бөлім бойынша лексика және терминология: - дәреженің негізі;
- дәреже көрсеткіші;
- натурал көрсеткішті дәреже;
- дәрежеге шығару;
- квадраттау, кубтау;
- санның квадраты, санның кубы;
диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер: - бірнеше бірдей сандардың көбейтіндісі;
- сандарды дәреже түрінде жазу;
- негізі сақталып, дәреже көрсеткіштері қосылады (азайтылады);
- негізі сақталып, дәреже көрсеткіштері көбейтіледі;
Құндылықтарға баулу
«Жалпыға бірдей еңбек қоғамы». Ұйымшылдыққа, жауапкершілікке баулу, шапшаңдыққа тәрбиелеу, топтық және жұптық жұмыстарда өз ойларын еркін жеткізе білу.
1. Ұйымдастыpу кезеңі Оқушылаpдың амандығын біліп, оқуға келуін түгендеу.
2. Психологиялық ойын өткізу. «Өзіңе не тілесең, досыңа да тіле» әдісі Әрбір оқушы бір-біріне бүгінгі сабақтан сәттілік тілейді.
3. «Сұрақ-жауап» әдісімен сұрақтар қойып, тақырыпты ашуға ұмтылу. Квадраттың ауданы және кубтың көлемiн табу үшін қандай формулаларды қолданамыз? Есімізге түсірейік оқушылар!
1 - мысалы: квадраттың қабырғасы 8см болғанда, ауданын табыңыздар.
2-мысалы: Қабырғасы 4см болатын кубтың ауданын табыңыз.
Жаңа тақырыпты түсіндіру «Бүкіл сынып орындайтын жұмыс»
Бірдей көбейткіштердің көбейтіндісін дәрежемен алмастыруды мысал есептер арқылы қарастырайық.
Мысалы: