«мектепті басқарудағы инновациялық менеджмент» орта


Іс-әрекеттегі зерттеу - бұл өзгеріс енгізу мақсатында араласу



бет50/62
Дата25.11.2023
өлшемі0,67 Mb.
#126709
түріБағдарламасы
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   62
Байланысты:
Оқу құралы 5-модуль

Іс-әрекеттегі зерттеу - бұл өзгеріс енгізу мақсатында араласу


3a блогында оқу сыныбының мәнмәтіні толықтай сипатталған, ал 3b блогында автордың араласуды қалай жоспарлағаны көрсетілген.
3 (а)-блок. Эксперимент және білім: араласу
"Мен Афина қаласындағы пилоттық орта мектептің үшінші сыныбында (14-15 жас аралығындағы оқушылар) қазіргі және ежелгі грек тілі мен әдебиетінің мұғалімі болдым. Пилоттық орта мектептер мемлекеттік болып табылады және берілген білімге қатысты, сондай-ақ жоғары оқу орындарына түсу үшін оқушылардың дайындығына қатысты тамаша беделге ие. "Пилоттық" термині - бұл қандай да бір эксперименттік жұмыстың өткізілуін көрсетпейтін атау ғана. Оқушылардың ата- аналары балаларының жетістіктеріне өте қызығушылық танытты. Зерттеу жобасын жүзеге асырудағы қиындық оқушылардың мұндай процестермен таныс болмауында болды, сонымен бірге, ата-аналар эксперимент өткізу идеясына теріс қарауы мүмкін. Алайда, эксперименттік зерттеуді таңдап, мен оқушыларға оқу процесіне белсенді қатысуға мүмкіндік бердім". (Цафос, 2009 ж., 198-бет)



  1. блок(b). Эксперимент және білім: жалпы жоспар

"Өзімнің оқыту тәжірибеме сүйене отырып, мен индекстеуді (нұсқауды) дәріс беру және оқыту әдісі ретінде қолдануды ұйғардым: топтарға бөлінген оқушылар процесс жалғасқан кезде, тікелей көрсетілген немесе мәтіндерде кездесетін белгілі бір тақырыптарды қарастыруға және осы тақырыптар бойынша ақпаратты барлық оқу бөлімдерінен жинауға міндеттенеді. Тақырыптар келесідей болуы мүмкін: әйелдер, құдайлар, саяси жүйе, қонақжайлылық, костюмдер және т. б. Бұл зерттелген әдебиеттерде біртіндеп айтылатын тақырыптар; үнемі осы тақырыптармен жұмыс жасай отырып, оқушылар мәтіндердің кейбір негізгі идеологиялық өлшемшарттарын жақсырақ анықтауға және өңдеуге үйренеді. Осылайша, оқушылар ежелгі грек мәтіндеріне сүйене отырып, ежелгі грек өркениеті туралы жалпы түсінік қалыптастыру үшін ақпарат жинайтын санаттардың жиынтығын ескере отырып, мәтіндермен танысады, мәтіндерді зерттеп, ақпаратты таңдау және бағалау әдісін ойластырған жөн". (Цафос, 2009 ж., 199-бет)
  1. Іс-әрекеттегі зерттеу сыныпта эмпирикалық мәліметтерді жинауды қамтиды


Сұрақ қойылғаннан кейін, келесі қадамда қойылған сұраққа қалай жауап беруге болатындығын және қандай деректерді жинау керектігін шешу керек. Бұл мысалда автор сұхбат, сауалнама және сыныптағы бақылауларды қоса алғанда, деректерді жинаудың бірқатар әдістерін қолданады (4-блок).

  1. блок. Ұжымдық және бірлескен деректерді жинау әдістері

Деректерді жинау және соңында алынған нәтижелерді бақылау үшін әртүрлі әдістерді салыстыра отырып, мен өзімнің сабағыма сыншы және бақылаушы ретінде жақсы қарым-қатынас пен ынтымақтастық орнатқан басқа деңгейдегі мұғалімді шақыруға шешім қабылдадым. Біздің ортақ стандарттарымыз болды, бірақ, сонымен бірге, біз айырмашылықтарымызды да толық түсіндік. Осылайша, зерттеу материалы үшбұрыштың сызбасын қамтамасыз ететін үш көзден алынды:
(а) Мұғалім:

  1. зерттеу журналы және сынып жұмысына араласқаннан кейін немесе сыншы мен оқушылар талқылағаннан кейін жасалған жұмыс жазбалары.

  2. араласу процесінен жеке таңдалған үзінділерді жазу. (b)оқушылар:

  1. процесс/зерттеу жобасының соңында мұғалім/эксперименталды зерттеуші және сыншы өткізетін жартылай құрылымдалған сұхбат.

  2. сынып жұмысына араласқаннан кейінгі сауалнамалар, оның ішінде мынадай сұрақтар:

  • Индекстелген тақырыптарды пысықтау процесінде қандай қиындықтарға тап болдыңыз?.

  • Процесті қалай сипаттай аласыз? (немқұрайды, зеріктіретін, қызықты, басқа)

  • Нені жақсартуды ұсынар едіңіз?

  • Оқушылардың индекстелген тақырыптарға рефераттары. (c)Сыншы:

(1) сабақтарды қадағалау және процесте жазбалар жүргізу. (Цафос, 2009 ж.: 200-
бет)


Іс-әрекеттегі зерттеу циклі


Зерттеу процесін іс-әрекетте түсіндіру үшін Цафос Кеммис пен Мак Таггарттың (1988 ж.) Бумердің және басқаларының түсіндірмесіндегі (1992 ж.) циклдік диаграммасының нұсқасын қолданады: Жоспар — Іс-қимыл — Қадағалау — Талдау - Бағалау, (5-блок).



  1. блок. Процесс циклі

"Нақтырақ айтсақ, олардың (оқушылардың) зерттеуге белсенді қатысуы олардың зерттеуге деген қызығушылығынан емес, оқу бағдарламасын талқылауға қатысуға деген ықыласынан туындады, өйткені бұл оларға жеке әсер етеді деп сенді. Әрине, Бумердің пікірінше, талқылау басым рөл атқаратын оқу жоспарын анықтау процесінің кезеңдері эксперименттік зерттеу циклінің кезеңдеріне үлкен ұқсастықты көрсетеді: Жоспарлау
Талқылау→Дәрі беру және оқыту Жүзеге асыру →Бағалау. (Бумер және т. б. 1992ж., 35-бет) (Цафос, 2009ж., 207-бет)

Автор алынған нәтижелерді қалай талдап, талқылайтынын толық құжатта таныса аласыз: (В. Цафос 2009 ж.)




Мұғалімдер жүргізетін іс-әрекетегі зерттеудің басқа мысалдары


10-суретте іс-рекеттегі зерттеудің басқа процесіне кіретін кезеңдерді суреттейтін
мысал келтірілген. Бұл мысалда сыныптағы іс-әрекеттегі зерттеуді орта мектептің жаратылыстану пәнінің мұғалімі жүргізді.
Зерттеуді оның мектебінде жаратылыстану қалай оқытылғанына наразы болған орта мектептің жаратылыстану пәнінің мұғалімі бастады. Ол оқытудың негізгі тәсілдері оқу бағдарламасының мүмкіндіктерін тарылтады және ғылымды бірқатар фактілерге айналдырады деп сенді. Ол "Ғылым қалай жұмыс істейді" деп аталатын жаңа тәсілді біріктіре отырып, өзінің оқыту әдістемесін жетілдіргісі келді. Оқу жоспарының жобасы үшін бұл мақсат өте қолайлы болды, бірақ зерттеу мақсаты ретінде ол тым жалпыланған. Бастапқыда мұғалім өз зерттеуінің мақсатын нақтылап, оқушыларға дәлелдер келтіруге көмектескенге дейін оны тарылтуға мәжбүр болды.
Келесі кезең оқушыларға жаратылыстану оқу бағдарламасындағы күрделі, даулы мәселелер туралы ойлау кезінде қолдануға болатын әртүрлі ойлау тәсілдерін түсінуге көмектесу үшін әріптестерінің не істеп жатқанын анықтау мақсатында сыныпта одан әрі зерттеуді қамтыды. Мұғалім сондай-ақ, әріптестерінен сабаққа деген көзқарасын байқауды сұрады, ол өз сабақтарында оқушылармен кеңесті. Бұл кезеңде мұғалім осы тақырып бойынша әдебиетте жарияланған әртүрлі мақалалармен танысып, оларды тек жаратылыстану кафедрасында ғана емес, әріптестерімен талқылау арқылы даулы мәселелерді қалай оқыту керектігі туралы білімдерін кеңейту пайдалы деп тапты. Нәтижесінде, мұғалім жаратылыстану сабақтарында дәлел келтірмес бұрын өзінің қызығушылықтарын тарылтып, оқушылардың проблемалары ол оқытатын пәннің күрделі контекстіне қатысты мәселелерді қалай талдауға болатындығын білмеген жағдайда нашарлауы мүмкін деген шешімге келді. Әдебиетті зерттеу және оның тікелей кафедрасынан тыс жерде әріптестерімен талқылау шешуші әсер етті және оған бастапқы мәселені қайта құруға көмектесті.

13-сурет. Іс-әрекеттегі зерттеу циклі






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет