«Мектеп жасына дейінгі балалардың ойын іс-әрекетінде көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру»


* ойындағы жағдайдың кенеттен болуы, өзгергіштігі, ойыншылардан жылдамдық реакция, бастама, шығармашылық



бет11/13
Дата22.10.2022
өлшемі182,95 Kb.
#44889
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
Жоба

* ойындағы жағдайдың кенеттен болуы, өзгергіштігі, ойыншылардан жылдамдық реакция, бастама, шығармашылық;

* толық күш жұмылдыруды талап ететін және ойынның эмоциялық әсерін арттыратын ойындағы жарыс элементтері;

* ойынның «қақтығыстарын» шешуде қарама-қарсы қызығушылықтар жоғары эмоциялық тонусты тудырады.

Осындай шығармашылық ойындарды өткізу кезінде біз мақтау, мадақтау әдістерін белсенді пайдаландық. Осы жұмыстың нәтижесінде балалардың сабақта және еркін іс-әрекетте белсенділігінің артуы, жағымды мотивацияның пайда болуы, шығармашылық тұлғаның дамуына деген сенімділік сезімдері байқалды.

Эксперименттің соңғы кезеңінде біз эксперименттік топтың балаларына «Ақсерек пен көксерек» ойынын енгіздік және осы ойынның жаңа нұсқаларын ойлап табуды ұсындық.


Зерттелетін топтың балалары ешқандай қиындықсыз осы ойынның бірнеше нұсқасын ұсына алды. Осылайша, балалармен мұндай жұмыс құнды, өйткені ол эмоционалды әл-ауқат үшін жағдай жасайды, психикалық қасиеттердің, әсіресе шығармашылық тұлғаның дамуына үлкен әсер етеді. Балалардың ойындарында бір-бірінің іс-әрекеттеріне еліктеудің маңызды элементі байқалды. Бір баланың кез-келген әрекетті бастаған кезде оған бірден бірнеше «еліктегіштер» еліктей бастайды.
Мысалы, эксперименттің бастапқы кезеңінде, «Тыйым салынған қозғалыс» қимылды ойыны күрделене түскеннен кейін, балалардың өздері жетекші болған кезде, олар тек тәрбиешімен бірдей қимылдарды көрсетті.
Ойынға ересектерге еліктеу қиялдың жұмысымен байланысты. Бала шындықты көшірмей, өмірдің әртүрлі әсерлерін жеке тәжірибемен байланыстырады. Эксперименттің қорытынды кезеңінде – балалар дененіңәр түрлі бөліктерін қатстырып қозғалыстарды өз ойларынан шығарыды да қосымша құрал-жабдықтарды пайдаланды (доптар, гимнастикалық таяқтар, шеңбер).
Балалар шығармашылығы ойынды түрлендіріп ойлап тауып жүзеге асыруды көрінеді. Қай сапарға бару, қай кемені немесе ұшақты салу, қандай жабдықты дайындау керектігін шешу үшін қанша қиялдың дамығаны қажет. Ойын барысында балалар бір уақытта драматургтер, бутафорлар, декораторлар, актерлер ретінде өнер көрсетеді. Алайда, олар өз жоспарларын жүзеге асырмайды, актерлер сияқты рөлге ұзақ уақыт дайындалмайды. Балалар өздері үшін ойнайды, өздерінің армандары мен ұмтылыстарын, ойлары мен сезімдерін білдіреді. Сондықтан ойын әрқашан импровизация болып табылады. Эксперимент нәтижесінде шығармашылық қабілеттердің дамуы сенімді түрде анықталды, бұл біздің ойымызша балалардың даралығын дамыту үшін арнайы таңдалған ойындардың мақсатты қолданылуына байланысты, оған көшбасшылық қасиеттер де кіреді.
Пайдаланылған қимылды ойындардың тізімі мен мазмұнын біз әдебиеттер тізімінде көрсетілген қимылды ойындар жиынтығынан алдық. Мысалы, «Ақсерек пен көксерек» атты ойыны. Бұл ойын –қазақтың ұлттық ойындар жинағынан алынды.
Ойынның шарты бойынша екі топ бір-бірінен алысырақ шамамен 15 қадам жерде қол ұстасып тұрады. Бірінші топтың балалары екінші топқа «ақсерек-ау, ақ серек, бізден сізге кім керек?»- деп айтады. Сол кезде қарама-қарсы тұрған топ басшысы өздеріне керекті қарсыластарының арасынан біреуінің атын атайды.Ақсерек-ау, ақ серек, сізден бізге Марат керек. Аты аталған ойыншы, бар пәрменімен жүгіріп қол ұстасып қатар тұрған қарсы топтың екі ойыншысының ұстасып тұрған қолын үзіп өте шығуға әрекет етеді. Ал қарсылыстары қолдарын мықты ұстап, үздірмеуге тырысады. Егер жүгіріп келген адам қарсыластарының қолдарын үзіп кетсе сол топтан, басшысынан басқа бір ойыншыны өзімен бірге алып кетеді. Қол ұстасып тұрған қатарды үзіп өте алмай қалса, онда сол топта өзі қалып қояды.
Осы ойынға балалардың ұсынған нұсқалары:

  1. Аты аталған бала жүгіріп келіп шеңберді артынан үзіп өте шығуға әрекет етуге болады;

  2. Егерде жүгіріп келген бала шеңберді үзе алмаса айыбына өлең айтып сол топта қалады;

  3. Егерде жүгіріп келген бала шеңберді үзе алмаса ойыннан шығып кетеді;

  4. Егерде жүгіріп келген бала шеңберді үзе алмаса айыбы ретінде бір аяқпен 10 рет секіреді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет