І.Мектепке дейінгі балалардың эстетикалық тәрбиесі
1.1. Эстетикалық тәрбие
Эстетикалық тәрбие – тәрбиенің маңызды құрамдас бөлігі. Ол эстетикалық – мәдени жұмыстарын арнайы ұйымдастыратын арна, ақиқат шындықты эстетикалық тұрғыдан меңгерту тәсілі, сонымен бірге эстетикалық сапа және эстетикалық дағдыны қалыптастыру әрекеті.
Сонымен қатар, ол қазіргі жағдайда тәрбиенің басқа салаларының нәтижесін көтеруде де қажетті буын болып табылады. Бұған қосымша оқушылардың эстетикалық тәрбиесін қазіргі қоғамның мәдени реформасының маңызды компоненттерінің бірі ретінде қарастыру қажет. Мұндағы негізгі мақсат – тұлғаның тұтас дамуын қамтамасыз ету.
Бұл жастардың эстетикалық тәрбиесінде бірнеше маңызды әлеуметтік қызмет етуге мүмкіндік береді, соның ішінде тұлғаның мәдени ой-өрісінің дамуымен байланысты танымдық; эстетикалық мағлұматтардың идеялық бағытын, эстетикалық идеалдың мазмұнын, талдау және бағалаудың ғылыми және идеологиялық дәлдігін белгілейтін, дүниетанымдық шығармашылықта, қызығушылық әрекетте және әр түрлі шығармашылық қабілеттердің дамуымен байланысты, әрекетпен және мінез-құлықтың эстетикалық нормасы және өлшемінде жүзеге асатын, пәндік-практикалық; соңында, тұлғаның эстетикалық сезімін, талғамын қалыптастыратын, әсерленушілік (эмоционалдық).
Эстетикалық тәрбие, ең ақырында, оқушылардың әлеуметтік жағдайына, оның жан-жақты даму болашағына, болашық маманның дара эстетикалық мәдениетін қалыптастыруға сай жүйені құруға ықпал етеді.
Жоғарғы мкектептегі эстетикалық тәрбиенің жалпы мақсаты болашақ маманның жоғары дәрежедегі тұлғалық эстетикалық мәдениетін қалыптастырып және шығармашылық әрекетін дамыту. Оның еңбекке, табиғатқа, ғылымға, өнерге, қарым-қатынасқа, спортқа эстетикалық көзқарасын дамыта отыра, эстетикалық тәрбие тұлғаның шығармашылық күш-қайратының қалыптасуына белсенді ықпал ету.
Эстетикалық мәдениетті қалыптастыру көпшілік мәдени-тәрбиелік және эстетикалық тәрбие жұмыстарының барлық жүйесімен тығыз байланыста болып, қоғамның мәдени құрылысының бірегей негізі болып есептеледі. Соған орай жастардың тұтас эстетикалық мәдениетін қалыптастыру, қоғамдық мәдениеттің құрылымын жетілдіру жағдайында өзінің ары қарай дамуын жалғастырады. Ол үшін, ол оқушылар өмірінің барлық құрылымына ене отыра, оның мәдени әрекетін оқу, сондай-ақ еңбек ұжымдарында, отбасында, тұрғылықты жерінде нормаға айналдыру барысында, олардың эстетикалық қабілеттері мен рухани қызығушылықтарын дамыту нақтылы өтімді, ықпалды процесс бола алады. Тек осы жағдайда ғана эстетикалық тәрбие мен көпшілік мәдени-тәрбиелік жұмыстарының нәтижесін көтеруге болады. Олардың әдістері, формалары және құралдары динамикалыққа, мақсаттылыққа және икемділікке ие болып, тұлғаның шығармашылық дамуының нақтылы тетігі бола алады.
Сондықтан да эстетикалық тәрбие тұлғаның жан-жақты үйлесімді дамуына алғышарттар жасай отыра, оқушылардың эстетикалық мәдениетінің қалыптасуына белсенді ықпал етеді.
«Эстетика» - гректің «эстетиз» деген сөзінен алынған, ол «сезімдік», «сезіммен қабылдайтын дарындылық» деген ұғымды білдіреді. Тұңғыш рет «эстетика»ғылыми термин ретінде 1750 жылы неміс философы Баумгартеннің осы аттас кітабына сәйкес қолданылды, бірақта ғылыми ретінде ол өте ерте дәуірде, құлдық қоғамда Египет, Вавилон, Индия және Қытай елдерінде пайда болды.
Эстетика жайлы неміс, ағылшын, француз, орыс тілінде жазылған қыруар еңбектер бар. Соның өзінде эстетика ғылымының ерекшелігі туралы айтыс осы күнге дейін оластаған жоқ: «әсемдік» дегеніміз ен? Өйткені оны заттық тұрғыдан сезінбейсің.
Достарыңызбен бөлісу: |