«Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» бөлімі



бет11/14
Дата23.03.2023
өлшемі67,84 Kb.
#75821
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
Сатыбалдиева Жанбота 4(9) жб

Жұмбақты қай кезде,қалай айтқызуға болады!
Жұмбақты: 1) табиғат көріністерін; 2) заттардың,ойыншықтардың қасиетін, сынын байқату; 3) сабақты ұйымдастыру кезінде айтқызуға болады;
Мысалы, сурет салмастан бұрын салынатын бақыланады. Мысалы,аққудың суретін салу үшін Алматы қаласындағы балалар бақшаларындағы тәрбиеленушілері көбіне қаланың орталығындағы «Аққу» кафесіне барады. Оның алдындағы су қоймасында жүзіп жүрген аққуларды бақылайды. Аралға да көңіл аударады. Табиғаттың әсем көрінісі сөз болады. Тәрбиеші аққу туралы жұмбақты оқиды. Бұл ретте не туралы айттым деп сұраудың қажеті жоқ. Балалар оны алдында жүзіп жүрген аққуға арналған әдемі тақпақ ретінде қабылдайды. Балалардың есінде жақсы қалу үшін тақпақты тағы бір рет қайталауға болады.
Балалар бақшаға келгенде не көріп, не естігендері туралы әңгіме болғанда ол тағы бір рет қайталанады. Сурет сабағында мына өлең шумағын айтқызады:
Ақсың, сұрсың, қарасың,
Қайда қалқып барасың?
Жерге нөсер төгемін,
Өссін гүлдер,көп егін!
Гүл-гүл жайнап өсер көк,
Нөсерлетсең,нөсерлет!
Жаңбыр жауған кезде алаңда шатыр астында тұрып не бөлменің терезесінен қарап тұрып, мына тілге орамды шумақтарды да айтқызуға болады:
Там, там, тамшы, там,
Тамшы, там, нөсерлер,
Тамшыдан өсер көл.
Там, там, тамшы, нәр,
Тамшымен тал шығар.
Тал тесер тамшылар,
Там, тамшы, тамшылар.
Бұдан кейін найзағай туралы жоғарыдағы жұмбақтың шешуін балалар оңай табатын болады.
Жұмбақ сабақ алдында балалардың көңілін сабаққа аудару мақсатыменде айтылады. Мысалы,тәрбиеші математика сабағында балаларға сағат туралы ұғым беру үшін сағатты жұмбаққа қосуына болады.

