Мектепке дейінгі ұйымдарда мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың Үлгілік оқу бағдарламасын іске асыру бойынша жылдық перспективалық жоспары ортаңғы топ


Мамыр. Тақырыбы: «Әрқашан күн сөнбесін»



бет34/37
Дата21.10.2022
өлшемі62,71 Kb.
#44696
түріБағдарламасы
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37
Байланысты:
KAZ Srednyaya gruppa-1-1

Мамыр. Тақырыбы: «Әрқашан күн сөнбесін»




Достық – біздің тірегіміз (халықтар достығы)
(І апта)

Дене шынықтыру
1. Баяу қарқынмен жүру және жүгіру. Басына қап қойып, бастың дұрыс қалпын сақтап, жіп бойымен жүру. Ұсақ заттарды бір қолымен алысқа лақтыру.
2. Жұптасып ырғақпен және жеңіл жүру мен жүгіру. Ұсақ заттарды бір қолымен алысқа лақтыру. Бір-біріне допты домалату.
3. Түрлі қимылдарды түрлі қарқында музыкалық сүйемелдеуге сәйкес ырғақты жүру, қолдарын еркін ұстап алдыға және артқа жеңіл жүгіру. Бір-біріне допты домалату. Допты еденге ұрып жоғары лақтыру және оны секіргеннен кейін қос қолмен қағып алу.



Сөйлеуді дамыту
Біз бәріміз – біртұтас әлем екенімізді, әр түрлі ұлт өкілдерін берік достық қана біріктіріп тұратындығы жайлы түсінік беру. Татулыққа, достыққа тәрбиелеу.
Көркем әдебиет
Балаларға өздерінің достары жайлы, олардың тартымды қылықтары мен неліктен өзін баурайтындығы жайлы әңгімелету. Достық қарым-қатынас және өзара көмек көрсету дағдыларын қалыптастыру.
Драма
Әдеби кейіпкерлердің әрекеттеріне өзінің көзқарасын білдіру, оны адамгершілік нормалары мен түсініктері тұрғысынан бағалау дағдыларын жетілдіру.

ҚМҰҚ
Бір-бірінен түрлі қашықтықта орналасқан заттар тобының арасында теңдік пен теңсіздік орнату қабілеттерін дамыту. Геометриялық пішіндердің пішінін сипап-сезу және көру тәсілдері арқылы анықтау.
Жаратылыстану
Жәндіктердің аттарын (қоңыз, көбелек, шыбын) бекіту, кейбір жәндіктер туралы (құмырсқа) қарапайым түсінік беру.

Сурет салу
Сәндік қолданбалы өнер түрлерімен таныстыруды жалғастыру. Ұлттық сәндік қолданбалы өнерге деген қызығушылықтарын арттыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет