Мектеп жасына дейінгі балаларды байланыстырып сөйлеуге үйрету – тіл дамытудың басты міндеті



Pdf көрінісі
бет7/40
Дата27.06.2023
өлшемі0,67 Mb.
#103598
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   40
Байланысты:
Метербаева к. М

Найзағай 
Білім: найзағай көктемде, жазда және күзде болады. 
Найзағай болған кезде аспан күңгірттенеді, бұлттар пайда бо-
лады. Күннің көзі көрінбейді. Аспанда найзағай жарқылдайды. 
Найзағайдан кейін күн күркірейді. Найзағай соңы жаңбырға ұла-
сады, кейде селге айналады. Жазғы уақытта кейде найзағай ал-
дында күн қатты ысиды, күшті тымырсық болып, ауада қапырық 
пайда болады. Халықта мынадай мәтел бар: найзағай боларда 
тауық пен үйрек қауырсынын тазалайды. 


21 
Найзағай кезіндегі сақтану ережелері: найзағай жа-
қындаған кезде бәрінен дұрысы үйде болу, есік, терезелерді жа-
уып 
қою. Найзағай басылғанға
дейін көшеге шықпаған жөн. Най-
зағай кезінде металл 
заттардың астына (машинаның
) жасыры
ну-ға 
болмайды. Ол жерлерде
жай түсуі (найзағай) ықтимал. Найза-
ғайдан қорқуға болмайды, бірақ өзіңді дұрыс ұстай білуің керек. 
Көктайғақ (Көк мұз) 
Білім: көктайғақ жылдың суық кезінде, әсіресе қыста 
болады. Жылы, шуақты күндері жолдардағы қар ериді, ал түнде 
ол еріген су қатады да мұз болады. Жаяу және көлік жүретін 
жолдар қатып, тайғақ болады. 
Сақтану ережелері: 
Көліктің алдынан жүгіріп өтуге болмайды. Көктайғақ 
кезде жүргізушіге машинаны оқыс тежеу және тоқтату өте 
қиын. Мұзда машинаның доңғалақтары сырғанап, оқыс тежеген 
кезде аударылып қалуы мүмкін. Осындайда жаяу адамды басып 
кетуі немесе апат жасауы мүмкін. Жүретін жолда шаңғымен 
жүруге және шанамен сырғанауға болмайды. Жаяу адам жүретін 
жолмен жүргенде өте сақ (абай) болу керек. Жолдарды тазалау, 
оған құм, арнайы тұз немесе ағаштың күлін себу қажет. Көк-
тайғақ болған кезде кішкентай балалар мен қарттардың көшеден 
өтуіне көмектесу керек. 
Қарлы боран 
Білім: қарлы боран қыста болады. Ол кезде жел кү-
шейеді, күн суытады, қар қалың түседі. Қарлы боран жолдың бә-
рін жауып тастайды, жүру өте қиын болады. Қар көзге жабысып, 
айнала қараңғы болады. Мұндай ауа райы кезінде жол табу өте 
қиын, оттар да көрінбейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет