( Указанымаксимальные баллы, которые можно выставить за каждый критерий) Барлығы: 70 баллов «Қазақстан-2030» стратегиясын іске асыруда республиканың экономикалық және әлеуметтік-мәдени дамуының модельдері» атты республикалық жарыстарға ұсынылатын оқушылардың зерттеу жұмыстарын БАҒАЛАУ ӨЛШЕМДЕРІ
Бағаланатын өлшем 1. Шығармашылық қабілеттілігі
Мүмкін бағалар Жеке жұмыс
үшін 30 балл, командалық
жұмыс үшін
25 балл
Бағалау негіздемесі
Егер жұмыс автор(лар)ы проблеманы шешудің жаңа ғылыми тәсілін жасауда шығармашылық қабілеттілік танытса, жеке жұмыс үшін 25-30, командалық жұмыс үшін 20-25 балл қойылады.
Егер автор(лар) мәліметтерді талдаудың жаңа қондырғылар жасау немесе жаңа тәсілін қолдануда шығармашылық қабілеттілік танытса, жеке жұмыс үшін 20-25, командалық жұмыс үшін 15-20 балл қойылады.
Егер автор(лар) мәліметтерді өзінше түсіндіруде шығармашылық қабілеттілік танытса, жеке жұмыс үшін 10-20, командалық жұмыс үшін 10-15 балл қойылады.
Егер жоба реферативті сипатта болса, 10 баллға дейін қойылады.
2. Ғылыми ойлау
3. Қолданылған зерттеу әдістерінің тиімділігі
Жеке жұмыс
үшін 30 балл, командалық
жұмыс үшін
25 балл
Жеке жұмыс үшін 15 балл, командалық жұмыс үшін 12 балл
Жекелеген өлшемдердің әрбірі жеке зерттеу жұмысы үшін 3 балл және командалық зерттеу жұмысы үшін 2,5 балл көлемінде бағаланады.
Ғылыми жоба үшін:
1) қарастырылып отырған проблема қаншалықты айқын және нақты ұсынылған;
2) жоспарланған ғылыми нәтиже алу мүмкіндігі мол болуы үшін шешетін міндет қаншалықты айқын көрсетілген;
3) міндетті шешудің нақты жоспары бар ма;
4) міндетті шешуде ауыспалылықтар нақты анықталған ба;
5) автор нәтижелерді кезең-кезеңімен тексерудің қажеттілігін (егер ол қажет болса) көре алды ма және оны дұрыс қолданды ма; 6) қорытындыны нақтылау үшін мәліметтер сәйкес таңдалған ба;
7) автор(лар) мәліметтердің қорытынды үшін шектеулілігін мойындай ма;
8) автордың (команда) мәселені шешуге кепілдік беретін зерттеудің келесі кезеңі турасында идеясы бар ма;
9) автор(лар) ғылыми әдебиеттерден немесе тек қана көпшілік әдебиеттерден дәйексөз келтіреді ме.
техникалық жоба үшін:
1) жұмыс мақсаты қаншалықты айқын;
2) жаңалықтың әлеуетті тұтынушылары бар ма;
3) нәтиже өмірде іске аса ма;
4) үнемді орындалған ба;
5) әлеуетті тұтынушыға тиімді ме;
6) нәтиже түпкілікті қойылған мәселені шешуде жетістікпен қолданыла ма;
7) техникалық шешімнің шын мәнінде алдыңғы белігілі нұсқаларымен салыстырғанда елеулі артықшылығы бар ма;
8) нәтиже нақты жағдайда тексерілген бе;
9) зерттеудің келесі кезеңіне байланысты мәселені шешуге кепілдік беретін автордың (команданың) идеясы бар ма;
10) автор(лар) ғылыми, әдебиеттерден немесе тек қана көпшілік әдебиеттен дәйексөз келтіреді ме.
Егер зерттеу жұмысының автор(лар)ы жұмыс барысында білімнің саласында мүлдем жаңа нәтижелер алуға мүмкіндік беретін қазіргі тиімді қондырғыларды немесе қазіргі теориялық әдістерді пайдаланса, жеке жұмыс үшін 10-15 балл, командалық жұмыс үшін 10-12 балл қойылады. Егер зерттеудің бұрынғы (ескірген) әдістерін пайдаланып, бірақ жаңа нәтиже шығарылса жеке жұмыс үшін 5-10 балл, командалық жұмыс үшін 5-10 балл қойылады. Егер жұмыс реферативті сипатта болса, 5 ұпайға дейін қойылады.