Мемлекеттің мəні мемлекеттің басты тағайыны, осы құбылыстың басты


(a) Мемлекеттің аумақтық құрылымы



бет13/22
Дата10.02.2022
өлшемі78,29 Kb.
#25229
түріҚұрамы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   22
(a) Мемлекеттің аумақтық құрылымы
Əрбір мемлекеттің аумағында мемлекеттің аумақтық құрылымы оның ішкі
құрылысын  анықтайтын  құрамды  бөлшектерге  бөлінеді. Сол  аумақтық
құрылымның  көлемінде  мемлекеттің  аумақтық  бөліктерінің  жүйесі
қалыптасады. Солардан  мемлекет, мемлекет  органдарының  байланыс  жүйесі
түзіледі. Мемлекеттің  тұтастай жəне оның əрбір аумақтық бөлігінің құқықтық
мəртебесінің  сипаты  да  соған  байланысты  болады. Мемлекет  аумағының
аталған түзілімін мемлекеттік құрылым дейді. Демек, мемлекеттік құрылым -
тұтастай  мемлекет  пен  оның  бөліктерінің  белгілі  түрдегі  құқықтық
қатынастарын  сипаттайтын  мемлекеттің  аумақтық  ұйымдастырылуы
болып табылады.
Мемелекеттік  құрылымына  байланысты  барлық  мемлекеттер қарапайым
(унитарлы)  жəне күрделі болып екі топқа бөлінеді.
Унитарлық  мемлекеттің  ішкі  аумақтық  құрылымында  басқа  мемлекеттер
болмайды. Осы мағынада унитарлық мемлекет біртұтас мемлекет деп аталады.
Унитарлық  мемлекет, əдетте  тек  əкімшілік-аумақтық  бөліктерге  бөлінеді  де,
мелекеттің  əкімшілік-аумақтық  құрылымын  құрайды. Əкімшілік-аумақтық
бөліктерге ерекше құқықтық мəртебе берілмейді. Мұндай мемлекетте бір ғана
Конституция, бір  ғана  заң  шығаратын жоғары орган, бір  ғана  жоғары басқару
органы, біртұтас  азаматтық  болады. Қазақстан  Республикасы – унитарлық
мемлекет.
Унитарлық  мемлекет – тұтас  орталықтандырылған  мемлекет. Оның
əкімшілік-аумақтық  бөліктерінде  мемлекеттік  құрылым  мəртебесі  жəне
егемендік  құқықтар  болмайды. Унитарлық  мемлекетте  жоғарғы  органдардың,
заң  қабылдаудың, соттардың  бірыңғай  жүйелері  құрылады. Онда  бірыңғай
азаматтық жəне бір арналы салық жүйесі болады.

41
Күрделі  мемлекет – мұндай  мемлекеттердің  құрамдас  бөліктерінің  белгілі


бір дəрежеде дербестігі болады. Күрделі мемлекеттерге империя конфедерация,
федерация, достастық жəне бірлестіктер құрған мемлекеттер жатады.
Империя – күш  жұмсаудың  нəтижесінде  құрылған  күрделі  мемлекет. Бұл
мемлекеттің  құрамдық  бөліктері  жоғарғы  өкімет (билік) орындарына  тəуелді
болып келеді. Империялардың бір ерекшелігі, олардың құрамдық бөліктерінде
ешқашанда  бірыңғай  мемлекеттік-құқықтық  мəртебе  болған  емес. Мысалы,
тарихта белгілі Рим империясы, Британия империясы жəне т.б. жатады.
Конфедерация – белгілі  бір  тарихи  кезеңде, өздерінің  алдына  қойған
мақсаттарына  жету  үшін  егеменді  мемлекеттердің  уақытша  жасасқан
келісімдері  бойынша  құрылған  одақ. Мемлекеттердің  уақытша  құрған  одағы
алдына  қойылған  мақсаттары  бойынша  түрлі  болуы  мүмкін, олар: əскери,
экономикалық жəне саяси да болады. Сонымен, мұндай мемлекеттердің одағын
– егеменді  мемлекеттер  одағы  деп  атайды. Мысалы, АҚШ-тағы 1776-1787
жылдардағы  əскери  одақ, бұрынғы  КСРО-ның  орнында  құрылған  тəуелсіз
мемлекеттер  достастығы (ТМД). Конфедерациялық  одақ  құрған  егеменді
мемлекеттер  халықаралық-құқықтық  қатынастардың  субъектісі  олардың
басқару  жүйесі, əділсот  органдары  бұрынғыдай  өз  қызметтерін  жалғастыра
береді.
Федерация – бұл  мемлекет  күрделі  одақтық  мемлекет, оның  құрамдас
бөліктері  мемлекеттік  құрылымдар  болып  табылады. Олардың  белгілі  бір
мөлшерлі  шамада (дəрежеде) егемендігі  болады. Федерациялық  одақ
децентрализациялау қағидатына негізделеді.
Федерацияда  жоғарғы  федералдық  органдар  жəне  федералдық  заң
қабылдау жүйелерімен қатар федерация субъектілерінің жоғары органдары мен
заң  қабылдау  жүйелері  қатарласа  өмір  сүреді, федерацияда  қос  арналы  салық
жүйесі  орын  алады. Федерацияның  нысандық  белгісіне  қосарланған
азаматтықтың  болуы  жатады. Федерациялар  аумақтық  немесе  ұлттық-
мемлекеттік  қағидат  бойынша  құрылуы  мүмкін. Мысалы, АҚШ  мемлекеті
федерация-штаттардың 51 субъектілерінен, ал  Ресей  Федерациясы – 89
федерация  субъектілерінен (Республикалар, округтер, өлкелер  жəне  т.б.
тұрады). Гермения- 10-нан аса федерация – жерлер субъектілерінен тұрады.
Достастық – белгілі бір дəрежеде тектес болып келетін ортақ белгілерімен
(нышандарымен) сипатталатын мемлекеттердің ұйымдасқан  түрдегі бірлестігі.
Мұндай  бірлестікті  біріктіретін  белгі (нышандары) экономикаға, құқық
жүйесіне, тіл, мəдениет, дін  салаларына  қатысыты  болып  келеді. Мысалы
Еуропа Одағы жəне т.б.
Бұл  бірлестіктің  мүшелері  толығынан  алғанда  тəуелсіз, егеменді
мемлекеттер, олар халықаралық қатынастардың субъектілері болып табылады.
Мемлекеттер  бірлестігі - қоғамның  мемлекеттік  болып  ұйымдасуының
өтпелі  кезеңдеріне  тəн  нысан. Мемлекеттер  бірлестігін  құрудың  негізнде,
əдетте, мемлекетаралаық  келісім (шарт) жатады, оның  өзі  көп  жағдайларда
бірлестікке  кірген  мемлекеттер  арасындағы  интеграциялық  байланыстарды
нығайта түседі. Сөйтіп  бірлестік  мемлекеттерінің конфедеративтік  бірлестікке
қарай бірте-бірте дамуына жол ашады.

 Мемлекеттің саяси режимі


Саяси режим дегеніміз мемлекеттік өкімет билігін жүзеге асыру əдістеренің
жиынтығы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет