Мектепке дейінгі дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі пәнінен дәрістер жинағы



бет61/138
Дата29.12.2022
өлшемі0,59 Mb.
#60170
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   138
Сөздік (сөйлесу) әдісі. Тез хабарлау әдісі. Бұл әдіс кезінде тәсілдік құрал-жабдықтар және көмекші құралдар (мысалы, айна) арқылы тәрбиеші мен бала қозғалысты орындау сипаттамасы туралы тез мағұлмат алады және қателерін жылдам түзете кояды. Мектепке дейінгі жаста баланың жүйке жүйесі және бүкіл ағзасы тұтас алғанда тым икемді, сыртқы әсерлерге бейім келеді. Сондықтан ауыртпалық көлемі мен қарқынын орынды мөлшерлеу, оны демалыспен үнемі кезектестіріп отыру бала ағзасының ықтималдығын анықтайтын, қалыпқа келу процестерін дер кезінде қамтамасыз ететін және жұмыс қабілетін арттыратын болады. Ауыртпалық, бір жағынан, дене жаттығуларының организмге әсер ету көлемімен және оларды орындау қарқынынан көрінеді, бұл ағзаның функционалдық процестерін арттырады, екінші жағынан, баланың ақыл-ой іс-әрекетінен көрініс беретін психикалық функциялардың динамикасы әсерінен, жаттығуларды түсіндіру, көрсету кезінде баса назар аудару мен қабылдаудан, тапсырманы ойластыруынан, оларға жауап реакциясының дәлдігінен т. б. көрінеді.
Сөз қолдану әдісі. Қозғалысқа үйрету процесінде жеке дене қуаты қасиетін тәрбиелеуде сөз қолдану әдісінсіз табысқа жету мүмкін емес. Сөз қолдану әдісі үш топқа бөлінеді:
1. Баяндау, әңгімелесу, түсіндіру әдістерінде сөз балаларға білім беру мақсатында пайдаланылады.
2. Бұйрық беру, тапсырма, нұсқау беру әдістері жаттығушылардың әрекеттерін басқаруға пайдаланылады.
3. Талқылау, бағалау әдістері жаттығушылардың әрекетін талдауға, баға беруге арналады.
Осы әдістердің маңызына және оларды қолдану ерекшеліктеріне тоқталайық. Баяндау - теориялық бір түсінікті айтуға, ойын кезіндегі қозғалыс әрекетін түсіндіруге, спорттық жаңалықтарды хабарлауға пайдаланылады. Балаларды жаттығуды орындау техникасымен таныстыруда түсіндіру әдісі қолданылады. Балалардың білімін бір нәрсеге құштарлығын білу, ойлау қабілетін дамыту, белсенділігін көтеру үшін әңгімелесу әдісі қолданылады. Қысқа бұйрықты раймен белгілі бір істің, қимылдың бұлжытпай орындалуын талап ете сөйлеу түрін бұйрық дейміз. Бұйрық саптық (әскери) және төрешілдік (старт беру кезіндегі бұйрықтар, төрешілердің бұйрық сөздері) болып бөлінеді. Бұйрық ұжымдық әрекеттерді ұйымдастыруға колданылады. Мысалы, жаттығуды орындауға берілетін бұйрықтар жаттығушылардың саптағы әр түрлі қозғалыстары, т.б. Қысқаша айтылып, бұлжытпай орындалуды талап ететін сөз әсерін - нұсқау беру деп атаймыз. Бұл әдіс көбінесе, қозғалысқа үйретуде қолданылады. "Жылдамдат", "тездет", "асықпа", "еркін жүр", т.с.с. нұсқаулармен тәрбиеші қимыл-қозғалысты бақылап отырады. Белгілі бір тапсырма орындалған соң (мысалы, ойын) талдау жасалады. Талдаудың көмегімен қателер, оларды түзету жолдары көрсетіледі, келешектегі оқу-дайындық, әрекетінің сипаты, бағыты белгіленеді. Қимыл-әрекет орындалып болғаннан соң, оған "жақсы", "жаман" дегендей ауызша баға беріледі. Қимыл-қозғалысты үйрету кезінде сөйлесу тәсілдеріне енетіндер: балаларға олардың бойында бар өмір тәжірибелері мен ұғымдарына сүйене отырып, жаңа қимыл-қозғалыстарды анық, қысқа етіп бір мезгілде суреттеу және түсіндіру, қимыл-қозғалысты нақты көрсете сүйемелдеп немесе оның жеке элементтерін ұғындыру, тәрбиеші көрсеткен қимыл-қозғалыстарды қайталау кезінде немесе балалар жаттығуларды өздігінен орындағанда қажетті нұсқау беру, жаңа дене жаттығулары мен қимыл-қозғалыс ойындары енгізілер алдында немесе қимыл-қозғалыс әрекеттерін түсіндіру, қимыл-қозғалыс ойындар мазмұнын анықтау, т.б. талап етілетін кезде әңгімелесу, дене жаттығулары басталғанға дейін әрекеттердің бір ізділікпен орындалуының санаға сіңу дәрежесін анықтау немесе мазмұндық қимыл-қозғалыс ойынының бейнелері туралы бар ұғымды тексеру, ережелерді, ойын әрекеттерін анықтау, т.б. мақсаттар мен тәрбиеші балаларға қоятын сұрақтар. Оның үстіне, көрсетілген тәсілдер, алуан түрлі бұйрықтарды, жарлықтарды және сигналдарды анық, эмоциялы және әсерлі беруден тұрады. Мысалы: «Cекіріп, аяғыңды иық кеңдігіне-қой!», «Oрныңа-тоқта!», «Бір, екі, үш-жүгір!» т. б. Бұл командалар балалардың жауап қимыл-қозғалыс реакцияларының шапшаңдығы мен дәлдігін тудыратын әр түрлі интонацияларды және динамикаларды талап етеді. Бұған халық шығармасында мол ұшырасатын тақпақ санамақтарды топтасып айтуды және ойындық бастамаларды мәнерлеп айтуды жатқызу керек. Ұйқас сөздердің әуезділігі мен ырғақтылығы балаларда эмоциялық әсер тудырады, олардың жадында оңай сақталады және кейін өз беттерімен ойнағанда пайдаланатын болады.
Сөйлесу тәсілдеріне бейнелі мазмұнды әңгімелесу жатады. Ол қимыл-қозғалыс мәнерлілігін дамыту және ойын­дық бейнеге жақсы ену мақсатында қолданылады. Қысқа әң­гімелесу, іс жүзінде, балаларда эмоциялық түйсінуге ынталандыратын ойындар мен әрекеттердің бүкіл ситуациясын көріп қабылдау ретінде қиялдау тудыратын қысқа ертегі айтып бергенге ұқсас. Мысалы, тәрбиеші «Eшкі, лақтар және қасқыр» ойынын былай бастайды: «Баяғыда әдемі қайқы мүйізді, мейірімді үлкен ақ ешкі тіршілік кешіпті. Оның кішкентай балалары-лақтары болыпты...» т.б. Мұндай тәсіл балалардың эмоциясын оятады, қиялдауын тудырады, түсінікті нақтылайды, бүкіл әрекетті ситуацияны көз алдына әкелуге итермелейді, қимыл-қозғалыс бейнелілігін күшейтеді. Мазмұнды әңгіме сипаты жағынан өзгере отырып, жас шамасы әртүрлі топтарда пайдаланылуы мүмкін. Қимыл-қозғалыс ойындарында текстер жиі кездеседі, оларға сәйкес ойын мазмұны ашылады. Мысалы, кішкентайлар тобында тәрбиеші «Торай» ойынында:
Томпаң-томпаң торай,
Дауысыңның зоры-ай...;
«Түйелер» ойынында:
Маң-маң басқан, маң басқан
Екі өркешін шаң басқан..., - дейді.
Балалар ол айтқан қимыл-қозғалыстарды орындайды және сөзге сәйкес әрекет етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   138




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет