13
рақтар қойып өз ойын айқындауға тырысады. Сұрақтарға жауап
алу барысында олардың ойлау қабілеті дамиды. Ойдың жемісі –
сөз. Бала сөз арқылы өз ойын сыртқа шығарады. Тіл мен ой ты-
ғыз бірлікте болғандықтан, байланыстырып сөйлеуді дұрыс қа-
лыптастыру арқылы ойлауды да жетілдіруге мүмкіндік туады.
Тілі дұрыс қалыптасқан бала басқаның да ойын тез түсініп, өз
ойын да жүйелі жеткізе алады. Сонымен қатар тіл мен ойлау
бір-бірімен байланыста екенін ұғады. Тілсіз ойлаудың болмай-
тынына, әрбір ой
тіл арқылы ғана көрінетініне, яғни сөйлеуді
ойлаудан бөліп алудың мүмкін еместігіне көз жеткіземіз.
Зерттеуші-ғалым, профессор Х. Досмұхамедов тіл, сөй-
леу адам психологиясының басты белгілерінің бірі екендігін
айта келіп: “Тіл – жұрттың жаны. Өз тілін өзі білмеген ел бол-
майды. Тілінен айырылған жұрт – жойылған жұрт…
Ана тілін
білмей тұрып, бөтенше жақсы сөйлесең, ол – күйініш. Ана тілін
жақсы біліп тұрып, бөтенше жақсы сөйлеу бұл – сүйініш” деп
жасаған тұжырымы бүгінгі заман талабымен үндесіп жатқанын
көреміз.
Бала тәрбиесіндегі тіл мәніне ерекше көңіл бөлген ұлы
чех педагогы Я.А.Коменский: “Бала тілін мектепке дейінгі сәт-
тен бастап дамытпай, жеке адам тәрбиелей алмаймыз”деген тұ-
жырым жасады. Ол өзінің баршаға танымал “Аналар мектебі”
еңбегінде: “Сөз әр заттың мәнін бейнелейді, сөзді түсінбес бұ-
рын заттың мәнін түсінуі керек, сөз заттардың жеке белгілерін
түсінуі барысында сыртқа шығады” деген ойы бүгінгі
таңда өз
мәнін сақтауда.
Ал Н.Құлжанова мектепке дейінгі тәрбие мәселесін зерт-
тей келіп, баланың нені үйренуі керектігіне тоқтала келіп:
- сөйлеу, яғни сөз бен сөзді байланыстырып, өзінің ойын,
талабын, көңіл сезімдерін басқаға жеткізу;
- ойлай білу сырттан алып,
ойға тоқыған заттарды салыс-
тырып, ұқсастығы мен айырмашылығын тауып, әр нәрсе туралы
өзінің ойын айтып, бір пікір шығару;
- ойға тоқығанды және оған деген көзқарасын жарыққа
шығару (ойын, сурет, әңгіме арқылы);
14
- балаға сусындай керегінің бірі – сөйлеу. Түрлі білімнің
түбірі, негізгі баланың сөйлеуі, білуге құмарлығы деп тұжырым-
даған.
Баланың ойлау әрекеті үнемі дамып, мазмұны жағынан
өрістеуі олардың түрлі іс-әрекеттерінің нәтижесінде жүзеге аса-
ды. Мұндай ерекшеліктер баланы әрбір нәрсені алдын-ала көріп,
оларды қайта жасауға және сипаттап айтып беруге мүмкіндік
береді. Бала алдына сол нәрселердің мәнін танып білуді арнайы
міндет етіп қояды. Байқалған құбылыстарды анықтап түсінік бе-
ріп, оған жауап іздестіреді.
Мектеп жасына дейінгі балалардың тағы бір ерекшелігі –
олар өздерін қызықтырған мәселелердің мәнін түсінулері үшін
өздерінше тәжірибелер жасауға қызығады.
Сөйтіп құбылыстар
мен заттарды бақылап көріп, оларға талдау жасайды, өздерінше
қорытындылар жасап әңгімелеуге ұмтылады. Мұндай әрекет-
тердің бәрі әңгімелеу барысында баланың ойлау тәсілдерін да-
мыта түсінуіне серік тудырып, дүние танымның өрістеуіне жол
ашады.
Ең басты – ойлау әрекетімен тығыз байланысты дамып
отыратын тілді, оның құрылымын меңгереді. Бала ақыл-ойының
деңгейі, тек білім көлемімен ғана емес, сонымен бірге оның өсіп
жетілуінде оған әлі де беймәлім білімдер жүйесін қалыптасты-
рып отыру деңгейінен анықталады.
Осы бағытта баланың өзін-
дік қабылдауына, әңгімелеуіне қиын тиіп, ой-өрісі жете бермей-
тін құбылыстарды кездестіргенде үлкендерге неге?, не үшін?,
неліктен?, ол қалай? деген сұрақтарды жиі қояды. Ересектерге
қойылатын мұндай сұрақтар баланың танымдық әрекеттерін да-
мытып, қоршаған ортасы жайлы білімдері мен мағлұматтарын,
дұрыс әңгімелеп берулерін жетілдіруге жетелейді.
Тіл мен ой әлемі бір тұтас байланыстырып сөйлеуде ба-
ланың логикалық ойы, түсінген нәрсені дұрыс ұғынып, басқала-
раға да түсіндіріп айта алуы көрініс табады. Баланың сөзіне қа-
рап оның ойлау қабілеті мен тілінің дамуы туралы қорытынды
жасау мүмкіндігі туады.