тапсырманы орындау барысында аяқталмай тұрған жазуды толықтырады.
тапсырмада сызбаны пайдаланып, есепті шешу үдерісінің әр кезеңі: оқу, сұрақ пен шартты ажырату, амал таңдау, шешуін, жауабын жазу және оны тексеруге сәйкес іс-әрекет орындау дағдысына машықтанады.
тапсырмада тиісті амалдар таңбасы мен белгісіз сандарды табады.
8. а) және ә) тапсырмалары ойнай отырып ойлануды қажет етеді.
а) Ағам екеуіміз ойыншық балықтар ауладық. Ағам 3 балықтан аулағанда, мен 2 балықтан ауладым.
Егер барлығы 15 балық болса, онда әрқайсысымыз неше балық ауладық?
Жауабы:
Ағасы: 3 + 3 + 3 = 9 (балық).
Інісі: 2 + 2 + 2 = 6 (балық).
9 + 5 = 15 (Екеуі бірігіп аулаған балық саны.) ә) Тапсырма. Аулада 16 бала ойнап жүрді. Бес баладан басқасы үйлеріне кетті. Неше бала үйлеріне кетті?
Жауабы: 16 – 5 = 11 (б.)
7-тапсырма. Үй тапсырмасы жүзеге асырылады, туындаған қиындықтар болса, түзету жұмыстары орындалады.
|
3-тапсырмада жаңа білімін қолдана отырып, есептеудің тиімді тәсілін таңдайды.
Жаңа білімді бекітуге ұсынылған 4-тапсырмада аяқталмаған жазуды толықтырады.
тапсырмада сызбаны пайдаланып, есепті шешу үдерісінің әр кезеңін орындайды.
тапсырмада тиісті амалдар таңбасы мен белгісіз сандарды табады.
8-тапсырма. Шығармашылық тапсырманы орындайды.
Математикалық логиканы дамытуға берілген.
7-тапсырмада есептеу тәсілдерін түсіндіре отырып шығарады.
|
3-тапсырма.
Критерий:
100 көлеміндегі сандарды ондықтан аттап қосу мен азайтудың ауызша
тәсілдерін біледі.
Дескриптор:
68 + 4 өрнегінің мәнін тиімді тәсілмен есептейді;
72 – 57 өрнегінің мәнін тиімді тәсілмен есептейді;
92 – 7 өрнегінің мәнін тиімді тәсілмен есептейді;
38 + 54 өрнегінің мәнін тиімді тәсілмен есептейді.
Үй тапсырмасы. Есептеу тәсілдерін түсіндіре отырып,
86 + 8, 56 + 27, 82 – 6,
94 – 65 өрнектерінің мәнін есептейді.
|