Күшті жақтар
Мектептерді қаржыландыру формуласын енгізудің шаралары қолға алынды
Қаржыландырудың жаңа моделі мектептерді қаржыландыру жүйесінің анағұрлым тиімді
және дұрыс дамуына бірінші қадам болып табылады. Ұсынылған формула дайындаудың ұзақ
процесінің нәтижесі саналды, оның құрамына пилоттық кезең мен жергілікті сарапшылардың
(Сандж-ФСК қара, 2012) және халықаралық сарапшылардың кеңес енді ( мысалы, ЮНИСЕФ 2012
қара). Оның соңғы формасы ҚР БҒМ және оның ведомстволық ұйымдарының өз сараптамалық
күшінің нәтижесі болды, сондықтан қазақстандық білім жетекшілерінің талаптары мен
ерекшелігін көрсетті. Қаржыландырудың жаңа моделінің жақсы жақтары да бар. Шығындарды екі
бөлікке бөлу, орталық және жергілікті биліктен төлеу, дәл осы, өзге елдерде де қолданылады және
жергілікті жағдайлар мен шығындар деңгейіне бейімделуге ықпал етеді (3.А1 және 3.А2
қосымшасын қара.). Сонымен қатар, формула әрбір жеке мектепке қаржы бөлуді қарастырады
және қолданыстағы нормативті-құқықтық құжатарды да толық есепке алады. Шағынкомплектілі
мектептерді фомуланы қолдану саласынан шығару, ақырғы шара, процесті мақұлдаудың басында
дұрыс сияқты көрінеді, өйткені қаржыны бөлудің бірыңғай ұлттық формуласын қолдану арқылы
кішігірім ауыл мектептерін қаржыландыру қарапайым жағдай емес.
Формула негізінде мектептерге қаржы бөлу,негізінен, қолданыстағы дискреция мен
қазақстандық мектептерді қаржыландыру моделінің өсуін қоса алғанда, өзге әдістерге қарағанда
тиімді және дұрыс шешімге әкеледі. (3.3-ендірмені қараңыз). Жан басын қаржыландыру жүйесі
ресурсты белгілі бір формула бойынша әр оқушыны есепке алып жасайтынын білдіреді, көбінесе
математикалық теңдеу арқылы жүргізіледі. Жақсы жасалған формула мектептерді қаржыландыру
әдісінің белгілі бір жағдайларда тиімді, әділ, тұрақты және ашық болуына әкелуі мүмкін(Левачич,
2008). Формула бойынша қаржыландыру бір типтегі мектептерді деңгейлес әділдік (мысалы,
бастапқы мектептерді) деңгейінде қаржыландырады, және сатылас әділдікте- өзге типтегі
мектептер (мысалы, жалпыакадемиялық және кәсіби мектептер) өз қажеттілігіне сай
қаржыландырылады. Бұл сондай-ақ ресурстарды оңтайлы пайдалануға ынталандыруды
91
қамтамасыз етеді. Қазақстанда қазіргі таңда қолданылып жүрген әдіске тән ресурстарды
дискрециялы және өсім негізінде бөлу өте сирек тиімді әрі әділ болады. Мектептер де өз шығынын
азайту немесе олардың тиімділігін көтеруге ынталы емес. Шындығына келгенде, мектептер
қаржы тапшылығына қол жеткізгенде, бұл тапшылықты өзгелер жабады деп ойлайды, осылайша
өз шығындарын көбейтіп көрсетіп, келесі жылдары көбірек қаржыға қол жеткізгісі келеді.Бұл
бұрынғы Кеңестер Одағының көптеген елдерінде бар «тапшылық бюджеттеу» тәжірибесі ретінде
таныс әдіс. Келіссөз процестері жергілікті актерлердің басымдық пен қатыстық артықшылығына
байланысты, олар өздерінің жоғары қажеттілігі туралы дәлелді айғақтарын алға тартуға шебер
келеді.
Осындай
ынталы
бұрмалаушылыққа
жауап
ретінде,мектептерді
біржақты
қаржыландырудан қорғау және сонымен қатар қаржыландыруға қатысты күтуді төмендету үшін
қаржыны реттеу кең көлемде жүргізіледі,(мысалы,еңбекақы, коммуналдық қызметтер). Алайда
көптеген жағдайларда нақты нормаларды қолдану шешім қабылдайтын тұлғаларға қатысты
болады, сондықтан олар әр түрлі қолданылуы мүмкін. Сонымен қатар, қаржыландырудың
дискрециялы және өсім моделі,көбінесе, бюджеттің төмен деңгейдегі ашықтығымен қатар жүреді.
Формула негізінде қаржыландыру әділдік пен тиімділікті көтеру үшін көбірек мүмкіндіктер
мен құралдар береді, алайда оған ешқашан кепілдеме берілмейді. Ақиқатын айтқанда, теріс
формулалар мен дұрыс бағаланбаған коэффициенттер тиімсіздікті (мысалы, біріктіруге болатын
шағынкомплектілі мектептерді сақтап қалады) және әділетсіздікті (мысалы, көптеген жылдар
бойы көбірек қаржыландырылып келген мектептер мен аймақтарға көбірек қаржы бөлуге)
күрделендіріп жібереді. Қол жеткізілген әділдік пен тиімділік дәрежесі, бұдан басқа, формула
негізінде қаншалықты қаржыландырылуына байланысты келесі талаптарға жауап береді:
Коэффициенттер білімді ұсынумен байланысқан бір адам басына әр түрлі шығындарды
дұрыс қамтып көрсетуі қажет. Бұл тапсырма, егер сыныптар көлемі ауыл және алшақты
мектептердің болуынан қатты ерекшеленетін болса, қиындай түседі. Қиыншылықтар
сонымен бірге формулада оқушылар мен мектептердің қажеттіліктерін (мысалы, оқу
бағдарламасының талаптары, мектеп жабдығы, оқушылардың оқу қарқындылығы)
ескерген кезде пайда болады. Барлық жағдайларды көрсететін қарапайым формула мен
түсінуге аса қиын бола алатын, және түзетуі күтілмеген және жағымсыз нәтижелерге
әкеле алатын күрделі формула арасындағы теңгерімді қамтамасыз ету қажет.
Бюджетті тәртіп, егер бұл ерекше жағдайларға (мысалы, төтенше жағдайлар, қамтудың
көзделмеген өсуі) байланысты болмаса ғана, аудандар мен мектептердің шамадан асқан
шығындарын өтемеуді білдіреді. Бұл оларға бюджеттің негізгі санаттары (жалақы, жылу,
оқу құралдары) үшін жеткілікті қаржыландыруды қамтамасыз ету үшін, өз бюджетін
шынайы жоспарлау мен мұқият болуы тиіс екендігін көрсетеді. Сол уақытта, оларға осы
қажетті шығындарды шектеп, мектеп дамуына қаражат бөлуге тура келеді. Бұл өте қиын,
себебі, бір жағынан, бұл мәселелерді бастан кешетін мектептерді «әрдайым» құтқару
менталитетіне қарсы, және, басқа жағынан, қатаң бюджеттік шектеулерді тек егер
формула негізінде бөлінген қаржыландырудың жеткіліктілігі мен дұрыстығы туралы
жалпы келісім бар болса ғана, қолдануға болады.
Жергілікті органдарға ресурстарды бөлген кезде қарастыру құқығын ұсыну, шамадан артық
реттеусіз және нұсқауларсыз, олардың қажеттіліктері мен басымдықтарына сәйкес келу үшін
қажетті басты шарт болып табылады. Мемлекеттік нормалар мектеп бюджеттерінің көпшілігін
анықтағанда, мұндай иілгіштік болмаса, бюджеттік тәртіп тиімсіздік құралы бола бастайды,
сондықтан ешқандай мемлекеттік ережелер бөлек мектептердің барлық ерекшелігін дұрыс көрсете
алмайды. Алайда формула негізіндегі қаржыландыру іске асыру үшін қиын болуы мүмкін,
мектептердің барлық шығындарын (инфрақұрылым, еңбекті өтеу және т.б.) өте алмауы мүмкін,
және бұл мөлдірлік пен жеткілікті нақты және сенімді деректерді талап етеді (Левачич, 2008).
Жоғарыда аталған шарттар әрдайым толығымен сақталынбағандықтан, жалпыдай, формула
негізіндегі қаржыландыру басқа әдістерге қарағанда, тиімдірек және әділдірек нәтижелер береді.
92
3.3-
ендірме
Мектептерді қаржыландыру
тәсілдері
Мектептер алатын ресурстардың
жылдық көлемін анықтаудың үш негізгі тәсілі
бар:
Әкімшіліктік қарау әр мектептің жеке бағалауына негізделген.Бұл мектеп қажеттіліктерін
нақтырақ көрсете алса да, ол әр мектепті жақсы білу мен ресурстарды артық пайдалануды
болдырмау бойынша шараларды талап етеді. Бұл әдіс индикаторлар пайдалануды алдын
-
ала
қарастыра алған уақытта ол формула негізіндегі қаржыландырудан ерекшеленеді, себебі
қаржыландырудың соңғы сомасы есептерге сәйкес келмей қалуы мүмкін.
Өсім шығындары –
бұл нақты өзгерістерді (мысалы, оқушылар саны, мектептер нысандары,
ресурстарға
бағалар) көрсететін үлкен емес түзетулермен, келесі жылға қаржыландыруды
есептегенде, алдағы жылдың шығындары есептелінетін, мектептерді қаржыландыру жүйесінің
тағы бір түрі. Әкімшіліктік қарау мен өсім шығындары жиі бірге үйлесіп, әдетте орталық
жүйелерде пайдаланылады.
Формула
негізіндегі қаржыландыруда
әрқайсысына мектептер бюджеттерін анықтауға арналған
коэффициенттер тағайындалатын ауыспалылар қатарына ие математикалық формула
қолданылады (Левачич, 2008). Формулалар әдетте ауыспалылардың төрт негізгі топтарына ие
болады: (1)
негізгі: оқушылар саны мен оқу жылына негізделген, (2) қажеттіліктер негізінде, (3)
куррикулум немесе оқу бағдарламасына негізделген, (4) мектептер мінездемелерінің негізінде.
Бір адам басына формула негізіндегі қаржыландыру жиі кезде кейбір шығындар бойынша
қаржыландырудың басқа шығындар (мысалы, өсім шығындары, әкімшіліктік шешімдер) бойынша
басқа әдістерімен үйлеседі. Осылай, күрделі шығындар қаржыландырудың бір адам басына
формуласына сирек енгізіледі.
Дереккөз: ЭЫДҰ
(2012),
Білімдегі әділдік пен сапа: сәтсіз оқушылар мен мектептерді қолдау,ЭЫДҰ
Publishing, Париж.
http://dx.doi.org/10.1787/9789264130852-en
.
Мектептердің үлкен желісі мен мекенжайлық шаралар оқушылардың білімге
қолжетімділігін қамтамасыз етеді
Міндетті білімге барлық жаппай дерлік қолжетімділік, орташа білімнің бастапқы
баспалдағынан жоғарыға дейін, қазақстандық білім жүйесінің ең мықты жақтардың бірі болып
табылады. Мемлекеттің жаппай оқытуға қатты бейілділігі шағын жинақталған мектептерді ашуға,
білім ұйымдастырушылығы жоқ ауылдардағы оқушылар үшін мектеп-интернаттарын және
көлікпен қамтамасыз етуді пайдалануға құқығын ұсыну жолы арқылы кең жайылған ауыл елді
мекендерін қамтитын, мектептердің кеңейтілген желілерінің болуында көрсетіледі. Қазақстанда
мектеп жастағы шамамен 2,5 миллион оқушылардан тек 34 817 (1,4%) оқушы мектептері жоқ елді
мекендерде тұрады; олардың ішінде 26 738 мектепке дейін көлікпен қамтамасыз етіледі, ал
қалғандардың көбісі мектеп-интернаттарда немесе туыстарында тұрады.
Қазақстанда мектептерге барлық балалардың қатысуын қамтамасыз етуге бағытталған
мекенжай бағдарламалары әрекет етеді. «100 мектеп, 100 аурухана» құрылысының кеудемсоқ
бағдарламасының негізгі мақсаттарының бірі оқу орындары жетіспеушілігінің төмендеуі болды,
және ол сәйкес түрде туудың қарқынды өсуі өтетін аймақтарға мақсаттандырылды (төменде
қараңыз). Сонымен қатар, мектепті тастаған немесе тәуекел тобындағы балаларға бағытталған
бағдарламалар бар, мысалы, «Мектепке жол» немесе «Қамқорлық». Одан басқа, мектептер,
өзгелерден басқа, тәуекел тобындағы оқушыларға қаржылық қолдауды көрсетуге бағытталған
олардың бюджеттерінің 1%-на тең қосымша қаржыландыруды алады.
93
Инфрақұрылым, жабдық пен оқу материалдарын жақсарту бойынша маңызды күш
қолданылады
Инфрақұрылым
Соңғы жылдары Қазақстан үкіметі мектеп инфрақұрылымын жаңғырту және оқушылардың
өспелі контингентімен аймақтарда сұранысты қанағат ету бойынша маңызды күштер қолдануда.
Мектептердің көпшілігі 1960-1980 жылдардың кеңес құрылыстық серпілісі уақытында салынған,
және 21 ғасырдың басына қарай олардың көбісі тозудың белгілі бір деңгейіне жетті. 2007 және
2011 жылдар арасындағы кезеңде іске асырылған «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы
орталық атқарушы органдармен 106 мектептердің құрылысына әкелді. Басқа мектептердің көбісі
жергілікті бюджет есебінен салынды немесе жаңғыртылды. Білім нысандарының құрылысы үшін
республикалық бюджеттен мақсаттандырылған трансферттерді дамуға пайдалану ерекше тиімді
болды. 2012 жылға Дүниежүзілік банкінің есебіне сәйкес, таңдаудың мұқият үдерісі мен нақты
шектеулері қаражатты ең мұқтаж аймақтар арасында жақсы бағытталған үлестіруді қамтамасыз
етті (Оңтүстік Қазақстан облысы және Астана қ.) (Дүниежүзілік банк, 2012). Бағдарлама
ресурстарының көп бөлігі (27%) үлесіне Қазақстанда мектептерді түгел қамтуының бестен бір
бөлігі тиесілі Оңтүстік Қазақстан облысындағы мектептер құрылысына бағытталған.
Оқушылардың өспелі контингенті немесе үш ауысымға жұмыс істейтін (Астана қ., Маңғыстау,
Қызылорда облыстары), мектептердің көп бөлігі бар басқа аймақтар да айтарлықтай
қаржыландыру алды, ал мектептердің артық инфрақұрылымы бар аймақтар (Солтүстік Қазақстан,
Қарағанды облыстары) ең аз қаржыландыру алды. Қазақстан Республикасындағы 2011-2020
жылдарға Білім дамуының мемлекеттік бағдарламасы (БДМБ ) да өзінің басты мақсаттар қатарына
мектептер құрылысын қамтиды, атап айтқанда, апатты жағдайдағы немесе үш ауысымға жұмыс
істейтін мектептер санын азайту.
Жабдық
Маңызды күштер көпшілік мектептерді зертханалық және ақпаратты-коммуникациялық
жабдықпен, оқулықтармен және оқу материалдарымен жетістіру үшін де қолданылды.
Электрондық оқыту бағдарламасы, атап айтқанда, оқу үдерісінде АКТ пайдалануды жылжыту
мақсатында мектептерді Интернетке кеңжелілі шығумен және қазіргі ақпараттық
технологиялармен қамтамасыз етудің кеудемсоқ талпынысы болып табылады. Бағдарлама іске
асырылудың бастапқы кезеңдерінде болғанымен, ол 2020 жылға дейін мектептердің 90%-дық
қамтуын жобалайды (2013 жылы 16%-дан) (АТО, 2014). Сыныптарда пайдалану үшін ЖК,
ноутбуктер, планшеттер мен интербелсенді тақталарды масштабты сатып алу Қазақстанды аймақ
елдері арасында технологияларды қолдануда көшбасшы етеді. 2020 жылға дейін ББДМБ-да
мектептердің кемінде 80%-ы қазіргі зертханалық жабдықпен қамтамасыз етілетіні және 100% -
оқулықтармен қамтамасыз етілетіні алдын-ала қарастырылады. Ғылым саласында интербелсенді
тәжірибелік оқытудың құндылығын мойындай отырып, Қазақстан физика, химия, биология
бойынша зертханаларды дұрыс жетістірудің және оларды мемлекеттік оқу бағдарламалары
шегінде пайдаланудың озық әлемдік тәжірибесін қолданады.
Оқу материалдары
Оқушылардың көпшілігі барлық сыныптарда тегін оқулықтармен қамтамасыз етіледі.
Оқулықтар қазақ, орыс және этникалық азшылықтардың басқа тілдерінде бар, және нормативті
құжаттар бойынша олар барлық оқушыларға тегін беріледі. Жаңа оқулықтар компакт-дискілер
мен мұғалімдерге арналған әдістемелік нұсқаулықтарды қамтиды. Оқу үшін оқушыларға сонымен
қатар әңгімелер жинақтары ұсынылады. Барлық оқушыларға қажетті оқулықтарды тегін ұсынуды
кеңейте отырып, мемлекет барлық оқушылар қажетті оқу материалдарына олардың тұрған жерлері
мен отбасы жағдайларына тәуелді емес қолжетімділікті қамтамасыз етуге тырысады. Жаңа
оқулықтарды әзірлеу, дайындау мен бекіту үдерісі жоғары педагогикалық сапаны қамтамасыз
етуге бағытталған. Сарапшыларға, жан-жағынан алып қарағанда, қазақ және орыс тілінде сәйкес
болған, бастауыш мектебіне арналған жаңа оқулықтарды көрсетті.
94
Жалдау рәсімі және мансаптық баспалдақтың болуы адами ресурстарын басқаруда пайда
әкеледі
Мектеп мұғалімдері мен директорлары жұмысқа жергілікті деңгейде конкурсты тәртіп
бойынша қабылданады
Бұрын айтылғандай, Қазақстанда, мектептердегі үлкен дербестік саласы мұғалімдерді жалдау
және жұмыстан босату болып табылады. 2012 жылдың PISA деректері бойынша, 15 жастағы
оқушылардан 81%-ы, директорлары тек олар және/немесе мұғалімдер ЭЫДҰ-ң орташа 49%-нан
айырмашылықта, мұғалімдерді жалдауға үлкен жауапкершілікке ие екендігін хабарлаған
мектептерге баратын (ЭЫДҰ, 2013a, IV .4.2 сурет). Мұғалімдерді жұмыстан босатудың ұқсас
көрсеткіші ЭЫДҰ бойынша 36%-дан айырмашылықта 76% құрайды (ЭЫДҰ, 2013a, IV.4.2 сурет).
Берілген үдеріс мектептер оқушылардың үлгерімін жақсарту бойынша өз қабілеттерін өздері
бағалаған кезде, жүйедегі мықты жақ болып табылады. Кандидаттармен тікелей өзара әрекеттесу
интервью өткізу жолымен іске асырылады, бұл кандидат мінездемелерінің мектеп
мұқтаждықтарына сәйкестілігі үшін шектеулердің ең толық жүйесін пайдалануға мүмкіндік
береді. Одан басқа, жергілікті деңгейде мектеп мұғалімдері мен директорларын ашық жалдау
үдерісі үміткерлерге артықшылықтар береді, себебі олар мектепті тікелей таңдап, белгілі бір
мектептің білім ыңғайына тілектестік таныта алады. Нәтижесінде бұл үдеріс мектеп басшылығы
мен мұғаліімдердің олар жұмыс істеп жатқан мектептерге қатыстылық сезімінің пайда болуына
жағдай жасайды. Жергілікті деңгейде жалдауды іске асыру Қазақстанда басымдыққа ие
ынтымақтастық рухының қалыптасуы үшін ерекше маңызды (4 бөлімді қараңыз). Вуссманн (2003)
орталық деңгей мен мектептер деңгейінде оқушылар нәтижелері мен шешімдерді қабылдау
үдерісінің әр түрлі аспектілері арасындағы байланысты зерттеу үшін, үшінші, математикалық
және табиғи-ғылыми білім сапасын Халықаралық мониторингтік зерттеулерінің (TIMSS)
деректерін пайдаланды. Ол мұғалімдерді жалдау туралы шешімдерді қабылдауда дербестікке ие
мектептердің оқушылары, мұғалімдердің жалақыларын өздері анықтай алатын мектептер
оқушылары сияқты, математика мен ғылымдар бойынша жоғарылау нәтижелерді көрсетті.
Мұғалімдерді жалдау мен мектеп әкімшілігінің тәжірибесі ұстанымды хабар етуге талап
етеді, біліктілікті шектеулерді қанағат ететін барлық үміткерлер өтінім бере алады, одан кейін
үдерістің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында ашық конкурс өткізіледі. Таңду өткізу үшін
үміткерлерге әр түрлі көзқарас алу мақсатында, сонымен қатар таңдаудың объективтілігі мен
мөлдірлігін жоғарылату үшін әр түрлі жақтарды ұсынатын комиссия құрылады. Мектеп
директорлары жағдайында, комиссияға негізгі мүдделі жақтарды қосу, ең алдымен, жаңа мектеп
директорының легитимділігін жоғарылатады. Алдын-ала таңдаудан өткен үміткерлермен оларға өз
білімдерін, икемдері мен қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік беру үшін, және таңдалған үміткер
мектептің нақты қажеттіліктеріне сәйкестілігіне көз жеткізу үшін сұхбаттасу өткізіледі.
Алайда мектеп дербестігі мұғалімдерді жалдау үдерісінде қиыншылықтарға әкелуі
мүмкіндігін атап өткен маңызды, себебі мұғалімдер (мысалы, жақсы жерде тұрған үлкен
ресурстары бар мектептердің жоғары біліктілікті мұғалімдерді еліктіруге мүмкіндіктері көбірек)
мен мұғалімдерді жалдау үдерісіндегі қамқорлық істеу үшін мүмкіндіктің біркелкі емес бөлінуінің
әлеуеті бар. Соңғысы бос лауазым жайлы ақпараттың жаппай қолжетімділігі арқылы жалдау
үдерісінде ашықтықты талап етеді. Сарапшыларда мұғалімдер үшін бос лауазым білім жүйесінде
әрқашан кең таралмайтыны және кейде аудандар мен облыстарда лайықты түрде таралмайтыны
туралы ой пайда болды.
Сол уақытта ұжымды басқару саласында мектеп директорларының икемдерін дамыту мен
мектеп аттестациясын мұғалімдерді жұмылдыруға ыңғайларды бақылау үшін маңызды. Тағы бір
маңызды шектеу – жергілікті деңгейде кадрлар жинауды іске асырған кезде шешімнің бейтарап
қабылдануын қамтамасыз ету үшін ерекше үлкен маңызға ие мектептің басшылық кадрларын
жинауда таңдау шектеулерінің болмауы (ЭЫДҰ, 2008a). Соңында, білімнің жергілікті органдары
басшыларының вето құқығы кейбір жағдайларда ең жақсы кадрларды жұмылдыруда кедергі
жасауы мүмкін.
95
Қолайлы дамуды мектептері жоғары біліктілікті мұғалімдер мен директорларды
жұмылдыруда қиыншылықтарға тап болатын ауыл мекендеріндегі бар жұмысты мадақтау жүйесі
алды (арнайы жеңілдіктер мен нағыз көмек). Ол жұмыс шарттарын жақсарту жағынан ауыл
мектептерін қолдайды және мұғалімдерді жалдауға ең орталықсыздандырылған ыңғайында пайда
болуы мүмкін мұғалімдердің біркелкісіз бөлінуінің мәселесін азайтуы мүмкін. Алайда ауылды
мекендегі (сынып көлемі әдетте кіші болатын) әдетте көп мұғалімдерге қатысты, сынып көлемінен
шыға, қосымша қызметті (мысалы, дәптерлерді тексеру, сынып басшылығы)орындаумен
байланысты жалақыға кейбір үстемақыларды қысқарту тәжірибесі ауылды мекенде жұмыс істеу
үшін теріс ынталар кесірінен даулы болып табылады.
Лауазымдардың нақты құрылымы мұғалімдердің жоғары нәтижелерін қабылдайды және
мадақтайды
Қазақстанда мұғалімдер үшін мұғалімдерді сертификаттаумен (мұғалімдерді аттестациялау)
байланысқан, төрт деңгейді қамтитын, лауазымдардың нақты құрылымы құрылды. Лауазымдар
құрылымының болуы, көп бөлігінде, екі маңызды атқарым орындайды: ресми лауазым мен
қосымша сыйақы көмегімен тәжірибе мен терең педагогикалық икемдерді қабылдау; мұғалімдер
икемдеріне сәйкес, мектептерге қажетті рөлдер мен міндеттердің ең қолайлы таңдау мүмкіндігі,
себебі ең тәжірибелі және нәтижелі мұғалімдерге мектептегі ерекше қызметтер жүктеліне алады
(мысалы, бастайтын мұғалімдерге тәлімгерлік, 4 бөлімді қараңыз). Бұл мансапты баспалдақ
бойынша қозғалудың басты қағидаты еңбек болып табылатыны туралы маңызды идеяны
көрсетеді, және сабақ беруді жалғастырып келе жатқан мұғалімдерді мадақтау мүмкіндігін береді.
Лауазым құрылымында мұғалімдердің ең жоғары санаттарына ауысу шамасы бойынша олар
өз білімдерін тереңдетеді, күрделірек және тиімдірек сабақ беруді көрсетеді, мектептегі бағалау
мен оқу бағдарламасы сұрақтары бойынша міндеттерді өзіне алады, серіктестеріне көмектеседі
деп және т.б. күтілуде. Мансапты баспалдақтың келесі дәрежесіне өту кезінде мектептегі әлеуетті
ең кең қызметтердің түрлілігін ескере отырып, лауазым құрылымы лауазым әртараптандыруының
жоғарылауына жағдай жасайды. Әртараптандыру үшін мұндай мүмкіндіктер қазақстандық
мектептерінде бар, мысалы, мектептердегі мұғаілмдердің басқарушы міндеттері, оқу-әдістемелік
бірлестікке қатысу мен бастайтын мұғалімдер үшін тәлімгерлік түрінде. Олар жағымды уәждеме
әсеріне ие боатын сияқты. Алайда лауазым құрылымындағы әр түрлі санаттар мектептердегі
белгілі бір атқарымдар мен міндеттермен нақты байланысқан емес.
Теңділік сұрақтарына көңіл бөлінеді, бірақ сонда әртүрлілік ескеріледі
Білім беру нормативті құжаттары мектептердің барлық оқушылары үшін тең ыңғайларды
қамтамасыз ететін стандарттарды анықтайды. Оқытудың әр аспектісі түсінікті және нақты
формада реттелінеді, білім үдерісінің құрамдасынан (мысалы, мұғалімдер, оқу уақыты, оқу
материалдары) ғимараттардағытемпература сияқты ең қарапайым сұрақтарға дейін. Ресурстардың
көпшілігі сыныптан басқа, әдетте оқушылардың мінездемелері көрсетілмейтін нақты нормалар
негізінде үлестіріледі. Осылайша, нормалар тең мүмкіндіктерге жағдай жасайды, өйткені
мектептердің көбісі салыстырмалы ресурстарды алулары тиіс. Нысандарды аралап жүрген кезде
сарапшылар мектептер тарапынан нормаларды толық шамада пайдалану бойынша үлкен күш
салуларды атап өтті.
Теңділік пен стандарттау сұрақтарына көп көңіл бөлінгеннен басқа, мектептік білім
жүйесінде сонымен қатар оқушылардың кейбір санаттары ерекше қатынасты талап ететіні
мойындалады. Мысалы, мектептердің қазақстандық жүйесі келесі санаттар үшін нақты
жағдайларды қамтамасыз етеді:
Этникалық және тілдік азшылықтар: мектептік білім жүйесі этникалық және тілдік
азшылықтар топтарының қажеттіліктерін ескеретініне көңіл бөлінеді. Қазақстан халқы
тарихи көпұлттық болып табылады, және мемлекет төзімділік пен үйлесімдік
қағидаттарын алға қозғалтады.
96
Дарынды балалар: дарынды балаларға тереңдете оқытудың мүмкіндіктерін анықтау мен
ұсыну механизмдері Қазақстанда жақсы дамыған. Дарынды балалар мектептерге
психологиялық түсу емтихандары көмегімен және академиялық үлгерімділік пен
олимпиадаларға қатысу нәтижелері негізінде анықталады. Көбісі бейінді мектептерде
оқу үшін шәкіртақыларға үміт болуы және оны алуы мүмкін. Ең академиялық дарынды
балалар толық шәкіртақымен және қажеті болса, интернатта тұру мүмкіндігімен
Назарбаев зияткерлік мектептеріне қабылданады. Бұл бағдарламалар балалардың әр түрлі
дарындары мен қабілеттерін қабылдайды және оларға жылдамдатылған үлгіде өз
икемдерін дамыту үшін мүмкіндік береді.
Мүмкіндіктері шектеулі балалар: кәдімгі мектептерде мүмкіндіктері шектеулі балаларды
оқытуға көбірек көңіл бөлінуде. Соңғы уақытта кәдімгі мектептерде мүмкіндіктері
шектеулі балаларды оқыту бойынша қабылданатын шаралар мен өтінген мақсаттар
рухтандырғыш болып табылады.
Аз қамтамасыз етілген отбасылардан және тәуекел тобына жататын отбасылардан
шыққан оқушылар: елде әлеуметтік-экономикалық қиыншылықтарды бастан кешетін
балалар мектепке барулары үшін нормалар мен мекенжайлық қаржы қолдау
қолданылады. Мұқтажды оқушылардың қолдауын қамтамасыз ету бойынша стратегиялар
мектептер оқушылардың сабаққа қатысуын бақылап, сабаққа қатыспайтын балаларды
үнемі қадағалуы туралы, сонымен бірге мектептерде мектеп психологтары мен
әлеуметтік педагогтардың болуы туралы талап болып табылады. Тағы бір стратегия
сәтсіз оқушылардың кейбір санаттарын анықтауға негізделген мекенжайлық қаржы
қолдауды қолдануға бағытталған. Сәтсіз санатына жататын оқушылардың белгілі бір
жеңілдіктерге, мысалы, тегін тамақтануға құқықтары бар. Одан басқа, мектептер
материалдық қиындықтарды бастарынан кешетін оқушыларды қолдау үшін жергілікті
атқарушы органдарынан өз бюджетінің 1%-дан кем емес мөлшеріндегі қаржыландыруды
алулары тиіс деп есептелдінеді.
|