Оқытушылар - жұмысбасты адамдар. Сондықтан, Сабақты зерттеу аясында өткізілетін жиналыстар мен кездесулердің жылдық кестесін алдын-ала жасау дұрысырақ болады. Бұл топ мүшелеріне осы кестені ескере отырып, өз жұмысын жоспарлау кезінде зерттеумен бірге өз қызметін тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, егер сізге пән бойынша мамандарды сырттан тарту қажет болса, бұл шараны алдын-ала ойластырып, жоспарлауға болады. Сондай-ақ, бұл кездесу барысында келесі кездесудің қашан және қайда өтетінін талқылауға уақытты ысырап етпеу үшін тиімді шара.
Зерттеу тақырыбын келісу
Сабақты зерттеу тобын құрғаннан кейін олар болашақта қандай тақырыптарды үйренетіндерін шешуі керек. Дәріс беру мен оқытуға, оқушының мінез-құлқына, оқушыны оқуға ынталандыруға қатысты мұғалімнің тәжірибесінде кездесетін мұндай қиындықтар оқу практикасына өзгерістер енгізу, жаңа оқу бағдарламасын жүзеге асыру, ата-аналармен және қоғаммен жұмысты ұйымдастыру немесе басқа мәселелер болуы мүмкін. Мысалы, идеалды оқушы мен нақты оқушыға тән белгілер арасындағы алшақтықты анықтау немесе мектептің қазіргі даму жоспарында қарастырылған мақсаттарға жету бағытында жұмыс істеу. Зерттеу мәселелерін қарастыру кезінде, жалпы мақсаттардан нақты, өзекті мәселелерге көшу арқылы зерттеуге болатын салаларды таңдау үшін ми шабуылдарын жүргізу пайдалы болады.
Зерттеу мәселесіне келесі проблемалар кіруі мүмкін (Cohen, Manion, Morrison, 2011):
Болжам;
Түсіну;
Ашу (жаңаны ашу мағынасында);
Салдарды талдау;
Тексеру;
"Не?»
"Егер ... не болады?"
"Кім?";
"Қашан?";
"Қайда?";
"Неге?";
"Қалай?;
Түсіндіру;
Сипаттау;
Байланыс (мысалы, ауыспалылар, адамдар, іс-шаралар арасындағы);