Зерттеу тобын әртүрлі қасиеттерге байланысты құруға болады. Мысалы, бір сабақта немесе бір жастағы балаларға сабақ беретін мұғалімдер жиналуы мүмкін. П.Дадлидің (2013) айтуынша, үш адамның болуы тиімді. (Дадли П. 2013). Адамдар топқа өз қалауы бойынша кіреді және оған зерттеудің нақты тақырыбына қызығушылық танытқан оқытушылар тартылады (Абдрахманова Ж.С., Жансүгірова Ж. Д. 2015). Зерттеу тобын құру кезінде келесі әдістерді қолдануға болады (11-кесте):
11-кесте. Сабақты зерттеу тобын құруға арналған әдістер (Lewis, Hurd, 2011)
ӘДІС
РЕСУРС
Хабардарлықтыарттыру, еріктілердітарту
Бірлесіп жұмыс істеуге мүдделі тұлғаларды анықтау мақсатында, сабақты зерттеу туралы мақалалар немесе кітаптар оқу, бейнежазбаларды қарау
Қазіргіуақыттажұмысістейтінтопқұрамынөзгерту
Сіздің ауданыңызда немесе өңіріңізде жұмыс істейтін топ сабақты зерттеу тобының бастамасы болуы мүмкін:
Оқу бағдарламасы, стандарт немесе бағалау бойынша жұмыс топтары. Онда айтылғандарды басқалар көре алуы үшін оны зерттеу сабағында жүзеге асыруға болады.
Пән саласындағы тәлімгер, коуч немесе маман. Зерттеу сабағында олар айтқан ең үздік тәжірибе туралы ойларды іске асыруға, таратуға немесе тексеруге болады.