«Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» бөлімі



бет12/14
Дата23.03.2023
өлшемі67,84 Kb.
#75821
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
Сатыбалдиева Жанбота 4(9) жб

ҚОРЫТЫНДЫ

Халық ауыз әдебиеті – халық шежіресі.Ауыз әдебиеті де, жазба әдебиеті де көркем туынды.


Ауыз әдебиті ауызша шығарылып, ауызша айту арқылы таралатын болғандықтан, творчестволық өзгеріске ұшырап отырады.
Қазақ ауыз әдебиеті – талай ғасырларда келе жатқан мұра, сарқылмас бай асыл қазына. Онан халқымыздың өткенін білеміз, сол арқылы бүгінгі заманымыздың ұлылығын танимыз.
Халық ауыз әдебиетінен халқымыздың батырлық, ерлік тарихын көреміз.
Қазақтың мақал – мәтелдері болсын, жұмбақ – жаңылтпаштары мен ертегілері болсын – бәрі де балаларды Отанын сүюге, ерлікке, елін қорғауға үндейтіні белгілі.
Қазақ ауыз әдебиетінің негізгі түрлерінің ішінде мақал – мәтелдер мен жұмбақтарды, ертегілерді балалар бақшасында пайдалану жөнінде тоқталмақпыз.
Балалар бақшасының тәрбиеленушілерін ауыз әдебиетінің үлгілері мен таныстырып, олардың рухани өмірін байыта түсу тәрбиешілердің міндеті болып саналады.
Қиял дүниесінен туған ғажайып оқиғалы ертегілер, батырлық жырлар, өмір тәжірибесінің қысқаша қорытындысы – мақал – мәтелдер, ойға түрткі салатын сыр сандықты жұмбақтар, қиыннан киыстырылған тақпақ – жаңылтпаштар – бәрі де балалар бақшасында кең пайдаланылатын дүниелер.
Балалар бақшасының жаңа бағдарламасында ана тілі сабақтарында ауыз әдебиетінің үлгілерін оқытуға баса назар аударылған. Онда оқылған ертегі, әңгіме мазмұнын жүйелі байланыстырып, әңгімелеп беруге үйрету, ертегі мазмұнында кездесетін кейіпкерлердің іс – әрекетіне сай образды сөздермен диалогтарды, кейбір өлең шумақтарын бұлжытпай жатқа айта білуге, екі адамның диалогінде кездесетін сұрақ, қорқыныш, талап тілектерді білдіретін
сөздерге дауыс екпінін дұрыс қойып, мәнерлі айта білуге тәрбиелеу талап етілген.
Сәбилердің ой өрісін дамытуға, қиялын шарықтатып, тіл байлығын молайтуға ауыз әдебиеті үлгілері - ертегілер, жұмбақтар, жаңылтпаштардың, халық ойындарының тигізетін пайдасы ұшан – теңіз. Әрине, ауыз әдебиеті үлгілері мен балаларды таныстыру үшін, алдымен оқылатын материалдың көлемін, мазмұнын анықтап алу керек. Материал тексінің мазмұны балаларды қызықтыратындай, жалықтырып жібермейтіндей шағын болуы керек.
Қазақ халқының тұрмыс – салтын, арман – үмітін, өткен өмірін кеңінен танытатын ауыз әдебиеті үлгілерінің көлемді саласының бірі – ертегілер. Ертегілер өте ерте заманда, тіпті жазу – сызу өнері болмаған кездің өзінде - ақ туған. Бұларды халқымыз күні бүгінге дейін ұрпақтан ұрпаққа ауызша жеткізіп келеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет