ішіп болған Асқар ойынға қажетті
құм салған шелегін, кішкене күрекшесін алып есіктің алдына
шықты. Күн енді ғана төбеге көтеріліп келеді екен. Шелегіндегі
суды құмға және екінші жердегі сазға құйды. Су топырақ бетін-
де тұрып алды, ал құм бетіне құйылған су тез сіңіп кетті. Асқар
ойынның қызығына түсіп кетті. Құмнан әдемі етіп, үй тұрғызды,
үсті құм болды, оны қағып жіберіп еді, құм тез көйлегіне жа-
быспай түсіп қалды. Құмдағы ойыннан жалыққан соң топыраққа
су құйып, ойынға кірісті. Аз уақыт өте қойған жоқ, үсті лай бо-
лып былғанды. Қаға қойып еді, кетіре алмады. Одан сайын лас-
танды. Асқар не істерін білмеді. Сендер не істер едіңдер? Неге
топырақ лайланады? Құм неге лайланбайды?
Мұндай сұрақтар мен тапсырмалардың шешімін өздігі-
нен табу кезінде балалардың көпшілігі қате пікірлер айтуы мүм-
кін. Тәрбиешінің өздігінен шешуі үшін баланың бұл туралы бұ-
рыннан алған түсініктері болу керек. Әдейі ұйымдастырылған
жағдаятын мектеп жасына дейінгілер өздігінен ізденіс жүргізу
барысында шешуіне мүмкіндік берілуі қажет.
Табиғат құбылыстарының заңдылықтары мен өзара бай-
ланыстарын айқындау баланың ақыл ойын дамытуға үлкен мүм-
кіндік береді. Баланың табиғат құбылысының мәнін түсінуі тек
қана ол туралы білімді меңгеру үрдісі емес, оның ойлағыштық
қызметінің жолдарын дамыту, сонымен қатар, бұл -жеке бастың
белгілі бір сапаларын қалыптастырудың күрделі үлестері, пси-
хикалық дамудың үрдістері әрі оның сезімдерін байыту, бала-
ның рухани дүниесін қалыптастыру және қызығушылығын арт-
тыру, байланыстырып сөйлеуге үйрету болып табылады.
Даярлық тобында балаларды өлі табиғат заттарымен: су-
мен, оның күйінің өзгеруімен (қату, қар және мұздың еруі, буға
айналуы); қатты денелермен (құм, саз, тас); олардың қасиеттері-
мен; ауамен, оның қозғалысымен; желдің бағытымен және күші-
мен; электрлік және жарықтық құбылыстарымен (электр тоғы-
ның, кемпірқосақтың жасалуы, түрлі-түсті жолақтардың үлгісі
мен орналасуы); магнитпен және оның қасиеттерімен танысты-
руға болады.
31
Табиғаттың құбылыстарымен таныстыру барысындағы
сабақтарды өткізгенде зерттелетін заттар мен құбылыстардың
балаларға көрінетін және оның сезілетін болуы, балалар зертте-
лініп отырған әрекетте болуы немесе зерттелініп отырған құбы-
лысты бақылауы керек. Сонымен бірге баланың байқап көру
әрекеті өріс алады, бұл әрекеттерге жасалынатын талдау жетіл-
діріледі, баланың өзіндік қызметі, тілі дамиды. Балалардың бай-
ланыстырып сөйлеуін қалыптастыруда модульдік тапсырмалар
орындатудың маңызы зор.
Модуль – латынша
термин,ол“өлшем”,“шама”,“мөлшер”
деген мағынаны білдіреді.
Ғалым З.Б.Бейсембаева: “Модуль – іріленген мазмұнды
дидактикалық бірлік” деп қарастырады да, “онда әр модуль ма-
териалды графикалық түсіндіріп, мәліметтермен қамтамасыз
етіп, білімнің мазмұнын ашатын әдістермен сипатталады” деп
қорытынды жасайды. Сондықтан біз модульді әдіс ретінде қа-
растырдық.
Балалардың өздерінің ой қорытындысы, кезектегі әңгі-
мелер, тәрбиешінің қорытындылары, балалардың құбылысты
сипаттап айтуы – сирек те болса сурет түрінде тәжірибелер нә-
тижелерін белгіліп отыруы қажет. Балаларда өлі табиғат құбы-
лыстары туралы дұрыс ұғымдар қалыптастыру үшін модульдік
тапсырмалар әзірлеуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |