Драма
Көркем әдебиет шығармалары бойынша драмалық дағдыларды дамыту.
|
ҚМҰҚ
Жиынтық сапасы бойынша әртүрлі заттардан тұратындығы туралы түсініктерін жетілдіру. 1-ден 5-ке дейін тура және кері санауды жалғастыру.
Жаратылыстану
Балабақша ауласындағы және маңайдағы өсімдіктер туралы білімдерін бекіту, оларды ажыратып,атауға үйрету. Қамқорлыққа тәрбиелеу.
|
Сурет салу
Гүлдердің суретін салуға үйркту. Суретте ашық және солғын түстерді пайдалану дағдыларын қалыптастыру.
Аппликация
Гүлдердің пішіндерін жапсыру дағдыларын қалыптастыру. Шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Музыка.
Музыкалық шығармаларды соңына дейін тыңдауға үйрету. Жеке ән айту дағдыларын жетілдіру. би қозғалыстарының атауларын үйрету.
Музыка.
Музыкалық мәнерлеу құралдарын ажырату. Дыбыстауды соза отырып ән айтуды жетілдіру. Музыкалық аспаптарда қарапайым ырғақты суретті өздігінен орындау дағдыларын жетілдіру.
|
Қоршаған ортамен танысу
Балаларды заттық әлеммен таныстыру және онымен әрекет жасау дағдыларын қалыптастыру. Жақын маңайдағы заттарды ажыратып, атай білу біліктерін жетілдіру.
|
|
Жануарлар әлемі
(ІІ апта)
|
Дене шынықтыру
1. Тақтай бойымен жүру және жүгіру. Балаларды төбешіктен сырғанау, бір-бірін сырғанату. Қимылының бағытын сақтап, 6 метр арақашықтықта төрт тағандап еңбектеу.
2. Тапсырманы орындай отырып, жүру және жүгіру. Қимылының бағытын сақтап, 6 метр арақашықтықта төрт тағандап еңбектеу. Басына қап қойып, тепе-теңдікті сақтай отырып, жіптің бойымен жүру.
3. Бір минут баяу қарқында жүгіру. Басына қап қойып, тепе-теңдікті сақтай отырып, жіптің бойымен жүру. Мұзды жолдармен өздігінен сырғанау.
|
Сөйлеуді дамыту
Есту зейінін және тілдегі дыбыстарды дұрыс айту біліктерін жетілдіру. Жануарлар туралы әңгімелеу. Ауыз екі сөйлеу шығармашылығына деген қызығушылықтарын туғызу.
|