Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар


-тарау. Объектілерде тәрбиелеу және оқыту жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар



бет6/16
Дата19.12.2022
өлшемі57,14 Kb.
#58121
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
5-тарау. Объектілерде тәрбиелеу және оқыту жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

76. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұны, МДҰ-ның оқу жүктемесінің ең үлкен көлемі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17669 болып тіркелген) бекітілген Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарында белгіленеді.


77. МДҰ-ғы арнаулы топтардың толықтырылуы осы Санитариялық қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес көзделеді.


78. Сәбилер үйінде тәрбиеленетін балалардың оңтайлы саны 100 – 150 баланы құрайды. Топтардың толықтырылуы туғаннан бастап 1,5 жасқа дейін – 10 бала, 1,5 жастан 2 жасқа дейін – 13 бала, 2 жастан 3 жасты қоса алғанға дейін – 20 бала.


79. Серуендер ауа-райы жағдайы ескеріле отырып, күн сайын жүзеге асырылады.


80. Ойын алаңдарының жабыны денсаулық үшін қауіпсіз (жарақаттануды болдырмайтын) материалдардан көзделеді.


81. Объектілердің жиһазы мен жабдығы балалардың бой-жас ерекшеліктеріне сәйкес келеді. Объектілерде ойын, оқу кабинеттері үстелдермен, арқалығы бар орындықтармен жабдықталады


Ойын және спорт алаңдарындағы жабдықтар балалардың бойы мен жасына сәйкес келеді, үшкір шығыңқы жерлері мен ақауы болмайды, уақтылы жөнделеді. Жабдықтың бетінің жабыны суға төзімді материалдан көзделеді.


Жабдықтың жиыны, саны және өлшемін объектілердің бейінін, үй-жайлардың ерекшелігін есепке ала отырып көздейді.


МДҰ мен сәбилер үйінің жиhазының негiзгi өлшемдерi осы Санитариялық қағидаларларға 5-қосымшаның 1, 2-кестелеріне сәйкес белгіленген.


82. Жиһаз, жұмсақ, қатты мүкәммал, жабдық жұмыс жағдайында болады және уақтылы жөндеуге немесе ауыстыруға жатады.


83. Топтардағы киім шешетін бөлмелер сыртқы киімге арналған шкафтармен және орындықтармен жабдықталады.


Балалардың киіміне арналған шкафтарды жеке таңбалайды және бас киімге арналған сөрелермен және сыртқы киімге арналған ілмектермен жабдықтайды.


84. Спорт залдары жанындағы киім шешетін бөлмелер киімге арналған шкафтармен немесе ілгіштермен, орындықтармен жабдықталады.


Спорттық төсеніштердің жабыны тазалауға және дезинфекциялауға болатын материалдардан көздейді.


85. Пайдаланылған ойыншықтарды күн сайын жуу құралдарын қолдана отырып күннің соңында жуады. Ойыншықтарды жууға арналған сыйымдылықты, шүберек пен жөкені таңбалайды.


86. Жұмсақ ойыншықтарды пайдаланғаннан кейін күннің соңында ойыншықтан кемінде 25 см қашықтықта 30 минут бойы бактерицидті сәулелегіштермен дезинфекцияланады.


87. Бөбек жастағы топтарда және медициналық мақсаттағы үй-жайларда жұмсақ ойыншықтар мен пенолатексті түкті ойыншықтар пайдаланылмайды.


88. Балалар үшін сатып алынған өнімдерге (ойыншықтар, аяқкиім, киім, ыдыс, жеке гигиена құралдары, мектеп және жазу құралдары, төсек-орын жабдықтары, парфюмерлік-косметикалық өнім, жиһаз) олардың сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттар беріледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет