Саяси ұсынымдар
Тиімділіктің негізгі проблемаларын барлық жерде шеше
отырып, білім беруге арналған жалпы мемлекеттік
шығыстарды ұлғайту
Мемлекеттік шығыстарды біртіндеп ұлғайту сектордың стратегиялық жоспарларын орындау
және ЭЫДҰ стандарттарына қол жеткізу үшін көзделуі тиіс (ЖІӨ-нің 5-6%-ы). Қосымша қаражат
дұрыс жұмсалуы және мемлекеттік қаражатты пайдалану тиімділігі бір мезгілде арттырылуы тиіс.
Инвестициялаудың басымдықтары ерте білім беру саласы, сондай-ақ әділдік пен теңдікті
қолдайтын аспектілер болуы тиіс. Тағы бір басымдық білім беру жүйесі қызметінің есептілігі мен
мониторингі тетіктерін нығайту болып табылады. Бұдан басқа, бюджеттік конверт жүйенің жаңа
бағдарламалар мен жаңа тәсілдерге бейімделу қабілетін ұлғайта отырып, біртіндеп ұлғайтылуы
тиіс.
Бюджетаралық трансферттер жүйесін қайта қарау
Қазақстан оның тиімділігі мен әділдігін арттыру мақсатында бюджетаралық трансферттер
жүйесін реформалаудың одан әрі мүмкін жолдарын зерттеуі тиіс. Білім беру секторына әсерді
қарау үшін нақты салалар мыналарды қамтиды: (I) білім беруді билік деңгейлері бойынша
қаржыландыру жөніндегі міндеттердің нақты бөлінуін қамтамасыз ету; (II) ресурстарды бөлу үшін
ашық көрсеткіштері мен коэффициенттері бар формуланы пайдалану; (III) білім беру
қызметтерінің жоғары сапасын қамтамасыз ету бойынша бюджеті жеткіліксіз аудандардың
жеткілікті қаржыландырылуына кепілдік беру үшін ресурстарды облыстар мен аудадар бойынша
тең бөлу; және (IV) әр түрлі нысаналы ресурстар мен бюджеттен тыс ресурстарды барабар әрі
тлық ұсыну және есепке алу үшін бюджеттік жіктемеде ерекше есептік санаттарды енгізу.
Жергілікті және мектеп дербестігін біртіндеп ұлғайту
жолдарын зерттеу
Қазақстан білім беру саласында дамуы үшін мектептер мен жергілікті тқарушы органдардағы
үлкен өз бетімен жұмыс істеуді қамтамасыз етудің ықтимал жолдарын зерттеуі тиіс. Белгілі бір
шешімдерді ресурстардың оңтайлы бөлінуін қамтамасыз ету үшін өз мектептерінің
қажеттіліктерін жақсы білетін жергілікті билік органдары мен мектеп директорларына қалдырған
жөн. Дербестіктің жоғары деңгейі бөлшекті міндеттерді емес, ең аз стандарттарды анықтау үшін
қолданылуы мүмкін қазіргі нормалар жүйесінің әлсіреуін білдіреді. Дербестіктің ұлғаюы
мектептер мен жергілікті билік органдары арасындағы бар айырмашылықтарды күшейтуі мүмкін,
сондықтан, үздік практикаларды тарату және қажеттілігі барларды қолдау тетіктері енгізілуі тиіс.
Осыған байланысты, мектептерді аттестаттаудың дамушы функцияларын күшейту қажет.
Әлеуетті арттыру және деректердің негізінде
жоспарлау мен мониторингке жылжу бойынша күш
салу
Қазақстан жобалау кезеңінде де (реформалардың қажетті типін талдау кезінде) және іске
асыру кезеңінде де (реформалар тұжырымдамасын практикада қолданудың үздік тәсілі туралы
шешімдер қабылдау кезінде) реформалау жөніндегі болашақ бастамалар үшін негіз ретінде
дәлелдер мен бағалауды қолдану мәдениетін дамытуы тиіс. Кері байланыстың мұндай типін
енгізудің үздік тәсілі – соңғы бастамалар тәжірибесін қарау, іске асыру процесіндегі жетістіктер
мен шектеулерді алу және жариялау. Білім берудегі ағымдағы негізгі бастамалар қаралуы тиіс.
Жанбасылық қаржыландырудың пилоттық жобасының, қамқорлық кеңестерінің, шағын
жинақталған мектептерге арналған ресурстық орталықтардың, электрондық оқытудың және басқа
бастамалардың әсері талдануы тиіс және талдау нәтижелері білім беру жүйесінің мүдделі
тараптарының кең тобына таратылуы тиіс. Мұндай талдау барысында жиналған деректер
реформаторлық бастамаларды болашақ жоспарлауға қатысты пікірталастар негізі ретінде
жариялануы және пайдаланылуы тиіс.
20
Үлгерімі нашар және төмен отбасылардан шыққан
оқушыларға және мектептерге көбірек көңіл бөлу
Білім беру мүмкіндіктерінің теңдігін арттыру үшін үлгерімі нашар оқушылардың үлгерімін
арттыруға қосымша күш жұмсау қажет. Дарынды және басқа оқушыларды оқыту арасында
ресурстардың ұсынылуын бірдей ету қажет. Атап айтқанда, дарынды оқушыларды академиялық
олимпиадаларға дайындауға инвестициялау аса ұтымды емес. Мемлекеттік ресурстардың
шектеулі көлемі, керісінше, үлгерімі нашар оқушыларды қоса алғанда, оқушылардың көпшілігіне
бағытталуы тиіс. Осы проблеманы шешу бойынша нақты шаралар ресурстардың ағымдағы
бөлінуінің теңдігін қайта қарап және үлгерімі нашар және аз қамтамасыз етілген оқушылар үшін
көбірек қаржыландыруды қамтамасыз ете отырып, барлық балаларға базалық сапа білімін беру
үшін «осал оқушылар» түсінігін кеңейтуді қамтиды.
Мектептер мұндай оқушыларды ертерек анықтау және қолдау бойынша көтермеленуі тиіс.
Анықтағаннан кейін жүйе осы оқушыларды оқуының барлық уақытында қолдауы тиіс. Бұл
мектептерге, сыныптарға немесе тәуекел тобындағы жекелеген оқушыларға қосымша ресурстар
қажет екенін білдіреді. Барлық оқушыларға арналған талаптар жүйе ішінде артылуы тиіс және
сынып ішіндегі оқушыларды олардың қабілеттері бойынша бөлу практикасы тоқтатылуы тиіс.
Әрбір оқушы қосымша тәлімгерлік немесе коучинг арқылы қолдау немесе өз күшін ашу
мүмкіндігін алуы тиіс. Мектепке келмейтін оқушыларға ерекше көңіл бөлінуі тиіс және осы
тәуекелді азайту жөніндегі саясат іске асырылуы тиіс.
Мектептерді қаржыландыру формуласын енгізу кейінге
қалдырылуы және қайта қаралуы тиіс
Жаңа
болжамды
қаржыландыру
схемасының
енгізілуі
қаржыландыру
тетіктері
жетілдірілгенге дейін кейінге қалдырылуы тиіс. Қаржыландырудың жаңа схемасын енгізуге
жеткілікті дайындық оның жетістігінің қажетті шарты болып табылады. Пилоттық жобаны терең
зерттеу қажет және оның нәтижелерін жариялап, көпшілікпен талқылау қажет. Кейіннен қазіргі
халықаралық тәжірибе негізінде әзірленетін қаржыландырудың жаңа схемасын анықтау үшін
пилот жобаларын пайдалану орынды. Пилоттық жоба мониторингін жобаны іске асыратын ұйым
емес, сыртқы ұйым жүргізуі тиіс.
Мектеп желісін ұйымдастыруды жақсарту
Ауылда білім беруді қамтамасыз етудің ұлттық стратегиясын әзірлеу қажет. Қазақстанның
барлық ауқымды ауылды аудандарындағы шағын жинақталған мектептер жүйесіне баса назар
аудару тұрақсыз болып табылады және сапамен, тиімділікпен және әділдікпен байланысты
проблемаларға әкеледі. Стратегияның негізгі төрт компоненті болуы тиіс: I) ұлттық стратегиялық
бағыт және шағын жинақталған мектептерді шоғырландыру жоспары; II) ауыл мектептерінің
ресурстарды тиімді басқару бойынша икемділігі; III) ауыл мектептерінде ресурстарды бөлудегі
теңдік пен әділдік; және IV) шағын жинақталған мектептерде білім беру сапасын мониторингілеу
тетіктері. Шағын жинақталған мектептердің қажеттіліктерін қолдау үшін ресурстық орталықтар
ашу жөніндегі бастаманы қарау және бағалау қажет.
Адами ресурстарды басқаруды жақсарту
Қазақстан жоғары білікті педагогикалық кадрлар мен басшыларды дамыту бойынша шралар
қабылдауы тиіс. Біріншіден, үміткерлердің қабілеттерін бағалау тестілері мен сұхбаттар және
оларды уәждеу арқылы педагогикалық мамандыққа түсуге қойылатын талаптарды көтеру қажет.
Институттар мен ЖОО-да мұғалімдерді алғашқы даярлау орындарының саны мектеп жүйесінің
қажетті санына дейін шектеулі болуы тиіс. Екіншіден, институттар мен алғашқы педагогикалық
даярлық білім беру бағдарламаларының сапасын да жақсарту қажет, сондай-ақ барлық деңгейлер
бойынша педагогикалық кәсіпке кірген кезде жоғары білімді талап ету қажет. Педагогикалық
мамандықтар санын мұғалімдердің бірнеше пәнді оқытуы үшін төмендету қажет, осылайша, адами
ресурстарды басқару тиімділігін арттыру қажет. Үшіншіден, мектеп басшылары мен
мұғалімдеріне арналған стандарттарды дамыту және кеңінен тарату Қазақстанда мектеп
21
директоры немесе жақсы мұғалім болудың не екенін жалпы түсінуді қамтамасыз ету үшін негізгі
болып табылады. Соңында, ставкаға негізделген мұғалімдерге ақы төлеуден мұғалімдердің жұмыс
жүктемесіне ақы төлеуге көшу қажет, бұл мұғалімдердің кәсіптілігін жақсартуға маңызды қадам
болуы мүмкін. Педагогикалық кадрлардың жалпы саны, сондай-ақ еңбекк ақы төлеу деңгейі қайта
қаралуы тиіс.
Мектеп мұғалімдері мен басшыларын кәсіптік дамыту
үшін құрылымдық, тұрақты және маңызды
мүмкіндіктер беру
Қазақстанда мұғалімдер арасында біліктілікті арттырудың тұрақты практикасының анық
қажеттілігі бар, ол қызметтің әртүрлілігін қамтиды және мектептің даму жоспарына негізделеді
және мұғалімдердің біліктілікті арттыру бойынша қажеттіліктерін көрсетеді. Жақсы оқытудың не
болып табылатынын анықтау және нақты белгілеу қажет және мұғалімдер осы деңгейге қол
жеткізген кезде көтермеленуі тиіс. Сондай-ақ, мектептегі көшбасшылықты дамытудың жүйелі
тәсілі қажет. Қазіргі уақытта басшы дағдыларының диагностикасы біліктілікті арттыруды
жақсарту бойынша шаралар қабылдауды негізгі элемент болы тиіс. Бұл мектептерді
қаржыландырудың жаңа тетігін жоспарланған енгізу кезінде ерекше маңызды, ол мектеп
басшылары тарапынан қаржылық менеджмент қағидаттарын түсіну бойынша көбірек тиімділікті
талап етеді.
Мектептердегі оқу уақытын пайдалануды қайта қарау
Қазақстан үш ауысымды мектептерді жою бойынша күш салуды қолдауы және екі ауысымды
мектептердің бастауыш сынып оқушыларына әсерін барынша азайту жолдарын зерттеуі тиіс. Көп
ауысымды мектептерде барлық бастауыш сыныптар бірінші ауысымда оқуы тиіс, бұл бастауыш
мектеп оқушыларына да және оқуы сол күні кешірек басталатын жоғары сынып оқушыларына да
пайдасын тигізеді. Жылдам демографиялық өзгерістер мен жаңа мектептерді салудағы
қиындықтар кезінде бірнеше ауысымда оқу білім беруге қол жетімділікті жеңілдетуі мүмкін,
алайда, білім берудің сапасына теріс әсер етуі мүмкін. Қазақстан ЭЫДҰ елдеріндегі ресми оқу
уақытының орташа көрсеткіштеріне сәйкес келу үшін, әсіресе 1-4 сынып оқушылары үшін оқу
сағаттарының нормаларын реттеуі тиіс. Мектептегі салыстырмалы қысқа күн төмен отбасылардан
шыққан және үлгерімі нашар балаларды тәуекелге ұшыратуы мүмкін. Мектеп күнін ұзарту
бастауыш сынып оқушылары үшін тиімді болып танылды. Сондай-ақ, мектептерге оқу уақытын
ұйымдастырудың әр түрлі жолдарын зерттеуді ұсыну қажет. Әр түрлі нұсқалар демалыстар
кезінде немесе басқа кез келген нысанда сыныптан тыс бағдарламаларды ұйымдастыруды қамтуы
мүмкін.
Мектеп қоғамының белсенді қатысуына және
мектептер арасындағы тығыз әріптестікке жәрдемдесу
Ата-аналар мен басқа да мүдделі тараптардың мектеп өмірі ұйымдастыруға және білім беруді
дамытуға септігін тигізуге қатысуының көптеген мүмкіндіктері бар. Қамқорлық кеңестері
практикасын тарату дұрыс бағыттағы қадам болып табылады. Дегенмен, ата-аналар мен қоғам
мүшелерінің мектеп өміріне қол жетімділігінің бірнеше жолын жасауға болады. Мысалы,
жергілікті қоғамның мектеп объектілерін пайдалануы тұрақты емес, себебі мектеп басшылары
мектептің материалдық-техникалық базасының пайдаланылуын ұлғайтқысы келмейді немесе
ұлғайта алмайды. Мектеп пен қоғам, сондай-ақ мектептер арасындағы ынтымақтастық
Қазақстанда ресурстардың анағұрлым тиімді пайдаланылуына ықпал етуі мүмкін. Мектеп
басшылары басқа мектептермен әріптестік жасауда белсенді рөл атқаруы және ортақ объектілерді,
кадрлар мен жабдықты пайдалану арқылы білім беру жүйесін жақсартуға жәрдемдесуі тиіс.
Практиканы жақсарту үшін мұғалімдерді, басшыларды
және мектептерді бағалауды пайдалану
Бағалау практикасы ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыру үшін бірнеше салада
күшейтілуі мүмкін. Біріншіден, педагогикалық аттестаттаудың дамушы функциясы күшейтілуі
22
мүмкін. Мектеп мақсаттарын анықтау және басқалары үлесіне жататын мұғалім-әдіскерлер, аға
әріптестер және мектеп басшылығы жүргізетін мектептің ішкі процестері барлық мектептерде
жүйелі болуы тиіс. Осы рәсімнің басты қорытындысы қандай да бір мұғалімнің оқытуы туралы
кері байланыс болады, оның негізінде әрбір мұғалімнің біліктілігін арттырудың жеке жоспары
әзірленетін болады. Сондай-ақ, мектептің тиісті нәтижелерінің дұрыстығын қамтамасыз ету үшін
ішкі процесті сыртқы бағалау қажет. Екіншіден, барлық мектеп басшыларын аттестаттаудың
толық рәсімінен өтуге міндеттеу қажет. Бұл бағалау жүйесіндегі нақты критерийлерді, нұсқаулар
мен тәртіптік шараларды әзірлеуді қамтиды. Жүйе жақсартуға ықпал ету, жетістіктерді белгілеу
және үлкен қолдауды қажет ететіндерді анықтау үшін мектеп басшыларын толық пікірлермен
қамтамасыз етуі тиіс. Тиімділігі көбірек болу үшін жүйе мектеп нәтижелілігіне ғана негізделмей,
тұтас болуы тиіс. Сондай-ақ, мұғалімдерге біліктілігін арттыру мүмкіндігі туралы ақпарат берудің
толық процесін енгізу қажет.
Мектепті бағалау мектептерді тұрақты жақсарту үшін негізгі иінтірек болуы тиіс. Сыртқы
бағалау процестері мектепті дамытуға күшейтілуі және ережелерді сақтаудың қазіргі моделінен
кетуі тиіс. Бұл мектеп аттестаттауын ек бөлек процеске бөлуді қамтуы мүмкін: (I) мектептегі
оқыту және үйрету процестеріне негізделетін сыртқы бағалау; және (II) мектептің ережелерді,
оның ішінде қаржылық ережелерді сақтауын бағалау үшін аудит процесі. Оқыту және үйрету
процестеріне бағытталған сыртқы бағалау әрбір мектепке ашық, ұлттық еңгейд келісілген
критерийлер негізінде жақсарту бойынша консультациялар ұсынуды қамтитын болады. Комиссия
мүшелерінің санын азайту, бағалау туралы есептердің мазмұны мен құрылымын жеңілдету,
құжатайналымды төмендету және өзін-өзі жетілдіру процесінде мектептердің өзін-өзі аттестаттау
мүмкіндігін қамтамасыз ету кезінде сыртқы бағалауды ұйымдастыру процестері Қазақстандағы
осы жағдаймен салыстырғанда анағұрлым тиімдірек болуы мүмкін. Озық тәжірибені анықтау мен
тарату және мектептердің өзін-өзі аттестаттау процесін күшейту – бұл Қазақстанды ЭЫДҰ
елдерінде қолданылатын практикаға жақындату үшін қайта қаралуы тиіс екі қосымша сала.
Мектептер туралы мәнмәтіндік ақпарат әзірлеу және оқушылардың нәтижелерімен бірге
барлық жерде жариялау қажет. ҰБТ нәтижелерін айырмашылықтарды, мысалы, әлеуметтік-
экономикалық ережені есепке ла отырып шығару ұсынылды. Бұдан басқа, алғашында ҰБТ
жоғарғы оқу орнына түсу үшін негізгі емтихан ретінде мектептерді бағалау үшін жасалмағанын
растау қажет, себебі оқушылар ЖОО түскісі келгенде тестіні ерікті түрде тапсырады. Сондықтан,
мұндай тестілер әрбір мектептің оқушылардың білім сапасын дамытуға қосатын үлесін шын
мәнінде бағалай алады ма екені түсініксіз, бұл мектептер деңгейінде нәтижелерді жариялау туралы
көптеге сұрақтар туғызады.
Ресрустарды анағұрлым тиімді пайдалану үшін
ынталандыру енгізу
Міндетті нормалардың қазіргі жүйесінн тиімділікті көтермелейтін ынталандыру жүйесіне
көшу күрделі процесс болып табылады. Дегенмен, құқықтық нормаларға бағыну менталитетінен
проблемаларды креативті шешу мен шешімдерді қабылдаудағы үлкен дербестікті көтермелеуге
біртіндеп көшу қажет. Нормалар жүйесінің біртіндеп әлсіреуі барлық деңгейдегі білім беру
басшыларын жергілікті жағдайларды ескере отырып, анағұрлым өзекті проблемаларды шешу үшін
ресурстарды пайдалануда қолдауы мүмкін. Қысқа мерзімді келешекте бұл әрбір мектептің жеке
басымдықтарына сәйкес пайдаланылатын нақты еркін қолданылатын бюджет бөлу арқылы
көтермеленуі мүмкін. Алдыңғы жылдары үнемделген кез келген қаражат осы еркін бюджетке
салым ретінде ауыстырылуы мүмкін. Ресурстарды пайдалануда көбірек тиімділікті көтермелеуді
қамтамасыз ететін және бюджетті ұстаушыларға олардың нәтижелері үшін жауапкершілік
жүктейтін нәтижелілікке негізделген бюджетті іске асыруда одан әрі күш қажет.
Ақпаратты мониторингілеу мен жинау тетіктерін
дамыту
Мониторингтің сыртқы және тәуелсіз жүйелерін дамыту Қазақстанның білім беру
секторындағы мониторингтің ағымдағы жағайын күшейтуге мүмкіндік береді. Осындай жүйелер
енгізілгеннен кейін мектеп ресурстарын пайдалану көрсеткіштерін салыстырмалы талдау және
23
мониторингілеу ұлттық органдарға білім беру жүйесін тез бағалауға мүмкіндік береді, бұл
саясатты жоспарлау мен жүзеге асыруды жақсартуға әкеледі. Сыртқы және тәуелсіз органдар
қазіргі мониторинг жүйелерімен генерацияланатын деректерді талдауды жақсартады.
Сондай-ақ, деректерді жинау жүйесі мен әдістерін жақсарту қажет. Атап айтқанда, Білім
беруді басқарудың бірыңғай ақпараттық жүйесі (Unified Education Management Information System)
білім беру секторын басқару үшін шешімдер қабылдайтын тұлғаларға ресурстарды бөлу туралы
шешімдерді негіздеу үшін мектеп деңгейінде терең талдау жүргізуге мүмкіндік беруі тиіс.
Деректердің сапасын қамтамасыз ету рәсімдері олардың дұрыстығы мен сенімділігін арттыру үшін
күшейтілуі тиіс.
Билік деңгейлері арасында қаржылық есептілік тәртібін күшейту қажет. Уәкілетті білім беру
органдарында білім беру секторына бөлінген мемлекеттік және жеке ресурстардың жалпы сомасы
туралы нақты түсінік болуы тиіс. Бұл ақпарат кіші деңгейлер (яғни мектепке дейінгі, жалпы орта,
кәсіптік-техникалық білім және т.б.), шығыстардың түрлері бойынша және ақшаны бағыттау
орнының толық географиялық белгіленуімен жеңіл қолжетімді болуы тиіс. Білім беру жүйесінің
барлық деңгейлерінде Білім және ғылым министрлігінің аналитиктері ресурстардың тиімді
бөлінуін бағалау үшін бір оқушыға арналған шығыс сомаларын, сынып көлемдерін, үкімет
басымдықтары қойған кадрлық және басқа тиісті көрсеткіштерді салыстыру мүмкіндігіне ие
болуы тиіс.
Ресурстарды пайдалану тиімділігін талдау
Күшті талдау әлеуеті үкіметтің әзірленген саясат өзгерістерін тиімді жүзеге асыруға жағдайы
бар екеніне кепілдік береді. Бухгалтерлік есепке алу, бюджеттендіру, мониторинг және бақылау
саласындағы талдау әлеуетін арттыру арқылы Қазақстан шешімдер негізделетін ресурстарды
пайдалану туралы ақпаратты жақсы пайдалана алады. Білім беру саласын дамытудың 2011-2020
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасындағы (БДМБ) қазіргі мониторинг жүйесі сандық
көрсеткіштерге негізделсе, әтижелілікке қатысты ресурстарды пайдалану тиімділігін өлшеу
жолдары назарсыз қалуда. Сондай-ақ, өңірлік деңгейде нәтижелілік негізінде мониторинг нашар
жүруде. Білім беру жүйесінің барлық деңгейлерінде тиісті нәтижелерді қадағалайтын
бюджеттендіру процесі ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыруға ықпал етеді.
Ақпаратты белсенді тарату және ашықтықты
арттыру
Қазақстан мектептер мен жергілікті органдардың қызметі туралы ақпарат, оның ішінде
мектеп және білім беруге бөлінген жергілікті бюджет туралы ақпарат тарату жүйесін жақсартуды
қажет етеді. Есептерді тарату есептілік процесінде қағаз жұмысын көбейту ретінде қарастырылуы
мүмкін болса, мектеп бақылау органдары ата-аналар мен сайлаушылар олардың қоғамындағы
мектептердің қалай жұмыс істейтінін және мектеп ресурстарының қалай пайдаланылатынын білуі
үшін бірыңғай ұлттық форматты пайдалану мүмкіндігін қарастыруы тиіс. Бұл қоғам үшін қол
жетімді тілде мектеп аттестаттауы есептерінің (немесе олардың бөліктерінің) басылымына
енгізілуі мүмкін. Мұндай басылымдарға мектеп аттестаттауы туралы есепте көрсетілген
бұзушылықтар үшін жауапты тұлғаларды сәйкестендіру сияқты жеке ақпараттың жариялануына
жол бермеу қажет. Дәл солай, мектептер ашықтықты ұлғайта отырып, Интернетте немесе
мектептердің ақпарат қабырғаларында орналастыра отырып, қол жетімді тілде олардың қызметі
және қаржылық жоспарлары туралы есептерді таратуы тиіс.
Қамқорлық кеңестерінің практикалық пайдасы олардың мүшелерін ресурстарды пайдалану
мәселелері бойынша даярлау арқылы ұлғайтылуы мүмкін. Қамқорлық кеңестері ұлттық және
жергілікті билік органдарынан олардың міндеттеріне қатысты көбірек нұсқаулар алуы тиіс және
қажетті біліктілік бойынша Кеңес мүшелерін таңдау кезінде ерекше назар аудару қажет. Әлеуетті
дамыту бойынша күш (I) есептіліктің қазіргі ашықтығы мен тетіктерін түсіну; (II) мектеп
ресурстарының мониторингі; (III) жергілікті билік органдарына тәуелсіз жұмыс жүргізу; және (IV)
ресурстарды пайдалану тиімділігі мен әділдігі мәселелерін түсіну сияқты салаларда Кеңестің білім
деңгейін арттыруға бағытталуы тиіс.
24
Проблеманы шешу және сыбайлас жемқорлық
мүмкіндіктерін қысқарту
Ресурстарды асыра пайдалану және сыбайлас жемқорлық үшін мүмкіндіктерді қысқарту даму
процесінде басым мақсат болуы тиіс. Тұтас тәсіл ресурстардың пайдаланылуын реттейтін
ережелердің сақталуын бақылау мен есептілік жүйесі мен тиісті ашықтық беру арасында
теңгерімді талап етеді. Қоғамдық өмірдегі біртұтастықты ілгері жылжыту және барлық мүдделі
тараптарды алаяқтық және сыбайлас жемқорлық актілерін жою үшін тану қаралатын негізгі саяси
бастамалар болып табылады. Сыбайлас жемқорлық мүмкіндіктерін азайту үшін сыбайлас
жемқорлық себептерін анықтау, адамдар арасында хабардарлық деңгейін арттыру, жеткізуді
көтермелеу және құралдарды асыра пайдалануға әкелетін нормалар жүйесіндегі бар
олқылықтарды жабу қажет.
25
1-БӨЛІМ
ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БІЛІМ БЕРУ
Қазақстанның анық суреттелген лауазымдық сатының төменгі деңгейлеріндегі аз ғана саяси,
әкімшілік және қаржылық өкілеттіктерді беретін, жоғарыдан төмен қарай айқын
орталықтандырылған жүйесі бар. Бұл жоспарлау мен нормалардың кең жүйесімен
сипатталатын білім беру жүйесінде байқалады. Қазақстан елдің көрінісін бекіту үшін, сондай-
ақ орталық деңгейдегі білім беру жүйесіндегі әрбір аспектіні реттеу үшін ұлттық
стратегиялық жоспарлауды пайдаланады. Жоспарлаудың бірқатар стратегиялары мен
құжаттары, атап айтқанда Қазақстан Республикасының білім беру саласын дамытудың 2011-
2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі - БДМБ) саясаттың жүйелілігі
мен бағыттылығын қамтамасыз етеді. Негізгі бастамаларды дамыту мен білім беру
стратегияларын анықтауда Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің рөлі маңызды, ал
бұл кезде ҚР БҒМ білім беру стратегияларын жүзеге асыру бойынша әрекеттер жоспарын
жасауға шоғырландырылады. Өңірлер (облыстар, Астана және Алматы қалалары) және
аудандар мектептердегі білім беру қызметтерін беруді қамтамасыз етуге жауапты болады.
Қазақстанда орта, оның ішінде бастауыш білім міндетті болып табылады және оқушылар
мемлекеттік мектепке тегін негізде баруға құқылы. Мектепке бару жүз пайызды болып
табылады. Мектептердің көлемі мен орналасуы Қазақстандағы мектеп желісінің негізгі
ерекшелігі болып табылады. Қала мектептері оқушы орындарының жетіспеу үрдісін
бастарынан кешіреді және бірнеше кезекте оқиды. Сонымен қатар, халықтың тығыздығының
төмендігі және мектептегі білім беруге жалпыға ортақ қол жетімділік саясаты ауылды
жерлерде шағын жинақталған мектептердің көбеюіне алып келді (барлық мектептердің 50% -
ына жуық). PISA зерттеулері бойынша оқушылардың білім алу нәтижелері, ЭЫДҰ бойынша
орташа көрсеткіштерден айтарлықтай төмен. Математика бойынша орташа мәндердің
айырмасына қарағанда, қазақстандық 15 жасар оқушылар ЭЫДҰ елдеріндегі өздерінің
қатарластарынан орташа алғанда екі жылға артта қалып отыр. PISA деректері бойынша,
мектептердегі оқыту тілі (қазақша немесе орысша), мектептің орналасуы (қала/ауыл) және
оқушылар мен мектептердің әлеуметтік-экономикалық жағдайы оқушылардың жетістіктеріне
әсер етеді. Облыстағы реформалар бойынша іс-шаралар жоспары амбициялық болып табылады
және маңызды бастамалардың бірқатары, мысалы, мектепке дейінгі желіні кеңейту,
мектептерді жан басына қаржыландыру мен 12 жылдық оқытуды енгізу жүргізіліп жатыр.
|