Педагогикалықмониторинг – бұл білім беру жүйесіндегі жағдай мен тенденциялар туралы ақпаратты жобалау және түзету үшін жинау, сақтау, жүйелеу, жалпылау және пайдалану бойынша білім беру мекемелері мұғалімдерінің қызметік жүйесі.
Рефлексиялаушыпрактик(мұғалім) – өзінің оқыту және оқу тәжірибесін дамыту, өзгерту және жетілдіру әдістерін мұқият және үнемі ойластырып жүретін педагог. Сабақтызерттеу(LessonStudy) – мұғалімдер тәжірибесі саласындағы білімді жетілдіруге бағытталған ынтымақтастық педагогикалық тәсіл. Бұл тәсіл ХІХ ғасырдың 70- ші жылдарында Жапонияда негізі қаланған. LessonStudy-ге жоспарлау,оқыту,қадағалау, оқыту мен оқуды талдау, өз қорытындыларынтұжырымдап, құжаттауды бірлесіп жүзеге асыратын мұғалімдер тобы қатысады. LessonStudy-дің циклін өткізген соң мұғалімдер педагогикалық тәсілдерді түрлендіріп немесе жетілдіріп, кейіннен ашық LessonStudy, таныстырылым өткізу, баспада жариялау арқылы әріптестеріне таратады. Қазіргі кезде оқыту әдістемесін жетілдіру, оқушылардың бастауыш және орта мектептегі негізгі пәндер бойынша білім деңгейін арттыру, сондай-ақ тұжырымды педагогикалық тәсілдерді жасау мақсатында Жапониямен қатар Сингапур, Гонконг, Қытай, АҚШ,
Ұлыбритания, Швеция және Канадада ойдағыдай қолданылады.
Сыншы дос– кәсіби сенімді қарым-қатынас орнаған, тәжірибеңізге сыни талдаужасау және сындарлы керібайланыс ұсыну арқылы оқыту мен оқу тәжірибеңізді жетілдіруге көмектесетін әріптес, коуч, тәлімгер.
Тайм-менеджмент– арнайы жаттығуды, жұмыстың нақты түрлеріне жұмсалатын уақытты саналы бақылауды көздейтін, уақытты ұйымдастыру және оны пайдалану тиімділігін арттыру технологиясы. Бұл жағдайда жұмыстың тиімділігі мен өнімділігі артады. Тайм-менеджмент жұмсалатын уақытты жоспарлауды, бөлуді, мақсат қоюды, жұмсалған уақытты талдап, мониторингін жүргізуді, ұйымдастыруды, басымдықтардың тізімін жасап, оларды басымдығына қарай орналастыруды көздейді.