Үйтапсырмасы. Қандай үйде тұрғың келеді? Әңгімеле.
Рефлексия.«Плюс,минус,қызықты»әдісі «Плюс» – оң әсер еткен фактілерді, алған білімдері жайлы айтады.
«Минус» – «қолымнан келмей жатыр» немесе «түсініксіз болып тұр» деген ойларын айтады.
«Қызықты» – өздеріне не қызықты болды немесе не жайында көбірек білгісі келетінін айтады.
Кері байланыс
Мектеп
Малайсары батыр ат. ЖОББМ
Педагогтіңаты-жөні
Абильдинова А.Ж.
Пән
Қазақ тілі
Бөлім:
Өзімтуралы
Күні:
29.12
Сынып: 2А
Қатысушылар саны:
Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы
17-сабақ. Өзіңдітексер
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары
2.1.1.1 тыңдаған материал бойынша түсінбеген сөздерін белгілеу, мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру;
2.1.3.1 күнделікті өмірде кездесетін жағдаяттарға байланысты сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатысу;
2.3.1.1 мұғалім көмегімен жеке сурет/сюжетті суреттер арқылы шағын сипаттау/әңгімелеу мәтіндерін құрап жазу;
2.4.1.2 у,и,йәріптерінің емлесін сақтап жазу;
2.4.1.1 я,юәріптерінің емлесін сақтап жазу
Сабақтың мақсаты
- Оқыған мәтін мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді. Түсінбеген сөздерді белгілейді, түсіндіреді. Жеке суреттердің көмегімен әңгіме құрастырады.
- Күнделікті өмірде кездесетін жағдаяттарға байланысты сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатысады. Ю әрпінің емлесін сақтап жазады. Жіберілген қателерді тауып, түзетеді.
Сабақтың кезеңі/уақыт
Педагогтіңәрекеті
Оқушыныңәрекеті
Бағалау
Ресурстар
Басы (5 мин)
Психологиялық жағымды ахуал орнату. (Ұ) Ұйымдастыру кезеңі Біз балдырған баламыз, Құстай қанат қағамыз. Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз.
Сергіту жаттығуы әрі ынтымақтастық қарым-қатынас ретінде дайындық жасалады.
Оқушылар қимыл-қозғалыс жасай отырып, өздерінің көңіл күйлерін көтереді.
Ортасы (35 мин)
1-жаттығу. Оқушылар QR-код арқылы мәтінді тыңдайды. Негізгі ойды анықтап, мәтінге ат қою тапсырылады. Мәтіннен түсініксіз сөздерді тауып жазады.
«Сұрақтарқоржыны»ойыны бойынша оқулықта берілген сұрақтарға жұппен ауызша жауап береді. Барлық айтқан ойлардан қорытынды шығарылады.
Сызбамен жұмыс жасайды. Сызбадан хабар жүргізуші мен Мерейдің сөйлеу әрекетінің қай түрін қолданғанын анықтайды.
Дәптерменжұмыс жаттығу. Суреттердің көмегімен сөйлемді аяқтап жазады. Жазған сөздерінен 3 дыбыс, 4 әріптен тұратын сөзді тауып, астын сызады.
жаттығу. Ертегіні парталасымен рөлге бөліп оқу тапсырылады. «Ой толғаныс» стратегиясы бойынша топта оқығанының диалог екенін дәлелдейді. Әңгімелесуге қандай ертегі кейіпкерлері қатысқанын айтады. Мұғалім оқулықтағы суреттерге оқушылардың назарын аударып, көжектің көңіл күйін білдіретін суретті табады.
Ертегіге ат қою тапсырылады.
4-жаттығу. Оқушылардың суреттердің көмегі- мен диалог құрастырып жазуына басшылық жасалады. Алдымен сюжетті суреттерге назар аудартып, қай суретпен диалог құрастыруға болатыны анықталады. Дәлелдер келтіріледі.
Парталасымен бірігіп диалог құрастырып жазуына ықпал етіледі. Қоян, аю, тиін сөздеріне дыбыстық талдау жасайды.
Оқушылардың рефлексиялық қабілетін дамыту мақсатында «Қолбелгісі»әдісі арқылы ұжыммен жұмыс ұйымдастырылады. Ол үшін мұғалім оқушылардан сурет бойынша диалог құрастыруды түсінгендігін немесе түсінбегендігін қол белгілері арқылы көрсетуді сұрайды.
Дескриптор:
суреттердің көмегімен диалогті ауызша құрастырып айтады;
күнделікті өмірде кездесетін жағдаяттарға байланысты сөйлеу мәдениетін сақтайды;