АТО
«Ақпараттық-талдау орталығы» акционерлік қоғамы
АКТ
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
IEA
Оқу жетістіктерінің сапасын бағалау жөніндегі халықаралық қауымдастық
ХВҚ
Халықаралық валюта қоры
ҚМ
Қаржы министрлігі
ОШСА
Орталық Шығыс және Солтүстік Африка
ҰБСБО
Ұлттық білім беру статистикасы және бағалау орталығы
БАҰО
Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы
ҮЕҰ
Үкіметтік емес ұйымдар
НЗМ
Назарбаев Зияткерлік Мектептері
ЭЫДҰ
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы
PIRLS
Мәтінді оқу және түсіну сапасын бағалау халықаралық зерттеуі
PISA
ЭЫДҰ оқушылардың білім жетістіктерін бағалау жөніндегі
халықаралық бағдарлама
БДМБ
Қазақстан Республикасының білім беру саласын дамытудың 2011-2020 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарлама
TIMSS
IEA Математикалық және жаратылыстану-ғылыми білім беру сапасын
халықаралық салыстырмалы мониторингтік зерттеу
ҰБТ
Ұлттық бірыңғай тестілеу
СҚП
Сатып алу қабілетінің паритеті
SABER
Білім беру нәтижелерін жақсартудың жүйелі тәсілі
ОШЕ/ТМД
Орталық және шығыс Еуропа және Тәуелсіз мемлекеттер достастығы
STEM
Ғылым, технологиялар, инженерия және математика
TALIS
Оқытушы корпусын халықаралық зерттеу
ДНТ
Дамудың нысаналы трансферттері
ЮНЕСКО
Білім, ғылым және мәдениет мәселелері бойынша бірікке ұлттар ұйымы
ЮНИСЕФ
БҰҰ Балалар қоры
ДСҰ
Дүниежүзілік сауда ұйымы
ТЖКБ
Техникалық және кәсіптік білім
9
ГЛОССАРИЙ
Жалпы білім беру мектебі – білім алушылар мен тәрбиеленушілердің бастауыш, негізгі
орта және жалпы орта білім беру оқу бағдарламаларын, сондай-ақ қосымша білім беру
оқу бағдарламаларын іске оқу орны. Қазақстанда мектептегі білім беру «орта» білім (1-11
сыныптар) түсінігімен де анықталады.
Шағын жинақталған мектептер – шағын жинақталған мектеп – шағын білім алушылар
құрамы, біріктірілген жиынтық-сыныптар және оқу сабақтарын ұйымдастырудың ерекше
нысаны бар жалпы білім беру мектебі.
Білім берудегі әділдік – білім берудегі риясыздық және инклюзивтілік дәрежесіне
жатады. Инклюзивтік тұрғысынан алғандағы әділдік дегеніміз, барлық оқушылардың кем
дегенде, дағдының ең төменгі деңгейіне қол жеткізуін қамтамасыз етуді білдіреді.
Риясыздық тұрғысынан алғандағы әділдік дегеніміз, бұл жыныстық, этникалық
қатыстылық, отбасындағы жағдай сияқты жеке немесе әлеуметтік-экономикалық
жағдайлар білім берудегі табыстарға кедергі болмайтынын білдіреді. Әділ білім беру
жүйелері риясыз және инклюзивті және формалды немесе формалды емес кедергілер
жасамай және сенімдерді төмендетпей, оқушылардың оқу әлеуетін жүзеге асыруда
оларды қолдайды.
Нашар – ЭЫДҰ елдерінде нашар мектептердің бірыңғай анықтамасы жоқ. Әдетте, бұл
нашар оқушылар үлесінің көптігімен сипатталатын мектептерді білдіреді. PISA
(Оқушылардың білім алу жетістіктерін бағалау жөніндегі халықаралық бағдарлама)
зерттеулерінде нашар мектептердің келесі анықтамалары пайдаланылады: оқушылардың
орташа әлеуметтік-экономикалық деңгейі ел бойынша орташа көрсеткіштен төмен
мектептер. Оқушылар олардың жеке немесе әлеуметтін жағдайлары негізінде, мысалы,
этникалық қатыстылығы және отбасының әлеуметік-экономикалық жағдайы бойынша
нашар болып саналады.
Тиімділігі аз – оқушылар құрамының әлеуметтік-экономикалық жағдайының деңгейі
сияқты сыртқы факторларды ескере отырып, оқушылардың оқу нәтижелерінің жеткілікті
деңгейлеріне жетпеген мектептерге қатысты болады. PISA-дан 2-деңгейден төмен балл
алған оқушылар негізгі дағдылардың болмауынан «тиімділігі аз» санаттарға жатқызылуы
мүмкін.
Мемлекеттік қосалқы ұлттық органдар – мемлекеттік басқарудың өңірлік (облыстық)
органдарын және мемлекеттік басқарудың жергілікті(аудандық) органдарын қамтиды.
10
ТҮЙІНДЕМЕ
Қазақстанда мектептегі білім беру жүйесі едәуір жетістіктерге қол жеткізді. Бастауыш, негізгі
және орта біліммен жүз пайыз қамту қамтамасыз етілген, бірақ қабылданған оқушылардың
санында географиялық орналасқан жері, әлеуметтік-экономикалық мәртебесі мен жынысы
бойынша айырмашылықтар байқалады. Елде білім алудың жалпы деңгейінің жоғары болуына
қарамастан, 2012 PISA 15 жастағы қатысушыларының нәтижелері оқыту сапасын жақсарту
қажеттілігін көрсетеді. Математика бойынша қазақстандық оқушылар ЭЫДҰ елдеріндегі
өздерінің құрдастарынан орта есеппен 2 жылға артта қалуда және оқушылардың шамамен 45%-ға
жуығы сауаттылықтың бастапқы деңгейіне жетпеген, бұл орта есеппен ЭЫДҰ қарағанда едәуір
жоғары (23%). Оқыту тілі, мектептердің орналасқан жері және оқушылар мен мектептердің
әлеуметтік-экономикалық жағдайы оқушылардың жетістіктерінде рөл атқарады. Ұлттық және
халықаралық бағалар да қалалық және ауылдық мектептердің оқушылары арасындағы едәуір
айырмашылықтарды көрсетеді.
Қазақстан білім беру жүйесінің сапасын жақсарту үшін бірқатар реформалар қабылдады және
халықаралық стандарттар мен озық практикаға жиі жүгінеді. Реформалау бойынша бастамалар
мектепке дейінгі білім беру жүйесін кеңейтуді, мектепті қаржыландырудың жаңа тетіктерін (оның
ішінде жан басылық қаржыландырудың жаңа схемасын) әзірлеуді, шағын жинақталған
мектептерді қолдаудың ресурстық орталықтарын құруды, мектеп инфрақұрылымын дамытуға
одан әрі инвестицияларды және мектептерде ақпараттық технологияларды кеңінен қолдануды
қамтиды. Осы реформалар мәнмәтінінде білім беруге бөлінетін ресурстарды ұлғайту ниеті анық
болғанымен, бір оқушыға жұмсалатын шығын ЭЫДҰ елдері мен басқа да көршілес елдерге
қарағанда едәуір төмен болып қалуда; сектордың иімділігі мен оның жұту қабілетінен туындайтын
сенімсіздікке байланысты білім беруге жұмсалатын мемлекеттік шығынды ұлғайтуға ниеттің жоқ
екені байқалады. Осы баяндамада Қазақстанда мектептегі білім берудің тиімділігі талданады және
тиімділікті арттыру әлеуеті бар немесе одан әі мемлекеттік инвестицияларды талап ететін саясат
салалары анықталады. Келесі саяси басымдықтар Қазақстанның мектеп жүйесіндегі ресурстарды
пайдалану тиімділігін арттыру мақсатында анықталған.
Сектордың жұту қабілетін ұлғайту және тиімсіздіктің
негізгі себептерін шешу кезінде білім беруге жұмсалатын
жалпы мемлекеттік шығыстарды ұлғайту
Табысы ұқсас басқа елдермен салыстырғанда Қазақстан білім беру секторын толық
қаржыландырмайды. Ресурстардың жетіспеушілігі әр түрлі деңгейлерде байқалады, мысалы,
мектепке дейінгі білім берумен қамтудың төмен көрсеткіштері; мұғалімдерге жеткіліксіз ақы
төлеу; қлалық мектептердің толық болуы; нашар жарақтандырылған шағын жинақталған
мектептер. Сонымен қатар, мектеп желісін және педагогикалық құрамды жақсарту сияқты
салаларда ресурсарды анағұрлым тиімді басқару үшін едәуір мүмкіндіктер бар. Мемлекеттік
кірістердің біртіндеп ұлғаюы сектордың стратегиялық құжаттарында қойылған мақсаттарды
қанағаттандыру үшін қажет. Қосымша ресурстар олар көбірек әсер етуі мүмкін басым
мақсаттарға: ерте дамытуға және нашар мектептерді қолдауға бағытталуы тиіс.
Тиімділікті едәуір арттыруға қол жеткізу және қосымша ресурстардың тиімді пайдаланылуын
қамтамасыз ету үшін басқару құрылымдарында өзгерістер қажет. Барлық деңгейлерде
ресурстардың пайдаланылуын тиімді басқару және бақылау үшін әлеуетті нығайту қажеттілігі бар.
Атап айтқанда, жеткіліксіз жергілікті және мектеп дербестігі ресурстардың тиімді
пайдаланылуына кедергі келтіреді. Мектептер мен аудандарда ондай өзгерістер қажет болған
кезде адами ресурстарға көбірек инвестициялау (персонал санын ұлғайту немесе мұғалімдердің
еңбекақысын арттыру есебінен) немесе саны жеткіліксіз болған немесе тозған кезде физикалық
ресурстарға (мектеп ғимараттары, смарт-тақталар сияқты мектеп жабдығы) балама ретінде ақша
салу үшін жеткілікті икемділікке ие емес. Бұдан басқа, жергілікті және өңірлік билік органдары өз
қарауы бойынша шығыстарды бөлуде жеткілікті еркіндікке ие емес, себебі нормалар
ресурстардың бөлінуін айқындайды, ал бюджетаралық трансферттер теңестірудің шектеулі
11
әсеріне ие. Есептілікпен және әлеуетті нығайту тетіктерімен үйлесімдегі дербестіктің біртіндеп
өсуі жергілікті және мектеп деңгейінде ресурстардың анағұрлым тиімді пайдаланылуына септігін
тигізуі мүмкін.
Қазіргі уақытта мектеп ресурстарын бөлу жеке қарау және өсіп келе жатқан негіз бойынша
орталық нормаларды ескере отырып, аудан деңгейінде шешіледі, бірақ мектептерді жанбасылық
қаржыландыру схемасын дамыту бағытында қадамдар алдын ала қабылданды. Белгілі бір
жағдайлар кезінде жақсы әзірленген қаржыландыру формуласы бар осы жақсы мысал мектептерді
қаржыландырудың анағұрлым тиімді, әділ, тұрақты және ашық әдісі болуы мүмкін. Формуланы
толық ауқымды енгізу алдында оқушылардың барлық қажеттіліктерін, ел бойынша сынып
көлемдеріндегі айырмашылықты және оның қарапайымдылығын ескере отырып жетілдіру қажет.
Мектеп желісін ұйымдастыру мен мектеп күнін
ұзартуды қайта қарау
Мектеп ұйымдары желісін шолу демографиялық қарқын тұрғысында мектептерді ұлғайту
немесе азайту мүмкіндігіне жарық беруі мүмкін еді. Ауылдағы білім беруді көрсету стратегиясы
міндетті білімге жалпыға ортақ қолжетімділік саясатының нәтижесі болып табылатын шағын
жинақталған мектептердегі сапаны, теңдік пен тиімділікті жақсарту мақсатында әзірленген.
Қазақстан үш ауысымды мектептерді жою бойынша өз күшін жалғастыруы және екі ауысымды
мектептердің бастауыш сынып оқушыларына әсерін барынша азайту жолдарын зерттеуі тиіс.
Сондай-ақ, ЭЫДҰ, атап айтқанда 1-4 сынып оқушылары үшін міндетті оқу жүктемесінің орташа
көрсеткіштеріне сәйкестігі бойынша оқу жүктемесінің нормалары түзету қажеттілігі бар. Оқу
жүктемесі тұрғысынан, мектептегі салыстырмалы қысқа күн оқушылардың, әсіресе төмен
отбасынан шыққан балалар мен оқуда қиналатын балалар үшін үлгерімнің нашарлауына әсер етуі
мүмкін.
Үлгерімі төмен оқушыларды және нашар мектептерді
қолдау
Оқушылардың әр түрлі білім қажеттіліктерін ескере және оларды қанағаттандыра отырып,
білім берудегі тең мүмкіндіктерге үлкен көңіл бөлінуі тиіс. Үлгерімі төмен оқушыларды қолдау
жөніндегі жүйелі саясат жоқ. Оқу бағдарламасынан артта қалудың алдын алу бойынша ерте
дербес және қарқынды қолдау көрсету қажеттілігі бар. Қазақстан төмен нәтижелерді жақсартуға
назар аударуы тиіс. Оқуда артта қалғандарды ерте анықтау және үлгерімі жақсы оқушыларға
қарағанда үлгерімі төмен оқушыларды уақтылы қолдауды қамтамасыз ету бойынша мектептерді
көтермелеу қажет. Бұдан басқа, Қазақстандағы мектептер мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдауда
баяу дамуды көрсетеді.
Мектептегі оқыту және басқару сапасын жақсарту
Мектеп мұғалімдері мен басшыларының сапасын арттыру үшін мүмкіндіктер бар. Кәсіптік
стандарттар қол жеткізуі тиіс алғашқы даярлау және біліктілікті арттыру жүйесінің күтілетін
нәтижелерін дәл анықтау үшін әзірленуі мүмкін; кәсіптік стандарттар үміткерлерді жалдау
процесінде, олардың біліктілігін бағалауда, біліктілікті арттыруды жоспарлау кезінде оларды
іріктеу критерийлері ретінде қызмет етуі және қызмет бабында ілгері жылжу үшін негізді
қамтамасыз етуі мүмкін. Мұғалімдерді алғашқы даярлау
1
және олардың біліктілігін арттыру
мүмкіндіктері мұғалімдер үшін берік негізді қамтамасыз ету және олардың қажеттіліктерін
барабар қанағаттандыру шеңберінде қайта қаралуы мүмкін. Метеп басшылары жағдайында
мектепті жақсарту процесінде олардың рөлін күшейту үшін оларды жалдау, біліктілігін арттыру
және аттестаттау процесін жетілдіру қажет.
Педагогтар санын және олардың еңбекақысын қайта қарау қажеттілігі бар. Ағымдағы оқушы-
мұғалім арақатынасы жүйеде мұғалімдердің біршама артық екенін көрсетеді. Оқушы-мұғалім
1
Осы есепте «Мұғалімдерді алғашқы даярлау» ЖОО және ТжКБ ұйымдарында педагогикалық мамандарды
даярлауды білдіреді.
12
арақатынасының және сыныптар көлемінің ұлғаюы мұғалімдердің біліктілігі мен еңбекақысын
арттыруға инвестициялау үшін ресурстарды босатуы мүмкін. Бұдан басқа, негізгі жалақы оқу
жүктемесімен (ставка жүйесі) байланысты болатын мұғалім қызметінің тұжырымдамасы кейбір
алаңдаушылықтар туғызады, себебі ол мұғалім орындайтын көптеген басқа міндеттерді
қарастырмайды және оның мектеп қызметіне қатысуын шектейді. Демек, ставка жүйесін
пайдалану қайта қаралуы тиіс. Кәсіпке сапалы және шектеулі іріктеу және жалақысы жоғары
мұғалімдердің аз саны мұғалімдердің кәсіптілігін арттыруға жәрдемдесуі мүмкін.
Есептілік және дамуға жәрдемдесу үшін бағалау және
ақпараттық жүйелерді пайдалану
Қазақстан мұғалімдер мен мектепті бағалаудың маңыздылығын растайды, бірақ қазіргі
уақытта қалыптасқан есептілік және даму функцияларын теңестіру мүмкіндігі бар. Мұғалімдер
мен мектептерді дамыту мақсатында оларды аттестаттауға көңіл бөлу қажет екені анық, себебі
бағалау нәтижелері тиімді оқыту туралы кәсіптік пікірталастарға және мұғалімдер мен
мектептердің педагогикалық практиканы жақсарту жөнінде ұсынымдар алуына ықпал етеді.
Қазақстанның білім беру жүйесінің сыртқы және тәуелсіз мониторингін жақсарту үшін
жеткілікті мүмкіндіктер бар. Мониторингтің қазіргі тәсілі нормалардың сақталуына бағытталған
және білім беру қызметін талдауға әкелмейді. Ол тиімділікті, әділдікті және баға-сапа
арақатынасын бағалауда шектеулі. Білім беру ресурстарын пайдалану бойынша мониторингтің
сыртқы тәуелсіз жүйесі басымдық болуы тиіс. Сыртқы және тәуелсіз агенттіктер қазіргі
мониторинг жүйелері алатын ауқымды деректер талдауын жақсарта алады. Ашықтық және
есептілік шеңберлерін жетілдіру ресурстарды тиімсіз пайдалану және барлық жүйеде бар
сыбайлас жемқорлық жағдайларын азайтуға көмектесуі мүмкін, алайда, нормативтік құқықтық
актілердегі іліктерді қысқарту бойынша қосымша саясат та қажет.
Сондай-ақ, ақпарат жинау жүйесі мен практикасы да жақсартуды талап етеді. Атап айтқанда,
деректерді жинау мен өңдеудің әрбір кезеңінде ақпарат сапасын қамтамасыз ету бойынша
рәсімдер қосылуы тиіс. Оған қоса, Қазақстан мектеп және жергілікті деңгейлерде қызмет туралы
ақпаратты, оның ішінде мектеп туралы және білім беруге арналған жергілікті бюджет туралы
ақпаратты тарату процесін жақсартуы тиіс. Бұл мектеп аттестаттаулары туралы есептерді қамтуы
мүмкін. Сондай-ақ, мектеп директорлары мектеп қызметі туралы есептерді және қаржы
жоспарларын қол жетімді тілде интернетте немесе мектептердің ақпараттық тақталарында
орналтыра отырып және ашықтықты арттыра отырып таратуы тиіс. Бұдан басқа, мектептерде
қамқорлық кеңестерінің болуы алдағы өзгерістер аспектілерінде мектеп деңгейінде ашықтықты
және есептілік рәсімдерін жақсарту үшін мүмкіндіктер ашады.
13
ТҰЖЫРЫМДАР МЕН ҰСЫНЫМДАР
Білім беру жүйесінің мәнмәтіні
Қазақстанда мектептегі білім беру жүйесі едәуір жетістіктерге қол жеткізді. Бастауыш, негізгі
және орта біліммен жүз пайыз қамту қамтамасыз етілген, бірақ қабылданған оқушылардың
санында географиялық орналасқан жері, әлеуметтік-экономикалық мәртебесі мен жынысы
бойынша айырмашылықтар байқалады. Елде білім алудың жалпы деңгейінің жоғары болуына
қарамастан, 2012 PISA 15 жастағы қатысушыларының нәтижелері оқыту сапасын жақсарту
қажеттілігін көрсетеді. Математика бойынша қазақстандық оқушылар ЭЫДҰ елдеріндегі
өздерінің құрдастарынан орта есеппен 2 жылға артта қалуда және оқушылардың шамамен 45%-ға
жуығы сауаттылықтың бастапқы деңгейіне жетпеген, бұл орта есеппен ЭЫДҰ қарағанда едәуір
жоғары (23%). Оқыту тілі, мектептердің орналасқан жері және оқушылар мен мектептердің
әлеуметтік-экономикалық жағдайы оқушылардың жетістіктерінде рөл атқарады. Ұлттық және
халықаралық бағалар да қалалық және ауылдық мектептердің оқушылары арасындағы едәуір
айырмашылықтарды көрсетеді.
Қазақстан білім беру жүйесінің сапасын жақсарту үшін бірқатар реформалар қабылдады және
халықаралық стандарттар мен озық практикаға жиі жүгінеді. Реформалау бойынша бастамалар
мектепке дейінгі білім беру жүйесін кеңейтуді, мектепті қаржыландырудың жаңа тетіктерін (оның
ішінде жан басылық қаржыландырудың жаңа схемасын) әзірлеуді, шағын жинақталған
мектептерді қолдаудың ресурстық орталықтарын құруды, мектеп инфрақұрылымын дамытуға
одан әрі инвестицияларды және мектептерде ақпараттық технологияларды кеңінен қолдануды
қамтиды. Осы реформалар мәнмәтінінде білім беруге бөлінетін ресурстарды ұлғайту ниеті анық
болғанымен, бір оқушыға жұмсалатын шығын ЭЫДҰ елдері мен басқа да көршілес елдерге
қарағанда едәуір төмен болып қалуда; сектордың иімділігі мен оның жұту қабілетінен туындайтын
сенімсіздікке байланысты білім беруге жұмсалатын мемлекеттік шығынды ұлғайтуға ниеттің жоқ
екені байқалады. Осы баяндамада Қазақстанда мектептегі білім берудің тиімділігі талданады және
тиімділікті арттыру әлеуеті бар немесе одан әі мемлекеттік инвестицияларды талап ететін саясат
салалары анықталады. Келесі саяси басымдықтар Қазақстанның мектеп жүйесіндегі ресурстарды
пайдалану тиімділігін арттыру мақсатында анықталған.
Күшті жақтар мен талаптар
Жүйе үшін нақты бағыттар берілген, бірақ көбірек
тиімділік үшін жәрдемдесу мүмкіндіктері шектеулі
Елдің дамуының жалпы тұжырымдамасында білім беру Қазақстандағы басты
басымдықтардың бірі ретінде қаралады, және стратегиялық бағдарламалар білім беру жүйесінің
сапасын арттыру бойынша күрлері реформаларды ұсынады. Соңғы озық бастамалардың
кейбіреулері жанбасылық қаржыландыруды енгізуді және мектептегі мідетті оқу мерзімін
ұзартуды қамтиды. Білім беру әкімшілігінің әлеуетін арттыру анағұрлым тиімді білім беру
жүйесін жасау алдында тұрған басты проблемалардың бірі болып табылады. Соңғы жылдары
ұлттық деңгейде Министрліктің әлеуетін ұлғайту немесе мысалы іс-шаралар жоспарын орындау
және білім беру мен қаржылық деректерді талдау мақсатында мамандандырылған ұйымдар құру
бойынша алдын ала қадамар жасалды.
Ауқымды орталық жоспарлау және нормалардың кең жүйесі кеңес үкіметі кездерінен
алынған, сектордағы нақты бағыттылықты, саясаттың үздіксіздігін қамтамасыз ететін және
мақсаттарға қол жеткізу бойынша прогрес мониторингін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін білім
беруді басқарудың қазақстандық жүйесінің екі негізгі ерекшелігі болып табылады. Дегенмен,
нормалар мектептердің және жергілікті атқарушы органдардың олардың жағдайлары мен
мәнмәтінді ескере отырып нақты қажеттіліктер бойынша ресурстарды бөлу қабілетін шектейді.
Мектептер мен аудандарда ондай өзгерістер қажет болған кезде адами ресурстарға көбірек
инвестициялау (персонал санын ұлғайту немесе мұғалімдердің еңбекақысын арттыру есебінен)
14
немесе саны жеткіліксіз болған немесе тозған кезде физикалық ресурстарға (мектеп ғимараттары,
смарт-тақталар сияқты мектеп жабдығы) балама ретінде ақша салу үшін жеткілікті икемділікке ие
емес. Бұдан басқа, жергілікті және өңірлік билік органдары өз қарауы бойынша шығыстарды
бөлуде жеткілікті еркіндікке ие емес, себебі нормалар ресурстардың бөлінуін айқындайды, ал
бюджетаралық трансферттер тңестірудің шектеулі әсеріне ие. Алаңдаушылық туғызатын басқа
мәселе мүдделі тараптармен консультацияның болмауы болып табылады, бұл ел бойынша білім
стратегиясындағы пікірлердің әр түрлілігінің толық көрсетілмеуін білдіреді.
Білім беруге жұмсалатын шығындар салыстырмалы
түрде төмен
Білім беруге бөлінетін мемлекеттік шығыстардың жалпы деңгейі ЭЫДҰ елдеріндегі, сондай-
ақ экономикалық даму деңгейі ұқсас басқа елдердегі орташа көрсеткіштерге қарағанда
салыстырмалы түрде төмен. Мектептегі білім беруге бөлінген сома ЖІӨ-нің 2,1%-ын құрайды, бұл
ЭЫДҰ елдері бойынша орташа көрсеткіштен едәуір төмен (3,6%), алайда, осы көрсеткішке орта
білімнен кейігі білім беруге жұмсалатын шығыстар да кіреді. 2013 жылы Қазақстанның бір
оқушыға арналған мемлекеттік шығыстары халық басына шаққанда ЖІӨ-нің 11%-ын құрайтынын
ескерсек, олар ЭЫДҰ бойынша орташа көрсеткіштен едәуір төмен болып қалуда. Мектептердегі
ресурстардың жетіспеушілігі білім беру ортасының сапасын арттыруға кедергі келтіруі мүмкін.
Білім беруге арналған бюджетті ұлғайту білім берудің жоғары сапасына кепілдік бермейді, бірақ
шығыстардың ең төмен деңгейі сапалы білім беру қызметтерін ұсыну үшін қажет. Білікті
мұғалімдер, тиісті инфрақұрылым мен оқулықтар жетіспейтін мектеп жүйесі білім беру сапасын
арттыруға ықпал ете алмайды. Мектептегі білім беру жүйесіне инвестициялардың жетіспеушілігі
білім берудегі айырмашылықтарға да әкелуі мүмкін, себебі нашар аудандар мен мектептер
ресурстардың шектеулі санын алады. Үкімет білім беруге жұмсалатын мемлекеттік шығыстардың
төмен екенін растайды, бірақ сектордың тиімділігі мен оның жұту қабілеті бойынша қауіптер
олардың өсуіне мүмкіндік бермейді.
Қаржыландырудың жанбасылық формуласы алға қарай
жүрудің оң қадамы болып табылады, бірақ одан әрі
дамуды талап етеді
Қазіргі уақытта мектептерге ресурстарды бөлу жеке қарау және өсіп келе жатқан негіз
бойынша орталық нормаларды ескере отырып аудан деңгейінде шешіледі, бірақ мектептерді
жанбасылық қаржыландыру схемасын дамыту бағытында алдын ала қадамар қабылданды. Белгілі
бір жағдайларда жақсы әзірленген қаржыландыру формуласы бар бұл оң мысал мектептерді
қаржыландырудың анағұрлым тиімі, әділ және ашық әдісіне айналуы мүмкін. 2014 жылғы пилотта
жанбасылық қаржыландыру жобасын едәуір жақсарту қажет. Мысалы, қаржыландырудың
ұсынылатын жаңа схемасы жергілікті органдарға жергілікті қажеттіліктерге қаражат бөлу
бойынша өзгерістер енгізуге мүмкіндік бермейді және мектептердің кейбір түрлерін (мысалы,
дарынды блаларға арналған мектептер, шағын жинақталған мектептер) жоққа шығарады. Бұдан
басқа, ұсынылған формула жанбасылық қаржыландырудың нағыз формуласы бола алмайды,
себебі қосымша шығыстарды қажет ететін оқушылар тобын нақты белгілемейді. Формуланың аса
күрделі екеніне қарамастан, ол Қазақстанда едәуір өзгеріп тұратын және білім беру қызметтерін
ұсыну бойынша шығыстарға күшті әсер ететін сынып көлемін нақты көрсете алмайды. Оған қоса,
мерзімдерді ұзарту кезінде және ұлттық деңгейде толық енгізер алдында оның әсеріне анағұрлым
толық талдау жүргізу кезінде сәтті болатын жаңа схема әзірлеу қажет.
Оқушылардың осал топтары мен нашар мектептердің
нақты қажеттіліктері назарға алынуы тиіс
Ресурстарды бөлуде оқушылар мен мектептердің нақты қажеттіліктеріне шектеулі көңіл бөлу
мектеп жүйесіндегі теңсіздіктерге әкеледі. Төмен отбасылардан шыққан немесе оқуда
қиындықтары бар оқушыларға бағытталған бағдарламалар мен ресурстар өте аз. Бұл ағымдағы
«осал оқушылар» түсінігі өте тар болып табылатынымен түсіндіріледі, себебі ол мүмкіндігі
шектеулі балалар мен әлеуметтік-экономикалық мәртебесі өте төмен оқушыларға ғана
бағытталған, осылайша, оқушылардың салыстырмалы аз саны ғана қолдау алуға құқылы. ЭЫДҰ
15
елдері керісінше аз қамтылған оқушылардың анағұрлым жоғары үлесі бар мектептерде
оқушылардың оқуына және оларды қолдау тетіктерінің дамуына кедергі келтіруі мүмкін
әлеуметтік және экономикалық проблемалардың туындау мүмкіндігі жоғары екенін растайды. Бұл
мектептердің ерте кезеңде жеке және қарқынды араласудан артта қалатын оқушыларды барабар
қолдау үшін жеткілікті ресурстарға ие болмауы мүмкін екенін білдіреді. Ерекше қажеттіліктері
мен шектеулі мүмкіндіктері бар оқушылардың жағдайлары ерекше қызығушылық танытады,
себебі олардың көпшілігі кәдімгі мектептерде емес, жеке «түзету» мектептерінде немесе үйде
білім алуды жалғастыруда.
Академиялық олимпиадаларға қатысу үшін үздік оқушыларды даярлауға аса көп көңіл бөлу
және «дарынды балаларға» жоғары басымдық басқа оқушыларға теріс әсер етеді. Мұғалімдер
жоғары көрсеткіштері бар оқушыларға негізгі көңіл бөліп, осылайша, үлгерімі нашар оқушыларға
азырақ көңіл бөледі. Мектептер, әдетте, оқушыларды ерекшеліктері бойынша топтарға бөледі
және мұндай практика жалпы нәтижелілікті жақсартпайды және оқушылардың әлсіз топтарына
біліктілігі азырақ мұғалімдер жіберілсе теріс әсер етуі мүмкін. Бұдан басқа, Назарбаев Зияткерлік
мектептері сияқты дарынды оқушыларға арналған мектептер кәдімгі мектептерге қарағанда едәуір
көбірек қаржыландыру алады. Алайда, осы мектептерде еліміздің ең талантты оқушылары оқиды
ма деген сұрақ туындайды, себебі нашар деген мәртебесі бар оқушылар осы мктептерге түсу үшін
қажетті сыныптан тыс іс-шараларға қатысудың шектеулі мүмкіндіктеріне ие. Бұдан басқа,
халықаралық зерттеулерде жоғары көрсеткіштері бар оқушылар үлесі өте төмен болып қалуда, ал
оқушылардың көпшілігі басқа елдердегі өздерінің құрдастарынан артта қалуда. PISA
зерттеулерінде білім берудің анағұрлым тезірек дамитын жүйелері үлгерім шәкілінің үстіңгі және
төменгі бөліктерінде жақсарулар бір мезгілде орын алуы мүмкін екенін көрсетеді. Дегенмен,
жүйенің жалпы нәтижелілігін арттыру үшін көрсеткіштері төмен оқушылар санын азайту қажет.
Мектептердің ауқымды желісі қауіп туғызады
Мектеп жүйесінің ерекшеленетін өзгешелігі міндетті білім беруге жалпыға ортақ
қолжетімділікті қамтамасыз ету жөніндегі саясат нәтижесінде туындайтын оның үлкен
географиялық қамтуы болып табылады. Барлық мемлекеттік мектептердің жартысын құрайтын
шағын жинақталған мектептердің көп саны ауылдық және шалғайдағы аудандарда білім беру
қызметтерін ұсыну үшін үнемді нұсқа болып табылады. Бұдан басқа, шағым жинақталған
мектептердің оқушылары әдетте қолайсыз білім беру ортасында оқиды. Шағын жинақталған
мектептерде санаттар мен біліктіліктер бөлінісінде мұғалімдер санын назарға ала отырып, шағын
жинақталған мектептерде оқытудың төмен сапасы туралы деректер бар. Бұдан басқа, персоналды
жалдау жөніндегі нормаларды қолдану мектеп бюджеттерін қысқартады және оқушы-мұғалім
арақатынасының төмен болуына байланысты мұғалімдердің біліктілігін арттыруға, техникалық
қызмет көрсетуге, жабдық пен оқу материалдарына жұмсалатын шығын төмендейді. Шағын
жинақталған мектептердің проблемаларын шешу үшін ҚР БҒМ ресурстық орталықтарды енгізді,
бірақ мектептердің стратегиялық болжамы мен шоғырландыру жоспарлары әлі әзірленбеген.
Мктептердің кең желісі де ұсталуы шығынды болып табылатын оқушылардың аз құрамы бар
мектеп ғимараттарының көп санына әкеледі. Соңғы жылдары мектеп инфрақұрылымын жаңарту
және көптеген ғимараттар жаңғыртуды қажет ететін мектептердің күтіп-ұсталуының созылмалы
толық қаржыландырылмауын шешу үшін біраз күш жұмсалды. Осыған қарамастан, бірқатар
проблемалар шешілмеген болып қалуда. Әлемдегі ең суық елдердің бірінде қыста жеткілікті
жылытылмайтын немесе оларды жылыту тым қымбатқа түсетін ескі мектеп ғимараттары
оқушылардың денсаулығы және оқу қабілеті үшін қауіп төндіреді. Ауылды жерлерде негізгі
жабдығы, оқу материалдары немесе дәретхана бөлмелері жоқ көптеген мектептер бар. Оқушылар
құрамының саны азайып бара жатқан аудандарда оқушылардың көп саны үшін салынған мектеп
ғимараттары толық көлемде пайдаланылмайды немесе күтіп-ұстау үшін едәуір шығындануды
талап етеді. Оған қарағанда, қалалық жерлерде екі ауысымда оқу практикасы норма болып
табылады, ал үш ауысымда оқу әлі де еліміздің кейбір бөліктерінде пайдаланылуда.
Мектеп мұғалімдері мен директорларын дайындау
деңгейі бойынша қауіп бар
16
Мектеп мұғалімдері мен директорларына арналған, олар білуі және жасай алуы тиіс нәрсенің
нақты әрі қысқаша сипаттамасын қамтамасыз ететін ұлттық стандарттардың болмауы олардың
әлеуетіне кедергі келтіреді. Кәсіптік стандарттар алғашқы педагогикалық даярлық және
біліктілікті арттыру жүйесімен қол жеткізілуі тиіс күтілетін көрсеткіштердің анағұрлым дәл
анықтамасының тетіктері ретінде әзірленуі тиіс; стандарттар жалдау процесінде үміткерлерді
іріктеу негізі, олардың біліктілігін объективті бағалау үшін (аттестаттау кезінде) критерийлер,
біліктілікті арттыру кезінде нұсқаулық және қызмет бабында көтерілу үшін негіз ретінде қызмет
етуі мүмкін.
Мұғалімдерді алғашқы даярлау сапа және тиімділік мәселелері бойынша алаңдаушылық
туғызады. Бастауыш сыныптарда оқыту үшін талап етілетін деңгейді орта және орта білімнен
кейінгі жоғары емес білім деңгейінде алуға болады және мұғалімдерді алғашқы педагогикалық
даярлау үшін білім беру бағдарламаларының артық болуы олардың сапасына қатысты
алаңдаушылық туғызады. Сондай-ақ деректер түлектердің артық тым көп болуын көрсетеді,
олардың саны 2013 жылы мұғалімдердің барлық құрамының 11,4%-ына сәйкес келген. Басқа
проблемалар мұғалімдердің еңбек нарығының икемділігін шектейтін педагогикалық
мамандықтарды мамандандырудың жоғары деңгейімен; оқыту әлеуетін анықтау және
педагогикалық мамандыққа түсу үшін кәсіпке уәждеу бойынша бағалаудың нақты рәсімдерінің
болмауымен; олар орталық деңгейде реттелетіндіктен (мысалы, мамандықтар жіктеуіші, білім
беру бағдарламалары, бағдарламалар құрылымдары) педагогикалық мамандықтардың білім беру
бағдарламаларын әзірлеуде педагогикалық институттардың шектеулі дербестігімен байланысты.
Мұғалімдердің біліктілігін арттырудың қазіргі жүйесі олардың қажеттіліктеріне тиісті түрде
жауап бермейтінінің белгілері бар. Біліктілікті арттырудың тұрақтылығы күмәнді, себебі
мұғалімдер мектептен тыс біліктілікті арттыру курстарынан әрбір бес жыл сайын ғана өтуге
құқылы. Біліктілікті арттырудан өтуге ынталандыру оқыту практикасын нақты жақсартумен емес,
еңбекақыны көтерумен және қызмет бабында өсумен байланысты сияқты. Осыған қарамастан,
Қазақстанда өндірістен бөлмей мектеп базасында біліктілікті арттырудың тұрақтылығы мен
қарқындылығы аса маңызды және мектеп директорлары ЭЫДҰ елдеріне қарағанда оқу процесін
басқаруға көбірек тартылған.
Мектептерді жақсарту үшін директорларды даярлау
және оларды жалдау процесін жақсарту мүмкіндігі бар
Әкімшіліктің бірнеше өкілі арасында басқарушылық міндеттерді формалды түрде бөлу
қазақстандық мектеп жүйесінің күшті жағы болып табылады, себебі стратегиялық және
педагогикалық көшбасшылық ұзақ уақыт бойы бір адамға жүктелуі мүмкін емес. Алайда,
практикада бөлу нормалармен орындалады және өзара іс-қимыл мен жалпы болжам деңгейі сұрақ
туғызады. Бұдан басқа, мектеп басшыларының барлығы бірдей мектепті жақсартуға дайын болуы
және оны мақсат етуі мүмкін емес. Кадрларды жалдау кезінде негізгі көңіл басқару қабілетіне
емес, білім беру біліктілігі мен жұмыс тәжірибесіне бағытталады. Біліктілікті арттырудың бірнеше
мүмкіндігі бар және олардың көпшілігі мектептегі күнделікті жұмыстан алыс. Біліктілікті арттыру
мүмкіндіктерінің болмауы қауіп туғызады, себебі мектеп басшыларының көп бөлігі жүйеде ұзақ
уақыт болады және заманауи практикамен бірге жүруге қиналуы мүмкін.
Педагогика қызметкерлерінің санын және олардың
еңбекақысын қайта қарау қажет
Сыныптар көлемін және оқушы-мұғалім арақатынасын, сондай-ақ Қазақстандағы әкімшілік
құрылымын талдау ЭЫДҰ елдеріндегі жағдаймен салыстырғанда мектеп мұғалімдері мен
басшыларының артық болуын көрсетеді. Мектеп мұғалімдері мен басшыларының көп саны шағын
жинақталған мектептердің көп санынан және персоналды регламенттеудің қатаң нормаларынан
туындаған. Қызметкерлердің көп саны мктеп бюджеттерінің азаюына әкеледі, икемсіздік жасайды
және басқа салалардағы инвестицияларды шығарады. Ауыл мектептеріндегі шығыстардың
шамамен 93%-ға жуығы мұғалімдердің еңбекақыларын төлеуге бағытталған. Бұл бюджеттердің
шектеулі екенін және директорлардың ресурстарды анағұрлым тиімді тәсілмен бөлу немесе
оларды мектепті дамыту жөніндегі іс-шараларға инвестициялау мүмкіндіктері аз екенін білдіреді.
17
Атап айтқанда, педагогика қызметкерлерінің көп саны Қазақстанда төмен болып саналатын
олардың еңбекақысын рттыруға кедергі келтіреді және мұғалімдердің еңбекақы жүйесінің
күрделілігі оны талдауға кедергі жасайды. Сынып көлемін анықтау білім беру процесінің еңбекті
қажет ететініне байланысты шығыстарға үлкен әсер ететін кезекті өзара байланыс болып
табылады: шағын сыныптар мұғалімдердің көп санын талап теді, ал үлкен көлемді сыныптар
оқыту сапасын арттыру үшін ресурстарды босатуы мүмкін. Зерттеулер көрсеткендей, оқытудың
жоғары сапасы оқушылар саны аз сыныптарға қарағанда оқушылардың үлгеріміне үлкен әсер етуі
мүмкін. Басқа мәселе мұғалімдер қызметінің тұжырымдамасына қатысты, ондағы негізгі жалақы
оқу жүктемесімен байланысты (ставка жүйесі) және мұғалім сыныптан тыс орындайтын көптеген
міндеттер немесе оның мектеп іс-шараларына қатысуы байқалмайды (мысалы, жеке практика
туралы рефлексия, жас мұғалімдерге тәлімгерлік ету, ата-аналармен өзара байланыс жасау және
біліктілікті арттыру).
Ресми оқу уақыты нашар отбасылардан шыққан
оқушылар үшін жеткіліксіз болуы мүмкін
Қазақстандық мектеп жүйесінде ресми оқу уақыты бірнеше үзіліспен беріледі және мектептен
тыс іс-шаралардың ауқымды спектрімен толықтрылады. Сабақтар оқушылардың мінез-құлқына
немесе мұғалімдердың жоқтығына уақыт кетірмей тұрақты түрде өткізіледі. Алайда, оқу уақытын
басқару бойынша кейбір алаңдаушылық бар: Қазақстанда басым көп ауысымдық оқу ресми оқу
уақытын төмендетуі мүмкін; мектеп күнтізбесі жергілікті жағдайлар мен қажеттіліктерге
бейімделмеген; бастауыш сыныптардағы оқу уақыты төмен отбасылардан шыққан оқушылар үшін
қолайсыз болуы мүмкін. Алайда, оқу уақытын көбейту оқушылардың үлгерімін жақсартуға
кепілдік бере алмайды, ерте оқуға қажетті жеткіліксіз уақыт төмен көрсеткіштерге әкелуі мүмкін.
Мұғалімдер мен мектептерді аттестаттауды енгізу
уақыт өте келе жетілдірілуі мүмкін оң қадам болып
табылды
Мұғалімдерді сертификаттаудың (аттестаттаудың) нақты белгіленген төрт сатылы құрылымы
мұғалімдер үшін пайдалы. Аттестаттаудың қазіргі процесі қызмет бабында өсудің негізгі қағидаты
сіңірген еңбек болып табылатынын білдіреді. Аттестаттау мұғалімдерды жақсы жұмыс істеуге,
тиімді мұғалімдерді айыра білуге, біліктілігін арттырып отыруға және сәтті практиканы айыру мен
таратуға көмектесуге ынталандыруы мүмкін. Алайда, мұғалімдерді аттестаттаудың бірыңғай
процесінде есептілік пен дамушы функциялар үйлесімі бірқатар проблемалар туындатады.
Есептілік функциясы жиі басым болады, себебі егер ол күрделі салдарларға әкелетін болса
мұғалімдер өз практикасының кемшіліктерін көрсеткісі келмейді. Бұдан басқа, аттестаттау процесі
біліктілікті арттыру мүмкіндіктерімен тікелей байланысты емес және нәтижесінде, сенімсіздікке
немесе бейжайлыққа әкелетін маңызы жоқ сабақтар ретінде қабылдануы мүмкін. Оқытудың
кәсіптік стандарттарының болмауы мектептерде мұғалімдерді бағалаудың ішкі процестерінің
біркелкілігін және жүйенің мұндай процестердің сапасына кепілдік беру қабілетін қиындатуы
мүмкін.
Мектептерді аттестаттаудың тұрақты циклі бар есептілікк нақты бейімділік бар. Мектептерді
аттестаттау тәсілінің кейбір аспектілері жақсы әзірленген, мысалы, аттестаттаудың құрылымдық
тәсілі бар және ол жағдайды ауқымды қарайды (сыныптағы бақылауларды қоса алғанда). Алайда,
одан әрі жетілдіру мүмкіндіктері бар, себебі аттестаттаудың дамып келе жатқан функциясы тиісті
назарсыз қалуда. Мектептерді сыртқы бағалау негізінен құқықтық талаптардың қалай
орындалғанын немесе білім беру стандарттарындағы талаптардың қалай орындалғанын тексерді.
Мектептерді жақсарту стратегияларына және алғашқы аттестаттаудан өтпеген мектептердің
қосымша іс-шараларына жеткілікті көңіл бөлінбеген. Оған қоса, мектептерді өз бетінше бағалау
мектептерді жақсартудың негізгі құралы ретінде қаралмайды, оның мектеп жүйесіне енгізілуі
дамудың ерте кезеңдерінде қалуда.
Сондай-ақ Қазақстандағы проблемалық жағдай жекелеген мұғалімдердің, мектептердің,
аудандар мен өңірлердің қызметін бағалау және салыстыру үшін «шикі» деректерді (ҰБТ
нәтижелері, олимпиадалардағы және басқа жарыстардағы орындар) пайдалану болып табылады.
18
ҰБТ нәтижелері немесе олимпиадалардағы жүлделі орындар белгілі бір мұғалімнің оқытудағы
сәттілігін ғана емес, сонымен қатар отбасының оқушыға әсерін, алдыңғы оқу тәжірибесін немесе
мектеп және жергілікті ресурстарын да айқындайды. Бұл мұғалімдерді әділетсіз салыстыруға
әкелетіні анық – әсіресе анағұрлым жоғары дәрежелі мектептерде жұмыс істейтін мұғалімдерді –
себебі олардың басқа мұғалімдерге қарағанда оң пікір алуға мүмкіндіктері көбірек. Мектеп, аудан
және облыс деңгейлерінде де осы орын алады. Мұғалімдер, мектептер, аудандар және облыстар
арасындағы салыстырулар бірдей объектілерді салыстыру негізінде жүргізілмесе үлкен құндылық
әкелмейді және «тестіге дайындық» және «оқу бағдарламасын қысқарту» сияқты стратегиялық
реакцияларға ықпал етуі мүмкін.
Анағұрлым сенімді деректер, ашықтық және есептілік
мектеп ресурстарын анағұрлым тиімді басқаруды
қамтамасыз етуі мүмкін
Деректерді жасауға, жинауға және олардың қолжетімділігіне жоғары көңіл бөлінуде. Ақпарат
жинаудың көптеген түрлері бар (әкімшілік, өнімділік, мүдделі тараптарды сұрау, индикаторлар).
Жақын арада болған оң өзгерістер білімберудің ұлттық дерекқорын жасауды, ақпарат жинау
процесін компьютерлендіруді және мектеппен және жергілікті билік органдарымен толатын
деректерді жинаудың әкімшілік жүктемесін төмендетуді қамтиды, есептілік нысандарының саны
467-ден 162-ге дейін қысқартылған. Дегенмен, Қазақстанда білім беру деректерімен өзекті
проблема олардың сапасы мен дұрыстығын қамтамасыз ету процестерінің болмауы. Сондай-ақ,
білім беру саласындағы реформаларды әзірлеу мен бағалауда деректерді пайдалануға кедергі
жасайтын сенімді деректердің болмауы алаңдаушылық туғызады.
Бөлшекті нормалардың болуы неге қол жеткізу керек және ресурстардың қалай басқарулы
тиіс екенінің нақты көрсетілуін қамтамасыз етеді, осылайша, бұл мониторингті жеңілдетеді.
Ұлттық мақсаттарға қол жеткізудегі прогрестің сәйкестігін тексеру және бағалаудың бірнеше
тетігі бар, атап айтқанда, Қазақстан Республикасының білім беру саласын дамытудың
2011-2020 жылдарға арналған мемлкеттік бағдарламасы (БДМБ). Дегенмен, мониторинг тәсілі
сақтау негізінде жүзеге асырылады және білім беру жүйесінің нәтижелілігін талдауға әкелмейді.
Дәл солай бюджеттің игерілуін бақылау барабар және ашық болып табылмайды, толық әрі нақты
шығындар өте сирек ұсынылады. Бұдан басқа, қазіргі мониторинг жүйелерінен алынған ауқымды
деректерді талдауды күшейтуі мүмкін бағалау жөніндегі тәуелсіз және сыртқы агенттік жоқ.
Нәтижесінде, мектеп және аудандар деңгейінде әр түрлі білім беру стратегиялары мен
бағдарламаларының шығын-пайдасын жоғары сапалы талдаудың жетіспеушілігі байқалады, бұл
мектептер мен билік органдары білім беру саласының күтілетін соңғы нәтижелерінің тиімділігіне
немесе нәтижелілігіне аз көңіл бөліп шешім қабылдайтынын білдіреді.
Үлкен ашықтық та есептілік деңгейін арттыру үшін маңызды міндет болып табылады.
Жергілікті деңгейде бюджеттің жеткіліксіз ашықтығы бар, себебі орталықтандырылған есепке
алуға байланысты мектептердің көп бөлігінің жеке бюджеті жоқ және аудан бюджеті туралы
ақпарат әдетте ата-аналар мен мектеп директорлары үшін қол жетімсіз болады. Ұлттық деңгейде
бюджеттер туралы толық ақпарат пен қаржылық белсенділік те ашылмайды. Есептілік тетіктерінің
жеткіліксіз ашықтығы білім беру жүйесінің әр түрлі деңгейлерінде сыбайлас жемқорлыққа және
ресурстарды асыра пайдалануға әсер етеді. Бұл халықтың азырақ қорғалған топтарына теріс әсер
ете отыра, жүйенің өзінің тиімділігі мен нәтижелілігіне қауіп төндіруі мүмкін, сондай-ақ,
фаворитизм, пра алу және алаяқтық сияқты теріс қарым-қатынастар мен құндылықтарға ықпал
етуі мүмкін. Ата-аналар мен басқа да мүдделі тараптардың мектепті жақсартуды қолдауға және
есептілікке қатысуы әлі бастапқы кезеңде. Мектептердің жыл сайынғы іс-шаралары мен
аттестаттау нәтижелері туралы есептер қазіргі уақытта жарияланбаған және таратылмаған.
Қамқорлық кеңестерінің құрылуы мектептерде жүргізілетін іс-шаралар туралы есептілік пен
ашықтықты жақсарту үшін мүмкіндіктер ашады, бірақ олардың рөлі әлі күнге дейін анықталмаған.
|