2. Ғылыми конкурсты ұйымдастыру және өткізу тәртібі
1. Зерттеу жұмыстарының тақырыптары «Дарын» республикалық ғылыми- практикалық орталығында (бұдан әрі – «Дарын» РҒПО) Intel ISEF – ке (Вашингтон, АҚШ қ.) тіркелінген жобаларды бекіту аффилендіру үшін тиісті жылдағы 20 қыркүйегінен кешікпей тіркеледі.
2. Ғылыми конкурс төрт кезеңде өткізіледі:
1) бірінші кезең – мектепішілік, аудандық орта білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында өткізіледі;
2) екінші кезең – іріктеу (қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы жобаны алдын ала сараптау) облыстық білім беру ұйымдарымен өткізіледі;
3) үшінші кезең- облыстық (Алматы және Астана қалаларының білім беру ұйымдарының конкурстары, республикалық білім беру ұйымдары (бұдан әрі – РБҰ) мен «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымдары (бұдан әрі – «НЗМ» ДББҰ), мәртебесі жағынан облыстық жарыстармен теңестіріледі). Осы кезең екі турда өткізіледі; Бірінші тур – жобаны қорғау, екінші тур бейіндеу пәндері бойынша тестілеу;
4) төртінші (қорытынды) кезең – республикалық. Осы кезең екі турда өткізіледі.
Бірінші тур – іріктеу (жаратылыстану – математикалық бағыттағы жобаны алдын ала сараптау), екінші тур – жобаны қорғау.
3. Ғылыми конкурстың бірінші және екінші кезеңін өткізу мерзімі облыстардың, Астана және Алматы қалалары білім басқармалары жетекшілерінің бұйрықтарымен анықталады. Ғылыми конкурстың үшінші, төртінші кезеңдері Министрліктің бұйрығымен белгіленген мерзімде өткізіледі. Ғылыми конкурс осы Қағиданың қосымшасына сәйкес жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурстары өткізілетін пәндер тізбесі бойынша өткізіледі.
4. Ғылыми жетекшінің немесе оқушылардың ғылыми қоғамының ұсынуымен, ғылыми конкурстың бірінші кезеңіне 9-11 сынып оқушылары қатысады. Зерттеу жұмыстарын екі оқушыдан кем емес орындайды.
5. Екінші кезеңге бірінші кезең жүлдегерлері қатысады, олар ғылыми жетекшінің пікірін және ілеспе құжаттарды (өтінім, мектептің есебі, зерттеу журналы ) ұсынады .
6. Ғылыми конкурстың қорытынды кезеңіне қатысуға үміткер үшінші кезеңінің қорытындысы бойынша неғұрлым көп балл жинаған, Астана, Алматы қалаларының, РБҰ-ның, «НЗМ» ДББҰ (әр секция бойынша екі жобадан кем емес) жүлдегерлері.
7. Үшінші кезең екі турда өткізіледі:
бірінші тур – алдын ала сараптамадан өткен жобаны қорғау;
екінші тур – осы Қағиданың қосымшасында көрсетілген жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жобалардың республикалық конкурсы өтетін пәндер тізіміне сәйкес сыныбына, оқыту тіліне қарай бейіндік пәнді тереңдетіп оқыту бағдарламасы бойынша тестілеу.
Әдістемелік кеңес құрастырған тестілер орындауға 2 астрономиялық сағат берілетін 60 сұрақты (120 балл) қамтиды.
Қатысушылар тестілеудің жалпы балл санынан 50%-дан төмен емес ұпай жинауы тиіс. Командалық жұмыстар үшін өту балы жұмыстың авторлары жинаған балдардың орташа арифметикалық саны болып табылады.
Үшінші кезеңін қорытындылау кезінде осы Қағиданың 5 тармағына сәйкес тестілеуде алған балдары мен жобаны қорғауда алған балдары қосылады.
8. Төртінші кезеңге қатысушылардың тізімін ҚР білім және ғылым вице-министрімен бекітіледі және бекітілгеннен кейін үш жұмыс күн ішінде облыстық, Астана және Алматы қалаларының білім басқармалары мен РБҰ, «НЗМ» ДББҰ-ның назарына жеткізіледі.
9. Төртінші кезең – зерттеу жұмысын қорғау және осы Қағидалардың 8-тармағының талаптарына сәйкес рәсімделген стенд материалын ұсыну. Жұмысты қорғау кезінде авторға (біріккен авторларға) баяндама үшін 10-15 минут беріледі.