1.2. Әсемдік
Әсемдік- бұл адамның қажеттілігі, көзқарасы, мақсатымен сәйкес келетін жоғары дәрежедегі терең сезімі. Ерте дәуірдегі суреттерге зер салсақ біз еңбек процесін көреміз: әркім өзінің айналысқан ісіне орай сурет салған: аң аулау, балық аулау, жермен айналысу т.с.с. Соған орай «Өмір деген тамаша» афоризмімен келіспеуге болмайды: Бірақта «әсемдік» жайындағы түсінікті субъективтік те кездеседі. Себебі «әсемдік» жайындағы ұғымды анықтауда көптеген маңызды әлеуметтік-психологиялық факторлардың ықпалы болған: дәуір, ұлттық және расалық, діни және таптық қатынас, сән, сонымен бірге тұлғаның жеке-дара психологиялық ерекшелігі. Дегенмен де әсемдік жайында жалпы адамзаттық өлшем бар: ол табиғат турасындағы суреттер, классикалық музыка және т.б.
Әсемдікті тану (эстетика) – табиғатта, қоғамда, адамның іс-әрекетінің қай түрінде болмасын, оның қарым-қатынасында, әсіресе, өнерде заттардың және құбылыстардың мәні мен даму заңдылықтары жөніндегі философиялық ғылым болып табылады. Ақиқат дүниені, ондағы құбылыстар сырын адамның тануы тек ақыл арқылы ғана емес, сонымен бірге түйсік арқылы беріліп, көңіл-күй сезімімен біртұтас қабылданады. Соған сәйкес заттың немесе құбылыстың жетілгендігі, идеялық мазмұны мен түрінің үндестік бірлігінің сәйкестігі адам баласына әсемдіктің ләззатын алып келеді.
Әсемдікті тануға тәрбиелеу- оқушының бойында өнерге және шындыққа әсемдік көзқарас тұрғысында идеялық көтеріңкі көңіл күй сезінерлік қатынасты қалыптастыру үрдісі. Мақсаты- оқушы тұлғасының әсемдікті тануын, білім алуын дамыту, рухани құндылықтарға, көркем шығармашылық іс-әрекеттерге қатынастыру.
Тәрбиенің бұл саласын жүзеге асыруға табиғат, еңбек, тұрмыс, қоршаған орта, қоғамдық және тұлға аралық қатынастар зор рөл атқарады.
«Эстетикалық тәрбие» өмірдің барлық әр алуан әсемділігінен ләззат алу қабілетін тәрбиелеу, қоғамның игілігіне шығармашылықпен еңбек ету қажеттілігінің болуын және барлық қабілеттердің үйлесімді дамуына тырысуы- дейді М.Овсянников
Оқушы жастардың эстетикалық тәрбиесі- біздің қоғамның негізгі бір міндеті. Сондықтан да қоғамдағы реформалау жағдайы тұлғаның жан-жақты үйлесімді дамуы мәселесіне айрықша маңыз беруде. Себебі, эстетикалық тәрбие тұлғаны жан-жақты қалыптастырудың, соның ішінде этикалық, эстетикалық, саяси сенімдері, адамгершілік мәдениеттерін тәрбиелеудің нәтижелі құралы.
Эстетикалық сезім адам баласы туғаннан бірге пайда болмаған, керісінше ол ақиқат дүниені оқу-тәрбие процесінде тану арқылы қалыптасып дамиды. Біздің елде оны ерте кезден қолға алады: отбасында, балабақшада әдемі ойыншықтармен, суреттермен, балалар әдебиеттерімен, музыкамен, мультфильмдермен танысу барысында жүзеге асырады. Одан әрі ол мектеп жағдайында мақсатты әрі белсенді түрде жүзеге асырылады.
Әсемдік- өте биік эстетикалық құндылық. Ғылым үшін ақиқат қандай маңызды болса, эстетика үшін әсемдік сондай маңызды. Әсемдіктің тану, білу жөнінде маңызы зор. Адам және табиғат сұлулығы, өнер табиғаты, адам өміріндегі эстетикалық құндылықтар- біздің әсемдік жайындағы түсінігімізге байланысты. Әсемдіктің жақсылық пен ақиқаттан айырмашылығы адам сезімі және адам санасымен тығыз байланысты болуы.
Әсемдікке қызықпайтын,оған сүйсінбейтін бірде-бір адам жоқ. Бірақ осы қызығушылық пен сүйсінудің мөлшері адам баласының бәрінде бірдей деңгейде дамыған ба? Әрине, олай емес. Өйткені әсемдікті түсініп, танып бағалаудың да дәрежесі оларда әртүрлі. Олай болмаған жағдайда қоғамдағы кейбір жастардың бүгінгі сұрықсыздыққа, талғамсыздыққа бой алдыруы неліктен? Мұның себебі неде? Ол оның алған тәрбиесінде болмақ.
Есімі әлемге әйгілі, екінші Аристотель атанған Әл-Фараби өзінің ғылыми еңбектерінде «адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім- адамзаттың қас жауы, оның барлығы апат әкеледі» десе, ұлы Абай кезінде «Атаның баласы болма, адамның баласы бол! Әкенің баласы- дұшпаның, адамның баласы- бауырың» деген еді.
Әсемдікті ұнататын табиғи сезім адам баласында туа пайда болғанымен, ол жүре келе дамиды. Оған әсер ететін факторлар көпжақты. Сондықтан да оның дамуы, біреуде жоғары, біреуде төмен болуы адамның эстетикалық мәдениетінің қалыптасу дәрежесіне де әртүрлі септігін тигізеді. Әсемдіктің адамға тигізер әсері туралы Н.Г.Чернышевский былай дейді: «Әсемдіктің адамға ететін әсері, сезігі- ол бейне бір сүйкімді кісінің қасында отырғанда бөленетін жарқын қуаныш сезіміне барабар Әсемдік атаулыны есепсіз жанымыз сүйеді, біз оған сүйсінеміз, ең жақын адамымызды көргендей рахаттанамыз»
Достарыңызбен бөлісу: |