4.3. Мультимедиялық құралдарды қолданудың жолдары 1. Иллюстративтік құралдардың маңызы. Балабақшада табиғи (өсімдіктер мен жануарлар) құралдардан басқа да әр түрлі табиғат құбылыстары бейнеленген иллюстративтік – көрнекі құралдар болу керек. Балаларға табиғатты таныстыру үшін оның заттары мен құбылыстарын тікелей бақылау қиынға түскен жағдайларда ғана иллюстративтік құралдар пайдаланылады . Мысалы, осы жерде болмайтын, бірақ бағдарламада көрсетілген үй жануарларымен және жабайы аңдармен таныстырған кезде осындай құралдарға жүгінуге тура келеді. Иллюстрациялар балалардың бұрыннан таныс жануарлар , өсімдіктер , табиғаттың мезгілді құбылыстары туралы және т.б. білетіндіктері мен елестетулерін айқындап, молайта түсу үшін де керек.
Иллюстративтікқұралдардың мазмұны мен безендірілуіне қойылатын талаптар. Табиғатты бейнелейтін суреттер, бейнефильмдер балалардың шындықты қабылдауға жақын сезімдік қабылдауын тудыруы тиіс. Суреттер көркем және ауқымды түрде орындалуы тиіс. Олар сюжетті және біртекті объектілерді- жекелеген жануарларды, өсімдіктерді- бейнелнелеуі де мүмкін. Жануарлардың , әсірісе ұсақ жануарлардың тұрқы мен қылықтарын көрсететін бейнефильмдер берілу керек. Бұл құралдардағы жануарлар мен өсімдіктер өмірдің табиғи жағдайларында көрсетілу тиіс. Мүмкіндігінше, бейнефильмдер негізінде шағын , бірақ есте сақтарлықтай сюжеттің болғаны дұрыс.
Суреттерді, бейнефильмдерді пайдалану .Тәрбиешінің әңгімелеуімен немесе оның балалармен әңгімелесуімен қосарланған суреттер барлық топтарда өткізілуі мүмкін.
Бөбектерге тәрбиеші суретте бейнеленген жануарларды атап айтып, оның көзін, құлағын, аяғын көрсетуін ұсынады.
Сәбилер топтарында тәрбиеші жануарлардың сыртқы түрі мен қылықтарына, өсімдіктердің формасы мен бөліктерінің түсіне қатысты белгілерге көңіл аударта отырып, қысқа да айқын сұрақтар қояды .
Суреттерді ортаңғы, ересектер және мектеп алды даярлық топтарындағы балалармен бірге қараған кезде жануарлардың және өсімдіктердің айырмашылықтары мен ұқсастықтарын салыстыру пайдалы, бұл- баланың бақылағыштығы мен ақыл ойының жетілуіне себебін тигізеді.Мысалы, «Үй жануарлары» және «Жабайы аңдар» суреттерінің жинағында бір суретте бейнелеген жануарларды: ірі жануарларды оның төлімен, әтешті тауықпен , қазды үйрекпен, қойды ешкімен салыстыруға болады. Әр түрлі сурттерде бейнеленген жануарларды, мысалы, сиыр м жылқыны , сиыр мен ешкіні, мысық пен жолбарысты және басқаларын салыстыру үшін суреттерді пайдалануға болады. Суреттер бойынша әңгімелеп беру ересектер мен мектепке даярлау топтарында өткізіледі . Балалардың суреттерді мазмұндап түсіндіріп айтып беруі, қысқа әңгіме жүйесін құрастыра білуі алған елестетулерін бекіте түседі, байланыстырып сөйлей білуін дамытады. Үлгі үшін тәрбиеші сурет бойынша байланыстырып сөйлеуге әңгіме құрастырады және балаларға суретің мазмұның айтып, оған ат қоюын ұсынады. Слайд барлық топтағылардың жұмысында пайдаланылуы мүмкін . Жекеленген слайд тәрбиешінің әңгімелеуімен немесе қолда бар мультфильммен қабаттаса көрсетеді. Бейнефильмдерді ересек және мектепке даярлық топтарда пайдаланылады. Сурет, бейнефильм бойынша сабақ өткізуге әзірлене отырып, тәрбиеші олардың мазмұнымен танысу тиіс, бұларды қарағанда балалар нені көріп , меңгеруге тиісті екендігін , қандай жаңа сөздерді есте ұстап, өз сұрақтарын ойластыруларын керектігін түсіндіреді. Бейнефильмді қарап болғаннан кейін, кішігірім әңгіме өткізіледі.