Мектепке дейінгі педагогика ғылымының қалыптасу тарихы Жоспары


XVIII – XIX бірінші жартысындағы дворяндық – мемлекеттік педагогика



бет3/13
Дата15.12.2023
өлшемі106,24 Kb.
#137959
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
XVIII – XIX бірінші жартысындағы дворяндық – мемлекеттік педагогика
Жоспары
1.Ресейдегі мектепке дейінгі педагогиканың қалыптасуы.
2.М.В.Ломоносов, И.И.Бецкий, Н.И.Новикова, А.Н.Радишев, П.Н.Енгалычев, Н.А.Добролюбов, В.Ф.Одаевскийдің мектепке дейінгі тәрбие туралы көзқарасы және еңбектері.
XVIII ғасырдан бастап орыстың мектепке дейінгі педагогикасы қалыптаса бастайды. Отандық ғылымды, оның ішінде педагогика ғылымын дамытуда аса көрнекті ғалымдар М.В.Ломоносов (1711-1965), И.И.Бецкий (1704-1795), И.И.Новиков (1744-1818), А.Н.Радищев (1749-1802), Н.А.Добролюбов (1836-1861), В.Ф.Одоевский (1804-1869) ерекше орын алады.
М.В.Ломоносов «Орыс халқын сақтау және көбейту туралы еңбегінде ұлттың нығайып дамуы үшін, қажетті әлеуметтік, медициналық, педагогикалық шаралар бағдарламасын ұсынды. Михайл Васильевич шаруалардың әлеуметтік жағдайын жақсарту, помещиктердің озбырлығын азайту, жас босанған әйелдерге дәрігерлік жәрдем ұйымдастыру, ол үшін акушерлерді оқыту, «кіндік шешелердің съездерін» өткізу, отандық емшілерді дайындау мәселелерін жолға қоюды міндетті істер деп санады. Халықтың надандығы мен жоққа сенушілігіне қарсы күресу мақсатында М.Ломоносов «Халық денсаулығы туралы кітапшалар» шығаруды ұсынды.
И.И.Бецкий ұсынған жоба негізінде Ресейде бірінші рет тәрбие үйлері ашылып, олардың түрлі басқару орындары құрылды.
И.И.Новиковтің «Балаларды тәрбиелеу және ұстаздық ету туралы трактаты» ерекше орын алды. Бұл трактатта ақыл-ой, адамгершілік тәрбиесі мен эмоциялық даму мәселелерін жан-жақты ашып көрсеткен.
А.Н.Радищев орыс революциясының, ағартушылық ой-пікірінің негізін қалаушы, қозғаушы. Ол халықтың ауыр өмірін көріп, басыбайлы шаруалардың Е.Пугачевтің басшылығымен помещиктерге қарсы көтерілісін қолдап, халық революциясының теориясын жасаған. «Петербургтен Москваға саяхат» шығармасында басыбайлы шаруалардың, олардың балаларының табиғаттан жаралған өмірге деген құштарлығы, адамға үйірлігі, қабілетінің аяққа басылғанын, қиын жағдайларын суреттейді.
«Отанының ұлы туралы әңгіме» деп аталған еңбегінде, ол тәрбиенің басты мақсаты өз халқының бақыты үшін күресетін адам, азамат тәрбиелеу деп санады. А.Радищев орыс және батыс еуропалық педагогтарды Бецкой мен Руссо т.б баланы қоршаған ортадан, өмірден алыстату туралы пікірлерін сынға алды. А.Н.Радищевтің педагогикалық көзқарастары революционер-демократ В.Г.Белинский мен А.И.Герценге үлкен әсерін тигізген.
В.Ф.Одоевскийдің өмірінде ағартушылық пен тәрбие мәселелері басты орын алады. Ол балалардың ақыл-ойын дамыту, дүниетанымын кеңейту, жан-жақты білім беру деген ой-пікірді қолдаған. Бұл ой–пікірлері, педагогикалық көзқарастары «Ғылымға дейінгі ғылым», «Жетімханаларда қолдану үшін жазылған әліппе», «Балаларға ең алғаш білім берудегі педагогикалық тәсілдер туралы тәжірибе», «Ириней атайдың кітапшасы» атты еңбектерінде орын алады.

Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар


1.Қайта өрлеу дәуіріндегі балабақша және педагогикалық ой – пікірлер.
2.Мектепке дейінгі тәрбиенің қажеттілігі жөніндегі идеяларды алғаш тұжырымдаған социолист – утопистер (Томас Мор, Т.Компанелла).
3.Мектепке дейінгі тәрбие теориясын дамытуда ұлы педагог Ян Амос Каменскийдің еңбектері.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет