«мектепті басқарудағы инновациялық менеджмент» орта



бет57/62
Дата25.11.2023
өлшемі0,67 Mb.
#126709
түріБағдарламасы
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   62
Байланысты:
Оқу құралы 5-модуль

ГЛОССАРИЙ




Аттестаттау адамның біліктілігін, білім деңгейі мен дағдыларын растау-шолу (фактілерді баяндау мен оларды бағалауды қорытындылау), сипаттама. Сертификаттау нәтижесінде алынған құжат сертификат деп аталады.
Әлеуметтік серіктестік – педагогикалық үдеріс қатысушыларының: әкімшілік, мұғалімдер мен ата-аналардың мүдделерін келісудің тең ынтымақтастыққа негізделген институттары мен тетіктері жүйесі.
Бағалау - оқу үдерісі мен нәтижелерін жүйелі түрде және сыни талдау, соның негізінде ағымдағы және кейінгі оқу үдерісіне қатысты тұжырым жасап, шешім және/немесе ұсыным шығаруға бағытталған қызмет.
Білім берудегі инновациялар – білім беруді дамыту және білім беру жүйесін оңтайландыру мақсатында басқарылатын процестің мақсаттарына, мазмұнына және ұйымдастырылуына жаңасын енгізу.
Білім алушылардың кәсіби қоғамдастығы – мектеп қызметкерлерінен, оқушыларынан және ата-аналардан тұратын жалпы мектептік қоғамдастық, оның мақсаты өздерінің білімі мен дағдыларын үздіксіз жетілдіру болып табылады.
Білім берудегі менеджмент – білім беру процесін және жалпы білім беру ұйымын басқару (жоспарлау, ұйымдастыру, реттеу, уәждеу, бақылау және есепке алу) қағидаттары, әдістері, құралдары мен нысандарының оның жұмыс істеу тиімділігін арттыруға бағытталған жүйесі.
Білім берудегі мониторинг – бұл кез-келген уақытта объектінің жай-күйін бағалауға мүмкіндік беретін және оның дамуын болжауға мүмкіндік беретін басқаруды ақпараттық қамтамасыз етуге бағытталған оқу процесі немесе оның жеке компоненттері туралы ақпаратты жинау, өңдеу, сақтау және тарату жүйесі.
Білім беру саласындағы басқару – білім беру үдерісінің және жалпы білім беру ұйымының тиімділігін арттыруға бағытталған, оларды басқару (жоспарлау, ұйымдастыру, реттеу, ынталандыру, бақылау және есепке алу) қағидаттарының, әдістерінің, құралдары мен нысандарының жүйесі.
Инновация – нарықта сатылатын жаңа немесе жетілдірілген өнім, практикалық қызметте қолданылатын жаңа немесе жетілдірілген технологиялық процесс түрінде іске асырылған инновациялық қызметтің нәтижесі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет