Мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі баязова б. Т балаларды табиғатпен және экология негіздерімен таныстыру әдістемесі астана 2018 Кіріспе



бет24/47
Дата03.12.2023
өлшемі219,4 Kb.
#133568
түріБағдарламасы
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   47
Байланысты:
КІТАП.Балаларды табиғатпен таныстыру және оқыту әдістемесі,

Үстелдік ойындар. Кіші мен ортаңғы топтарындағы балалар үшін жануарлар, жапырақтар, гүлдер, жемістер, көкөністер бейнеленген суреттер жинағы ұсынылады. Ортаңғы , ересектер мен мектепалды даярлықтары үшін лото ( «Зоологиялық», «Ботаникалық», «Жыл мезгілдері» ) сияқты ойындар ұсынылады. Ойынның мұндай қызықты түрінде үй жануарлары мен жабайы аңдар, орманның, даланың, бақтың, бақшаның, гүлбақшаның өсімдіктері туралы, табиғаттың мерзімдік өзгерістері жайында түсінік беріледі. Ойыншықтар Үй және жабайы жануарлар, көкөністер, жемістер, жидектер ( көлемді немесе жазық орындарға қойылған) – ойыншықтар жинағы- дидактикалық ойындар үшін керек болса, сондай -ақ балалардың табиғат пен қол еңбегі ( «құс қора», «зообақ» және басқа ойындар) жайындағы елестетулерін бейнелейтін шығармашылық ойындары үшін де қажет. Балалардың заттар мен табиғаттың құбылыстары туралы сезімдік елестетулерін байыту үшін желмен ( батпырауық , дырылдауық) , сумен ( жүзетін жануарлар, қайықтар, тиірмен, су доңғалдары) қимылдайтын ойыншықтар керек.
Табиғаттың табиғи материалымен ойналатын ойындар Серуен кезінде балалардың табиғи заттармен ойнаулары кеңінен қолданылады. Балалар құммен, сумен, қармен, ұсақ тастармен түрлі ойындар ойнаған кезде, табиғи материалдардың санасымен және қасиеттерімен танысады, сезіну тәжірибелерін байыта түседі. Мәселен, олар судың суық әрі жылы бллатынын, оның төгілетінін, оған тастың болатынын, жаңқалар мен жеңіл ойыншықтардың қалқитынын, қиыршық қардың шашылатынын, ал жұмсақ қардан домалатып әртүрлі ойыншық жасауға болатынын біледі. Табиғи материалмен ( қармен, сумен, құммен) ойнаған кезде тәрбиеші балалармен әңгімелесе отырып, оларға материалдың кейбір қасиетін танып білуіне көмектеседі, мысалы: «Қайрат құрғақ қарды алды, ол шашылды» немесе «Толқын балшықты кішкене қалыпқа салды, онда тамаша самса шықты». Зырылдауық, жебе, тиірмен сияқты ойыншықтармен ойнау арқылы балалар желдің, судың әрекетімен танысады, алдағы уақытта физиканың қарапайым заңдарын ( заттардың суда жүзуі, ауадағы қозғалысы) түсінуіне септігін тигізетін бірнеше деректерді меңгереді. Орманда қыдырғанда өз бейнелерімен құстарға, аңдарға ұқсайтын ағаш бұтақтарына, қураған бұтақшаларға, түбірлерге балалардың назарын аудару пайдалы. Балалар табиғи материалға бірте – бірте көңіл қоя қарап, олардан таныс заттардың ұқсастығын іздей бастайды. Бұл оларды өте қуантады және байқағыштығын, қиялын жетілдіруге әсер етеді.
Табиғи материалымен дидактикалық ойындар Дидактикалық ойындарда табиғаттың табиғи заттары ( көкөністер, жемістер, гүлдер, тастар, тұқымдар, кепкен ұрықтар) өсімдіктер мен хайуанаттардың бейнеленген суреттері, үстелде ойналатын ойындар мен әр қилы ойыншықтар пайдаланылады. Табиғаттың табиғи материалымен немесе оның бейнеленуімен ойналатын дидактикалық ойындар балалардың сезімдік жағынан ( сенсорлық ) тәрбиелеуде танымдық іс- әрекетінің дамуында негіз болып табылады. Ойындарда, саяхатта, серуенде арнайы бөлінген уақытта өткізіледі. Ұйымдастырылған оқу қызметінде қолданылатын дидактикалық ойындар балаларға заттардың қасиетін тануына және табиғатты бақылау кезінде елестетулерін анықтай түсуіне көмектеседі.
Кіші топтарында ойын барлық оқу қызметінде тұтастай өткізіледі ортаңғы, ересектер мен мектепалды даярлықтарында көбінесе оқу қызметінің бір бөлігін қамтиды, 5минуттан 20 минутқа созылады. Кіші топтарында заттарды бала сыртқы түріне қарап айыра білуге үйрететін ойындар ойналады. Тәрбиеші мұндай ойынды ұйымдастырыра отырып, балаларға жапырақ, гүл, сәбіз, қызылша, картоп алып келуді тапсырады. Ортаңғы тобында балалар заттарды ( көкөністер, жемістер) ұстап тани алатын болады. Мұндай ойындарға «Дорбадағы-не нарсе екенін тап», « Қолдағы затты тап» ойындары жатады. Осы ойындардың алғашқысын ойпаттарда тәрбиеші алдын ала дорба әзірлеп, оған көкөністерді немесе жемістерді ( картоп, пияз, қызылша, сәбіз, қияр, алма, алмұрт,лимон) салады. Балалар кезекпен дорбаға қолдарын суғып, затты алады да сипалап ұстап, атын атайды, одан сон дорбадан алып шығып, топтағы балаларға көрсетеді. Өсімдіктер ( даладағы, ормандағы, бөлмедегі) жөнінде айқын елестетулер жинақталған соңбарып ересек топтағыларға заттарды салыстыра және олардың бөлшектерін ( гүлдерін, жапырақтарын) тани білуге арналған дидактикалық ойындарды ойнауға болады. Мысалы: « Ненің жапырағы екенін тап» ойынын ойнағанын балалар берілген жапырақты барлық өсімдіктердің жапырақтарымен салыстырады. Мектепалды даярлықта өсімдіктердің немесе жануарлардың кейбір белгілерін таба білу және оларды сипаттап, қорытындылай білу талаптары бар ойындар ойналады. Сөз арқылы ойналатын ойындарды, мысалы: «Затты сипаттау арқылы тану» , «Мынаның не екеін тап» немесе «Мынау не?» ойындары таныс материал арқылы ұйымдастырылады, олардың көмегімен балалардың ойлау қабілеттері артады, тілі ұшталады. Бұрыннан белгілі нақты елестеулердің негізінде балалардың объектілерді жіктей білуін қорытындылауда дидактикалық ойындардың көмегі мол, мұнда заттарды, жалпы белгілері бойынша біріктіруге болады: орманда немесе бау- бақшада өсетін өсімдіктердің атын атау; жылдың қандай да болсын бір мезгілін бейнелейтін суреттерді таңдап алу; ағаштардың, балықтардың, аңдардың, құстардың бейнелері бар суретті жинап алу. Дидактикалық ойындарды бірте- бірте күрделендіру керек. Мысалы: заттарды ең алдымен сыртқы түрі бойынша, содан соң ұстап көру, одан әрі сипаттамасы бойынша , ал ең соңында жұмбақты шешуге берілген сұрақтар жөніндегі жауаптар бойынша тану. Ең қиыны- заттардың жалпы белгілері бойынша объектілді жалпылау және берілген сұрақтарға қайтарылған жауаптар бойынша заттарды тани білу. Өсімдіктер арқылы ойналатын дидактикалық ойындар кезінде балалардың оларға мұқиятты түрде қараушылығына тәрбиелеу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет