Мектепке дейінгі ұйымдарда мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың Үлгілік оқу бағдарламасын іске асыру бойынша жылдық перспективалық жоспары ортаңғы топ



бет17/37
Дата21.10.2022
өлшемі62,71 Kb.
#44696
түріБағдарламасы
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   37
Байланысты:
KAZ Srednyaya gruppa-1-1

ҚМҰҚ
Ұзындығы, ені, биіктігі, жуандығы бойынша беттестіру және тұстастыру арқылы екі қарама-қарсы және бірдей заттарды салыстыру дағдысын бекіту.
Жаратылыстану
Үй жануарларының (ит, мысық) сыртқы белгілері мен қылықтары туралы білімді бекіту. Сиырдың, жылқының және үй құстарының (қораз, мекен, қаз) сыртқы келбетіндегі ерекшеліктері туралы білімін нақтылау.

Сурет салу
Борлармен дәстүрлі тәсілдермен сурет салудың техникасын жетілдіру. Түстердің жылы реңктерін таңдауға дағдыларын қалыптастыру.
Мүсіндеу
Балаларды тұрмыстық заттарды мүсіндеуге қызығушылығын арттыру. Отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Музыка
Әннің сөздерін созыңқы және анық айтуға үйрету. Үлкен шеңберге және шашырап тұруға жаттықтыру. Музыканың ырғағын дәл беру дағдыларын қалыптастыру.




Қаңтар. Тақырыбы: «Табиғат әлемі»




Айналамыздағы өсімдіктер
(І апта)

Дене шынықтыру
1. Бағытты өзгерте отырып жүру және жүруден жүгіруге ауысу. Сызықтардың үстінен қос аяқпен секіру (бір-бірінен 1м арақашықтықтағы 4 сызық). Гимнастикалық орындық бойымен қолдарын белдеріне қойып, текшелерден аттап жүру.
2. Орташа қарқынмен жүру және жүгіру. Гимнастикалық орындық бойымен қолдарын белдеріне қойып, текшелерден аттап жүру. Допты бір-біріне төменнен лақтыру, басынан асыра лақтыру және оны қағып алу.
3. Бірінің артынан бірі кедергілерден аттап жүру. Допты бір-біріне төменнен лақтыру, басынан асыра лақтыру және оны қағып алу.
Балаларды төбешіктен сырғанау, бір-бірін сырғанату.

Сөйлеуді дамыту
Фонематикалық қабылдау дағдыларын қалыптастыру. Артикуляциялық аппаратты одан әрі жетілдіру. Өсімдіктер туралы өлең шумақтарын оқу.
Көркем әдебиет
Өлеңдерді түсініп, есте сақтауға үйрету. Балалардың сөздік қорын заттың сапасы мен құрамын білдіретін (көлемін, түсін, пішінін) сөздермен байыту.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет