Ұлттық мәнмәтін
Географиялық және демографиялық сипаттамалар
Орталық Азияда орналасқан Қазақстан аумағы Франция, Германия және Польшаны қоса
алғанда екі есе көп, әлемде құрлық беті бойынша тоғызыншы ел болып табылады. Ел
солтүстігінде Ресеймен, батысында оңтүстік-шығысында Қытаймен, оңтүстігінде Қырғызстан
және Өзбекстанмен, оңтүстік-батысында Түркіменстанмен шекараласады. Қазақстанның халқы
2013 жылы 17 миллион адамды құрады. Аумағының үлкендігі және халқының санының аздығы
халықтың тығыздығының төмендігіне себепші болады, 2013 жылы, бағалауға сәйкес, 1 шаршы
метріне 6,2 адамды құрады (АТО , 2014).
1.1-
сурет
Қазақстанның
облыстары
Дереккөз
:
BernardTom, Wikipedia Commons, «АТО»
АҚ
(2014)
Климат жағдайлары кейбір аудандардағы білім беру қызметтерін ұсынуға және бағасына
айтарлықтай әсер етеді. Қазақстан жазда орташа +30 °C және қыста орташа −20 °C айрықша
температуралармен ерекшеленеді. Батысы мен оңтүстігінің көп бөлігін қоса алғанда, елдің
жартысынан көбі жартылай шөлде (аумақтың 12%-ы) немесе шөлде (44%) орналасқан. Күрделі
экологиялық проблемалар бұрынғы ядролық, өнеркәсіптік немесе кен рудасы объектілері
аумағында, сонымен қатар судың жеткіліксіздігінен және құрғақшылықтан туындайтын жердің
азуы сияқты күрделі экологиялық проблемаларды басынан кешіретін аудандарда тұратын
балаларға білім беруге және олардың әл-ауқатына да әсер етеді.
Қазақстан халықтың біркелкі емес пирамидасымен сипатталады (1.A1 қосымшасын қараңыз).
Ел халқының төрттен бір бөлігі мектепке дейінгі жастағы балалар екенін ескере отырып, 15 жасқа
дейінгі балалар халықтың бестен бір бөлігін құрайтын ЭЫДҰ елдеріне қарағанда, Қазақстанға
көбірек балаларға білім беруге тура келеді. Қазіргі кезде туу жасындағы әйелдердің туу деңгейі
2,5-ке тұрақтанғанына қарамастан, 1990-жылдардағы шұғыл қысқарудан болған ауытқулар
2008 жылы 2,7 болып шегіне жетіп, оқушыларды есепке алған кезде қиындықтарға алып келді.
Ел бойынша халық санының динамикасы біркелкі емес: солтүстік өңірлерде туудың
төмендеуі болжанса, оңтүстікте күрт өсуі байқалады. Шығыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды,
Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Ақмола және Павлодар облыстарында 1999-2009 жылдары
халықтың азаюы байқалды, осы ретте Солтүстік-Қазақстан облысындағы тұрғындар саны 18%-ға
қысқарды. Мұнымен салыстырғанда осы кезеңде Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан облыстарының,
Астана және Алматы қалаларының халқы 20%-дан астам өсті. 2013 жылы халықтың жартысынан
астамы (9,4 миллион) қалаларда өмір сүрді және кенттену үрдісінің өсуі байқалды (АТО , 2014).
27
Кенттенудің аса жоғары деңгейі Қарағанды (қала халқының жалпы санының 79%-ы), Павлодар
(70%), Ақтөбе (62%) және Шығыс Қазақстан облыстарында(59%) байқалды. Сонымен қатар
халықтың жоғары шоғырлануы Алматы (ауыл халқының жалпы санының 77%-ы), Оңтүстік
Қазақстан (61%), Жамбыл (60%), Солтүстік Қазақстан (58%) және Қзылорда (57%) облыстарында
байқалды.
Қазақстандағы мектептер елдің үлкен этникалық, діни және тілдік өзгешелігін көрсетеді.
Оларда 23 түрлі ұлт оқушылары оқиды. Этникалық қазақтар оқушылардың 73%-ын, этникалық
орыстар - 14%-ын, этникалық өзбектер 4%-ын құрайды. Басқа аз ұлттар Кеңес Одағы кезеңіндегі
халықтың орын ауыстыруын көрсетеді және мыналарды қамтиды: украиналықтар (1,3%),
ұйғырлар (1,5%), немістер (1,0%) (АТО, 2014). Қазақстан халқында мұсылмандар басым (70%),
халықтың (26%) өздерін христиандарға жатқызады, ал 3,5%-ы «басқа» деп көрсетеді немесе
өздерін ешқандай дінге жатқызбайды. Осы ретте Конституцияға сәйкес Қазақстан зайырлы
мемлекет болып табылады (ЭЫДҰ, 2014 ж.).
Оқушылар бір немесе екі ресми тілдің бірінде (қазақша немесе орысша) немесе басқа аз
халықтардың тілдерінде оқи алады. Қазақ тілі республиканың мемлекеттік тілі болып саналады,
2009 жылғы халық санағының деректеріне сәйкес, оны халықтың үштен екі бөлігі түсінеді. Орыс
тілі ұлтаралық қатынас тілі болып саналады және оны іс жүзінде барлық халық түсінеді (халықтың
94%-ы). Ағылшын тілін халықтың 15,4%-ы түсінеді. Ұлттық сәйкестендіруді бекіту үшін қазақ
тілінің басымдығы қазақ тілінде оқытатын мектептер санының өсуіне әкелді. 2012 жылы көптеген
мектептерде оқыту тілі қазақ тілі (3 819 мектеп), одан кейін орыс тілі (1 394), өзбек тілі (60), ұйғыр
(14), тәжік тілі болды (2) (АТО , 2014). Шамамен 2 113 мектепте оқыту бір тілден артық тілде
жүргізіледі.
Көші-қонның таза деңгейі (эмигранттар мен иммигранттар арасындағы айырмашылық) 2008-
2012 жылдар кезеңінде 6 990 адамды құрады. Иммигранттар мен эмигранттар құрылымында
айтарлықтай айырмашылық бар. Жоғарғы білім бар эмигранттар саны (5 829) иммигрантарға
қарағанда екі еседей көп (3 096) (АТО, 2014), бұл «білімді адамдардың кетуі» әлеуеттік
проблемасын көрсетеді. Шетелдік азаматтар халықтың 0,4% -ын ғана құрайды. Балалар еңбегіне
жол бермеу мақсатында, 2012 жылы Қазақстан маусымдық мигранттарды қоса алғанда, еңбек
мигранттарының балаларына да Қазақстан балалары сияқты оқу орындарына бару құқығын берді
(Антонович, 2013).
Экономикалық өсу және теңсіздік
Қазақстан соңғы онжылдықта айтарлықтай экономикалық өсуге қол жеткізді.
2000 жылдардағы тез өсу 2008 жылғы әлемдік дағдарыс басталған кезде шұғыл төмендеп кетті,
алайда, 2009 жылдың соңына қарай өсу қалпына келді. 2010 жылы ЖІӨ-нің жылдық өсуі 7%-ды
құрады, осы ретте инфляция деңгейі тұрақты болып қалды. 2011жылы жан басына шаққандағы
ЖІӨ 11 358 АҚШ долларын құрады, ол соңғы он жыл ішінде екі есе өсті, сондықтан Қазақстан
табыс деңгейі орташа деңгейден жоғары елдерге жатады. Солай бола тұра, 1991 жылы Кеңес
Одағынан бөлінумен және нарықтық экономикаға көшумен байланысты қиындықтар білім беру
секторына ерекше қатты соққы берді. Шұғыл өзгерістер шамамен 3 668 жуық мектепке дейінгі
ұйым мен 590 мектептің жабылуын және мұғалімдердің еңбекақысының қатты қысқаруын
қамтыды (АДБ, 2004). 1.2-сурет 1993 және 2013 жылдар арасындағы мемлекеттік тұтынушылық
шығындарды және халықтың жан басына шаққандағы ЖІӨ өсуін көрсетеді.
28
1.2-
сурет
Халықтың жан басына шаққандағы ЖІӨ
-
нің динамикасы
және мемелекеттік тұтынушылық
шығындар
Ескертулер
:
Соңғы
тұтынуға
арналған
жалпы
мелекеттік
шығыстар
(
бұрын
жалпы
мемлекеттік
тұтыну
деп
аталатын
)
тауарлар
мен
қызметтерді
сатып
алуға
арналған
барлық
ағымдағы
мемлекеттік шығыстарды
(
қызметкерлердің еңбекақысын қоса
алғанда
)
қамтиды
.
Олар
,
сондай
-
ақ
,
елдің қауіпсіздігі мен қорғанысына арналған шығыстардың
көбін қамтиды, бірақ
мемлекеттік капиталдың
бір
бөлігі болып табылатын мемлекеттік
әскери шығыстарды
қамтымайды.
Дереккөз
:
Дүниежүзілік
банк
статистикасы
(2014),
Дүниежүзілік
банктің
ұлттық есепшотының
деректері, Дүниежүзілік
банк
деректерінің веб
-
сайты
,
http://data.worldbank.org/indicator/NY.GDP.PCAP.CD
; UNDATA (2014),
ЮНЕСКО
Статистика
институтының
веб
-
сайты
,
https://data.un.org/Data.aspx?q=public+expenditure+per+capita+percentage+GDP&d=UNESCO&f=series%3aXUNIT_GDPCAP_F
SGOV
Қазақстандағы экономикалық қызмет және инвестициялар кен өндіру салалары айналасында
шоғырланған (мұнайгаз, кен өндіру саласы), ал экономикалық өсу әлемдік баға мен өндірістің
өсуімен күшейе түседі. Кен өндіру салаларына Қазақстан экспортының 65%-ы және 2009 жылғы
тікелей шетелдік инвестициялар ағымының 70%-ы келеді (ЭЫДҰ, 2012). Халықаралық валюта
қоры (ХВҚ) жуырда елде «голланд ауруы» болуын көрсететін индикаторларды анықтады (табиғи
ресурстардың экономикалық өсуінің артуы және өңдеу өнекәсібі немесе ауыл шаруашылығындағы
өндіріс көлемдерінің төмендеуі арасындағы елеулі байланыс) (ХВҚ, 2013). Көлік,
фармацевтикалық, телекоммуникациялық, мұнай-химиялық және тамақ салаларын дамыту
жолымен экономиканы әртараптандыру бойынша күш салуға қарамастан, бұл салалардың
өнімділігі мен бәсекеге қабілеттілігі аз болып қалуда. Мұнай және басқа кен өндіру салаларына
артық тәуелділік мемлекеттік шығыстардың өндіріс шоктары мен әлемдік бағаларға қатты
ұшырайтынын білдіреді. Бұл 2014 жылы мұнай бағасының төмендеуінен байқалды. Қолда бар
бағалауға сәйкес, мұнай табыстарының салықтары 2006 жылы мемлекеттік кірістердің 37%-ын
құрады (Дали, 2008).
Табыстарды жеке және географиялық бөлуде үлкен айырмашылық сақталады. Джини
коэффиценті, 0-ден (мінсіз теңдік) 1-ге дейінгі (ең жоғары теңсіздік) шекте болатын, қоғамдағы
кірістердің теңсіздігі деңгейін өлшейтін көрсеткіш, соңғы он жыл ішінде 2001 жылғы 0,34-тен
2
4
6
8
10
12
14
16
18
20
50
150
250
350
450
550
650
750
850
1992
1993
1994
1995
1996
1997
1998
1999
2000
2001
2002
2003
2004
2005
2006
2007
2008
2009
2010
2011
2012
2013
М
ем
лек
еттік ш
ы
ғы
стар
(ЖІ
Ө
%
-ы
)
IЖІ
Ө
ө
згер
у
ин
дек
сі
(19
90
=1
00
)
Жанбасылық ЖІӨ-нің өзгеру индексі
Соңғы тұтынуға арналған жалпы мемлекеттік шығыстар (ЖІӨ %-ы)
29
2012 жылғы 0,28-ге дейін тұрақты жақсарып келген (АТО, 2014). Кедейлік шегінен төмен тұратын
халықтың үлесі 2012 жылы 3,8%-ға дейін төмендеді (АТО, 2014). Ауыл және қала халқы
арасындағы айырмашылық бұрынғыдай үлкен. Мысалы, қалаларға қарағанда, ауылды жерде
күніне 2,3 АҚШ долларына тең кедейлік шегінен төмен адамдар екі есе көп тұрады (Дүниежүзілік
банк, 2012). Қазақстан халқының денсаулығы мен әл-ауқатының индикаторлары адам дамуы
саласында айтарлықтай қиындықтар бар екенін көрсетеді. Табыс деңгейі ұқсас елдермен
салыстырғанда, өмір сүрудің орташа ұзақтығы төмен болып қалуда және соңғы он жыл ішіндегі
жақсаруға қарамастан, ана, нәресте және балалар (бес жасқа дейінгі) өлімі деңгейі бұрынғысынша
жоғары болып қалуда (ЭЫДҰ, 2014 ж).
Еңбек нарығы әйелдер қатысуының жоғары үлесімен, білікті кадрлармен және
жұмыссыздықтың төмен деңгейімен сипатталады. 2011 жылы 15 жастан жоғары адамдардың
жұмыспен қамтылу деңгейі 72%-ды құрады, бұл үлес 2000 жылдан бастап едәуір тұрақты болып
қалды. Халықтың еңбекке қабілетті ер азаматтарының үлесі 77% (ЭЫДҰ бойынша орта есеппен
79%), ал әйелдердің үлесі – 67% (ЭЫДҰ бойынша орта есеппен 62%) құрайды (ЭЫДҰ, 2014а).
2010 жылы 25 жастағы және одан үлкен ересек халықтың төрттен бір бөлігігіне жуығының жоғары
білімі болды (АТО, 2014). Жұмыссыздық деңгейі 2000 жылғы 12,8%-дан 2012 жылғы 5,3%-ға
дейін төмендеді (АТО, 2014). 2011 жылы жұмыс істейтін халықтың көп бөлігі қызмет көрсету
саласында (55%), шамамен бестен бір бөлігі - өнеркәсіп секторында, 27%-ы ауыл
шаруашылығында жұмыс істеді, алайда, соңғысы ЖІӨ-нің 5%-ын ғана құрайды (Дүниежүзілік
банк, 2012). Қолда бар бағалауға сәйкес формалды емес экономика 2007жылы ЖІӨ-нің 38%-ын
құрады (Шнайдер және басқалары, 2010).
Ел әлімдік қоғамдастық өміріне белсенді қатысады және негізгі халықаралық ұйымдар мен
донорлардың барлығы Қазақстанда бар. Дүниежүзілік банк, Азия даму банкі және Халықаралық
валюта қоры 1990 жылдардағы дамыту мақсаттары үшін Қазақстанға едәуір қарыз берген
халықаралық үкіметтік ұйымдар санына кіреді. 2000 жылдардың басында Қазақстан қарыздарды
төледі және бар болғаны бір онжылдық ішінде донорларды қолдаудан бас тартқан аздаған
елдердің бірі болып, халықаралық нарықтардан қарыз алуды жүзеге асыра алды. Азия даму банкі
және ЮНИСЕФ білім беру саласын қолдауға ерекше қатысты (АДБ, 2004 және ЮНИСЕФ, 2010
қараңыз). Үкімет елдің Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кіруі бойынша жұмыс істеуде және
дамыған елдердің деңгейіне сәйкес келетін мемлекеттік саясат әзірлеу бойынша ЭЫДҰ-мен
бұрынғыдан да көбірек ынтымақтастық жасауда.
2
Бұдан басқа, Қазақстан Ресей Федерациясымен
және Беларусь Республикасымен бірге Еуразиялық экономикалық одақ құруда
3
.
Білім беру жүйесін басқару
Функцияларды көпдеңгейлі бөлу
Қазақстан өзінің тәуелсіздігі туралы 1991 жылы жариялады және заңнамалық, атқарушылық
және сот тармақтарына ресми бөлінген билігі бар басқарудың президенттік жүйесінің негізін
қалады. Президент Нұрсұлтан Назарбаев үкіметті 1991 жылдан басқарып келеді. Қазақстан
Республикасы Президентінің Әкімшілігі Премьер-Министрдің, барлық салалық министрлердің,
өңірлік әкімдердің қызметін бақылауды жүзеге асырады. Қазақстанның саяси жүйесін тәуелсіз
зерттеу демографиялық процестердің шектелуін және қоғамдық талқылаудың жеткіліксіз
еркіндігін анықтады (ICG, 2013; Хайнрих, 2010; Бхуян, 2012).
Қазақстан айқын бөлінген иерархияның төменгі деңгейлеріне саяси, әкімшілік және фискалды
өкілеттіліктерді өте аз қалдыратын, жоғары орталықтандырылған, иерархиялық ұйымдастырылған
2
Соңғы жылдары Қазақстан мектептерде ресурстарды пайдалану тиімділігі туралы осы шолуды
санамағанда, ЭЫДҰ-ның білім беру саласындағы бірнеше шолуларына қатысты: кіші жастағы
балаларды тәрбиелеу және білім беру (Литенс және басқалары, жариялауға дайындалуда), кәсіптік
білім беру және дайындық (Алварез-Галван, 2014), мектеп жүйесінің жалпы шолуы (ЭЫДҰ,
2014a), ерекше қажеттіліктері бар және мүмкіндіктері шектеулі оқушылар (ЭЫДҰ, 2010), жоғары
білім (ЭЫДҰ, 2007).
3
2015 жылы Армения және Қырғыз Республикасы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болды.
30
жүйе ретінде сипатталады. Әкімшілік тұрғыда ел 14 өңірге және республикалық маңызы бар екі
қала - қазіргі Астана және бұрынғы астана Алматы қалаларына бөлінген. Президент
тағайындайтын облыс әкімдері жергілікті жерлердегі оның өкілдері болып табылады, өңірлерді
басқарады және Президенттің мемлекеттік стратегиялық шешімдерінің орындалуына жауап
береді. Бұдан әрі ел 87 қаланы, 37 кентті және 6904 ауылдық елді мекенді қамтитын 175 ауданға
бөлінген. Облыс әкімдері аудан басшыларын лауазымға тағайындауға және одан босатуға да
жауапты болады.
Білім беру жүйесінде ұлттық деңгейде бірнеше тарап бар. Президент Әкімшілігі білім беру
стратегиясын белгілеу мен негізгі бастамаларды дайындауда маңызды рөл атқарады. Президент
білім беру саласындағы барлық негізгі бастамаларға қатысады және әдетте, әр жылдың қаңтар
айында шығарылатын өзінің жыл сайынғы жолдауында білім беру жүйесі үшін нұсқаулар береді,
кейін оларды ҚР БҒМ іске асырады. Бұдан бақа, Президент Әкімшілігі дарынды балаларды
оқытуға арналған «Назарбаев зияткерлік мектептері» желісін дамыту сияқты, ел үшін ерекше
маңызы бар бастамаларды тікелей әзірлейді және жүзеге асырады (3-бөлімдегі 3.1-ендірмені
қараңыз). Президент Әкімшілігі білім беру стратегияларында белгіленген мақсаттарға қол жеткізу
барысының мониторингі бойынша есептерді жалпы қарауға да жауап береді.
ҚР БҒМ білім беру, ғылым, балалар құқығын қорғау және жастар саясаты саласындағы
бақару мен салааралық үйлестіруге жауап беретін орталық орган болып табылады. «Білім туралы»
2007 жылғы ҚР Заңы ҚР БҒМ-ге келесі өкілеттіктерді береді: білім беру саласындағы саясатты
анықтау және орындау, білім беруді қаржыландыру бойынша нормативтік-құқықтық актілерді
әзірлеу, білім беру стандарттары мен оқу бағдарламаларын әзірлеу, бағалау жүйелерін
ұйымдастыру және енгізу, мұғалімдерді даярлауға қойылатын талаптарды қалыптастыру, қазақ
тілінде оқыту процесін қолдау, білім беру саласындағы халықаралық келісімдерге қол қою. ҚР
БҒМ ерекше маңызды бағыттар бойынша өз жұмыстарын қолдау үшін бірнеше ведомстволық
бағынышты ұйым құрды (2-бөлімді қараңыз).
Стратегиялық және ағымдағы жоспарлар қысқа, орташа және ұзақ мерзімді болашаққа
арналған бағыттар мен мақсаттарды айқындайды, ал нормативтік құжаттар жүйесі осы бағыттар
мен мақсаттардың қалай жүзеге асырылатынын белгілейді. Ұлттық мақсаттарды жүзеге асыру
және нормативтік құжаттар жүйесіне сәйкестігін қамтамасыз ету барысының мониторингі үшін
барлық деңгейде көптеген тетіктер бар. Жалпы, ҚР БҒМ Президент Әкімшілігі алдында есеп
береді, оның тиімділігін ЭБЖМ (2014 жылғы тамыздан бастап Ұлттық экономика министрлігі
болған), ал бюджеттің орындалуын ҚМ бақылайды.
Облыстар мен аудандар мектептерде білім беру қызметтерінің ұсынылуына жауапты болады.
Облыстар мен аудандардың шығыстарды жүзеге асыру бойынша міндеттерінің нақты анықтамасы
2007 жылғы Бюджет кодексінде белгіленген. Осыған дейін әрбір облыс өзінің қарауы бойынша
денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қамтамасыз ету саласындағы қызметтері бойынша
міндеттемелерді аудандарға беретін. Теорияда бұл түрлі сипатқа және жергілікті билік
органдарының түрлі жергілікті жағдайларға бейімделуіне алып келуі мүмкін еді. Алайда, шын
мәнінде, шығындарды жүзеге асыру кезіндегі қарастырудың құқығын шектеумен бірге
нормативтік құжаттар мен жоспарлаудың ауқымды жүйесі жергілікті деңгейде қызметтер
көрсетудегі аз ғана өзгешеліктерге алып келді (Махмутова, 2001). Оған қоса, облыстар мен
аудандар орталық атқарушы органдардың саясатын бұза алмайды және ұлттық мүдделерді
сақтауы тиіс (Бхуйян, 2010).
ЭЫДҰ елдерімен салыстырғанда Қазақстандағы мектептер дербестіктің шағын дәрежесіне
ие. Олардың міндеттеріне сыныптар арасында оқушыларды бөлу, үлгерімі төмен оқушыларды
қолдау стратегиясын әзірлеу, басшылық және педагогикалық құрам тобын құру кіреді. Мектеп
директорларында кадрлық ресурстарды басқаруда дербестіктің салыстырмалы түрде жоғары
деңгейі бар, атап айтқанда, мұғалімдерді жалдау, олардың арасындағы міндеттерді бөлу және
оларды жұмыстан шығару. Алайда, мектептегі лауазымдардың саны мен түрлері орталық
нормативтік құжаттармен, әсіресе оқу жоспарына қойылатын талаптармен, үлгілік штаттармен
және мектептегі оқушылардың санымен қатаң реттеледі. Мектеп директоры мұғалімдердің
апталық жүктемесін ставка жүйесіне сәйкес бөледі. Бұл мектепте талап етілмеген мұғалімдерге
31
оларды жұмыстан шығарудың орнына аз сағат саны бөлінетінін білдіреді (толығырақ 3-бөлімді
қараңыз). Шындығында, жұмыстан шығару өте сирек кездеседі. Мектеп директоры қандай
мұғалімдерді өзінің орынбасарлары етіп тағайындайтынын өзі шеше алады, бірақ директордың
орынбасарларының түрі мен саны заңнамамен бекітілген.
Қамқоршылық кеңестер мен ата-аналар комитеттері мектеп қызметінде маңызды рөл
атқарады. Оқып жатқан балалардың ата-аналарынан тұратын ата-аналар комитетінің барлық
мектепте болуы дәстүрлі қалыптасқан. Олар мұғалімдер ата-аналар жиналысында сайлайтын ата-
аналардың ресми емес (заңнама түрінде тіркелмеген) тобы болып табылады. Олардың
функциялары қолдаушы болған және солай қалады, олар мектеп іс-шараларын ұйымдастырады,
әлеуметтік және мәдени қызметке, мектеп саяхаттарын ұйымдастыруға және т.б. көмектеседі.
Әдетте, оларда мектептің кадрлық және қаржылық құжаттарына рұқсат болмайды. Кейбір
мектептерде 2007 жылдан бастап Қамқоршылық кеңестері жұмыс істеп келеді. Олардың
құрамына, ата-аналардан басқа, қоғам және басқа жергілікті көшбасшылар өкілдері кіреді.
Олардың мектепті басқарудағы функцияларына мектеп стратегиясын әзірлеуге қатысу, негізгі
қызметкерлерді тағайындау және мектептің қаржылық қызметін бақылау кіреді. Алайда,
Қамқоршылық кеңестері бұл маңызды міндеттерге тек сирек жағдайларда ғана қатысады, қазіргі
кезде олардың қызметі ата-аналар комитеті сияқты, әлеуметтік және мәдени шараларды
ұйымдастыруға жәрдемдесуден тұрады. Оған қоса, бүгінгі күнге дейін олар барлық мектептердің
жартысынан азында ғана құрылған. Тоғызыншы сынып оқушыларының ата-аналары арасында
сауалнама жүргізу ата-аналардың 40%-ы мектеп іс-шараларына және сынып жұмысына үнемі
қатысатынын, ал қалғандары мұғалімдер мен ата-аналардың жиналыстарына сирек келетіндерін
көрсетті. Ата-аналардың шамамен 75%-ы өз балаларына үй жұмысын орындау кезінде үнемі
көмектеседі (ҰБСБО, 2012). Қазақстанда ата-аналар, әдетте, орта есеппен алғанда ЭЫДҰ елдеріне
қарағанда, өз балаларының білім алуына көбірек араласады (ЭЫДҰ, 2013a).
Қазақстандағы даму стратегиялары жөніндегі консультациялар, әдетте, тек мемлекеттік
органдар арасында ғана жүргізіледі және ұйымдастырушылық иерархия тәртібінде жүзеге
асырылады. Азаматтық қоғам мен мүдделі топтардың білім беру саласындағы рөлі үлкен емес. ҚР
БҒМ ресми веб-сайтын жасап және оны жүйелі жаңартып және білім беру ұйымдарын өздерінің
веб-сайттарын жасауға көтермелеп, ашықтықты арттыруға тырысты.
Кеңес Одағының ыдырауы және шетелдік донорлық ұйымдардың одан кейінгі қызметі
Қазақстанда коммерциялық емес сектордың пайда болуына және дамуына ықпал етті. Дегенмен,
көбі белсенді емес 200 ресми тіркелген ұйымның ішінен қазіргі үкіметтік емес ұйымдардың (ҮЕҰ)
саны және олардың білім беру секторына нақты әсері аз болып көрінеді (Ибраева және Нежина,
2013) және халықаралық ұйымдардың білім беру жүйесін дамытудағы маңыздылығы біртіндеп
төмендеуде. Соңғы онжылдық ішінде білім беру жүйесі үшін кейбір қаржыландыру сыртқы
ұйымдардан қарыздар, гранттар, демеушілік және қайырымдылық көмек түрінде түсіп отырды.
Білім беру саласындағы жобаларын қолдайтын халықаралық ұйымдарға мемлекеттік стратегиялар
мен реформалар саясатын әзірлеудегі техникалық көмектен бастап оқу алмасу бағдарламаларына
дейінгі әр түрлі тәжірибесі мен басымдығы бар ұйымдар кіреді. Халықаралық үкіметтік
ұйымдарды (мысалы, Еуропалық комиссия, АДБ, Дүниежүзілік банк, ЮНЕСКО, ЮНИСЕФ),
жекелеген елдердің үкіметтік ұйымдарын және басқа ҮЕҰ (мысалы, Сорос Қоры) қоса алғанда
олардың көпшілігі өз қызметін 1990 жылдардың басында және ортасында бастады. Әдетте,
басымдықтар
білім
берудің
демократиялық
құндылықтарын
дамытудан,
басқаруды
орталықсыздандыру мен институцианалдық дамудан, жаңа оқулықтар мен оқу материалдарын
әзірлеу мен жариялаудан, мұғалімдер мен басшыларды өндірістен қол үзбей оқытудан тұрады
(АДБ, 2004).
Құқықтық және стратегиялық негіздер
Қазақстан Республикасының Конституциясы (1995) мен «Білім туралы» Қазақстан
Республикасының Заңы (2007) білім беру жүйесінің негіздерін айқындайды. Заң білім берудің
мақсаттары мен қағидаттарын, әкімшілік құрылымын, мемлекеттік және жеке меншік мектептер
жүйесін белгілейді. Ол, сондай-ақ, білім беру ұйымдарының әкімшілік және қаржылық
орталықсыздандырылуын белгілейді. Білім берудің нормативтік-құқықтық негізіне басқа
32
заңнамалық актілердің, Президент жарлықтарының, Үкімет қаулыларының, Білім және ғылым
министрі бұйрықтарының, ҚР БҒМ алқасы шешімдерінің белгілі бір ережелері кіреді. Білім беру
саласындағы саясатты әзірлеу түрлі жоспарлы құжаттар мен стратегиялардың, атап айтқанда,
БДМБ негізінде жүзеге асырылады.
Қазақстанда елдің көрінісін жалпы анықтау үшін, сондай-ақ орталық деңгейдегі білім беру
жүйесінің әрбір аспектісін реттеу үшін мемлекеттік стратегиялық жоспарлау жүйесі қолданылады.
Бірқатар стратегиялар мен жоспарлы құжаттар келісушілікті қамтамасыз етеді және қысқа, орташа
және ұзақ мерзімді болашақта саясат әзірлеу кезінде нұсқаулық ретінде пайдаланылады. Барлық
негізгі стратегиялық құжаттар заңнамалық құрылымның бір бөлігі болып саналады. Мектепте
білім беру жүйесін стратегиялық жоспарлаудың мемлекеттік жүйесіне төмендегілер кіреді:
Достарыңызбен бөлісу: |