  • Лүп-лүп соғып жүрегі,

Сол қолыңда жүреді.
Жұмысқа, сабаққа,
Шақырып тамаққа
Тақылдап соғады,
Хабаршы болады.
Немесе аққудың суретін салу сабағында аққудың тұлға ерекшелігін естеріне түсіру мақсатымен,аққу туралы жұмбақ оқылады:
Садақшы мойнын иілтіп,
Көрген жанды сүйсінтіп,
Жүзгенде көлдің сәні өзі,
Судағы құстың серкесі
Көктегі құстың еркесі
Бала тілін дамытудағы жаңылтпаштардың тәрбиелік рөлі.
Халық ауыз әдебиетінің бір саласы-жаңылтпаштар. Жаңылтпаштың өзі сөзбен жаңылту немесе сөзден жаңылу дегеннен шыққан.Сондықтан бірнеше ұйқас сөзді қайта-қайта шапшаң айтқанда тіл тұтығып,сөз сынып,мағынасы өзгеріп кетсе,оны жаңылтпаш дейміз. Жаңылтпаш-ел ішінде ескіден сақталып келе жатқан халық шығармасы.Жаңылтпаштар балалар бақшаларында тіл дамыту сабағында және сабақтан тыс уақыттарда тіл ұстарту, сөздің дыбысталуын нақышына келтіре дұрыс,тез,шебер айта білуге жаттықтыру,сөздің мағынасын түсіне білу мақсатымен пайдаланылады.
Халық даналығын баулуда мақал-мәтелдердің,нақыл сөздердің тәрбиелік мәні.
Мақал-мәтел,нақыл сөздер-халықтың ұзақ уақыт бойы адамдардың іс-әрекеті,мінез-құлқына жасаған бақылауларынан туындаған дана сөздері.бұларды тәрбиешілер балалардың түрлі іс-әрекетіне,мінез-құлқына жасаған байланысты тәрбие құралы ретінде пайдалануына болады. Мысалы,бақшадағы балалар ойын,еңбек процесінде бір-бірімен келісе алмай тәрбиешіге шағым жасайтын кездері болады.Мұндайда тәрбиеші баланың шағымын мұқият тыңдап алып,сөзін бала түсінетіндей мәнерлі,бір ырғақты етіп: «Шағым жасау-шалдуарлық»,-деп, бала өзінің теріс іс істеп тұрғанын сезінетіндей үн ырғағын,дауыс екпінін өзгерте айтады,немесе «тентектіктің дәлелі көп» деген сияқты мақал-мәтелдерді балалардың іс-әрекетіне тұжырым жасау,ескерту ретінде айтуға болады.
Сәбилер тобында да бөбектерге «Бөбектер жыры», «Тұсау кесу» жырларын айтудың мәні зор.
«Бөбектер жыры» сәбилердің көңіліне нұр құяды,оларды елге,жерге деген сүйіспеншілікке баулып,патриоттық сезімін оятады.
Балалар бақшасында сәбилер тобының балаларын ұйқыға жатқызу кезінде ырғақты әуендерді,балаларды тәй-тәй басып жүруге үйреткен кездегі «Тұсау кесу» жырын айтуды ұсынамыз.Балаларға арналған «Өс-өс,бөбек» жырын жазып отырмын.
Ересек топтың балалары бұл әндерді қуыршақпен ойын кезінде пайдалануға әбден болады.Егер бұрын тәрбиешіден естіген болса,енді ешкімнің көмегінсіз-ақ өздері қуыршақты әлдилеп ұйықтататын болады.Егер ұмытып қалса,тәрбиеші есіне салады:
Өс-өс,бөбек.
Өс-өс балам,өсе бер, Ағыңды созайық,
Батыр бол-балуан білекті, Саусағыңды жазайық.
Батыл бол-таймас жүректі. Етті болсың балтырың,
Етті боп өс,жарықыным.
Халық ойындары
Ойынның балаларды тәрбиелеуде алатын орны ерекше. Ойын арқылы тапқырлық, шапшаңдық, мергендік, еңбек сүйгіштік сияқты қасиеттермен қатар, ақыл – ой тәрбиесі де жүзеге асырылады.
Н.К.Крупская « Ойын балалар үшін – айналадағы өмірді танып – білу құралы» десе, А.С.Макаренко «балалар ойында қандай болса, өскенде еңбектеде сондай болады» деген.
«Балалар бақшасының программасында» ойынның бірнеше түрі көрсетілген: олар – сюжетті – рольді ойындар, кейіпкерлеу ойындары, құрылыс материалдарымен ойнау, қимылды, дидактикалық, музыкалы – дидактикалық ойындар. Ойындардың тізбесіде берілген. Бұлармен қатар халық арасында кеңінен тараған, балалар бақшасының өміріне лайықты қимыл ойындарын пайдалануға әбден болады. Бұл мәселеге сонау балалар бақшасының құрылу кезеңінен – ақ көңіл бөлініп келеді.
1920 жылы ноябрь айында Халық Ағарту Комиссариатының « Балаларды қорғау» бөлімінің отырысында «Қырғыздар (қазақтар) тұрмысымен халық ертегілерін,ойындарын жинау арқылы танысу, сол сияқты жергілікті халықтың балалары үшін құрылған мекемелерде халықтың ерекшелігін ескерту, халық ойындарын пайдалану қажеттігі» атап айтылған – ды.
Әншіл, сауықшыл қазақ халқы адамның ой – өрісін кеңейтетін, орталық нерв жүйесін шынықтыратын, өмірге қажетті ауызекі есепке төсілдіретін, ұстамдылыққа, творчестволық еңбекке дағдыландыратын тамаша ойындарға аса бай.
«Ойын ойнап, ән салмай өсер бала болама» деп, балалар табиғатын, ойынның балалар тәрбиесіндегі алатын орнын жақсы білген халқымыз балаларға икемдем «Санамақ»,
«Тәй - тәй», «Ақ серек, көк серек», «Қуыр-қуыр-қуырмаш», «Соқыр теке» ойындарда ауыз әдебиетінің үлгілері пайдаланылған.
Балалар бақшаларында «Қыз қуу», «Күміс алу» сияқты қазақтың қимылды ойындарын серуен кезінде және ертеңгіліктерді музыка ырғағымен ойнатумен қатар, оларды стол басында ойнайтын дидактикалық ойындарға да айналдырған.
Санамақ
Санамақты көбінесе шағын топ құрып ойнауға болады. Ауыз әдебиетінің бұл түрі баланы диалог түрінде сөйлесе білуге, өзіне қойылған сұраққа жауап беруге жаттықтыру ісінде басты роль атқарады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет