Мектепішілік бақылау мен басқару жұмысын дұрыс ұйымдастыру жолдары


-БӨЛІМ. САРАПТАУ ЖҰМЫСЫ-МЕКТЕПІШІЛІК БАҚЫЛАУ МЕН БАСҚАРУ ЖҰМЫСЫНЫҢ НЕГІЗГІ ТІРЕГІ



бет5/36
Дата18.01.2023
өлшемі155,73 Kb.
#61839
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36
Байланысты:
ВШК УЧЕБНИК

2-БӨЛІМ. САРАПТАУ ЖҰМЫСЫ-МЕКТЕПІШІЛІК БАҚЫЛАУ МЕН БАСҚАРУ ЖҰМЫСЫНЫҢ НЕГІЗГІ ТІРЕГІ.
Мектепішілік бақылау мен басқару жұмысын жоспарлау үшін, алдымен мектептің өткен оқу жылына жасалынған жан-жақты сараптамасы,оның ішінде сараптаманың қорытындысы негізінде, әр сұрақ,әр жұмыстың саласы бойынша САРАПТАМАСЫ жасалып,сараптама қорытындысы тамыз айында педагогикалық кеңесте қаралып талқыланып бекітіледі.Осы сараптама бізге не үшін керек? Сараптаманың міндеті- жұмыс бағытындағы қандай сұрақ қандай дәрежеде тұрғанын анықтайды.Сараптамада айқындаушы төрт деңгей болады. Олар :
1.Сенімде тұрады;
2.Бақылауда тұрады;
3.Жиі бақылауда тұрады;
4.Қатаң бақылауда тұрады .
1.Сенімді тұратындар- негізіне жоғарғы санаттағы мұғалімдер,педагогика саласында жетістіктерге жетіп,мемлекеттік жоғары дәрежеде марапатталған,ардагер ұстаздар болады.Негізінен бұл топқа ұстаздар педагогикалық кеңес шешімімен бекітіледі.Бұл топтағы ұстаздар әкімшілік тарапынан бақылауда болмайды,сенімде тұрады.
2.Бақылауда тұратындар -күнделікті жұмыс барысындағы жәй бақылаудың түрі. Яғни, жұмыстың барлық бағытындағы күнделікті жәй бақылауды қажет ететін бақылаудың ең қарапайым түрі.
3.Жиі бақылауда тұратындар-негізінен аттестатциядан өтетін мұғалімдер,1,4,9,11 кластарда сабақ беретін ұстаздар.Ал басқа сала бойынша ,ол сол саладағы жұмыстың маңыздылығы мен кемшілігінің дәрежесіне байланысты болады.
4.Қатаң бақылауда-ұстаздар бойынша - жұмысында кемшілігі көп болса қатаң бақылауды қажет етеіндей дәрежеде тұрса,ал тәрбие және әдістемелік жұмыс бағытында , бұл топқа жағдайы өте ауыр дәрежедегі,қатаң бақылауды талап ететін сұрақтар қамтылады.
Сараптау жұмысы төмендегі салаларды қамтиды:
1.Мұғалімдерді сараптау;
2.Кластарды сараптау;
3.Тәрбие жұмысын сараптау;
4.Әдістемелік жұмысты сараптау;
5.Пәндерді сараптау
Сіздерге үлгі ретінде осы сараптау формалары ұсынылады.

1.Мұғалімдерді сараптау



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет