Мемлекеттік бала-бақшадағы тәрбие жұмысын ұйымдастыру ерекшелігі


Балалардың эстетикалық қабылдауын, сезімі мен ұғымын дамыту



бет9/70
Дата07.01.2022
өлшемі1,13 Mb.
#19759
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   70
Байланысты:
МДОТдип жұм №2

1.4.Балалардың эстетикалық қабылдауын, сезімі мен ұғымын дамыту

Бала алғашқы жастарынан-ақ өзі түйсінбестен жарқын, тартымды нәрсенің бәріне ұмтыла бастайды, жылтыраған ойыншықтарды, әдемі гүлдер мен заттарды көрсе қуанады. Осының бәрі оның рақаттану, қызығу сезімін туғызады. «Сұлу» деген сөз балалардың өміріне ерте енеді. Олар алғашқы жастарынан бастап ән, ертегі тыңдайды, суреттер қарайды; болмыспен бірге өнер олардың қуаныш сезімдерінің қайнар көзіне айналады. Эстетикалық тәрбие барысында оларда жарқын, әсем атаулының бәріне жай ғана ұмтылудан сұлулықты саналы түрде қабылдауға көшу жүзеге асады.

Болмысты эстетикалық қабылдаудың өзіндік ерекшеліктері бар. Ол үшін негізгі нәрсе заттардың сезімдік формалары — олардың түсі, формасы, дыбысы. Сондықтан оны дамыту үлкен сенсорлық мәдениетті керек етеді..

Бала сұлулықты форма мен мазмұнның бірлігі ретінде қабылдайды. Форма дыбыстардың, бояулардың, сызықтардың жиынтығы ретінде бей-неленеді. Алайда қабылдау эмоциялық жағынан боялып, оған белгілі қа-тынаспен ұштасқанда ғана эстетикалық қабылдауға айналады.

Эстетикалық қабылдау сезіммен, тебіренумен тығыз байланысты. Әсемдікпен кездесуден туатын қалтқысыз қуаныш, жайдары жан толғанысы эстетикалық сезімнің ерекшелігі болып табылады.

Тәрбиеші баланы сұлулықты қабылдаудан оған эмоциялық жауап қа-тудан оны түсінуге, эстетикалық ұғым, эстетикалық пікір, эстетикалық баға беру қасиетін қалыптастыруға жетелеп апаруға тиіс.

Бұл педагогтан үнемі баланың зықысына тиместен, оның өмірін сұлу-лыққа толтыра беруді, айналасының бәрін барынша парасаттандыра беруді талап ететін бейнеті мол еңбек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет