Мемлекеттік бала-бақшадағы тәрбие жұмысын ұйымдастыру ерекшелігі



бет8/70
Дата07.01.2022
өлшемі1,13 Mb.
#19759
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   70
Байланысты:
МДОТдип жұм №2

1.3. Эстетикалық сезім
Эстетикалық сезім дегеніміз- адамның еңбек үстінде тарихи қалыптасып дамыған рухани қымбат қасиеті. Маркс сөзімен айтсақ: «Адам табиғатының (еңбек адамының) тек кең өріс алған объективті байлығының молдығы арқасында ғана адам сезімінің субъективті байлығы пайда болады, әдемілік түрлерін сезіне алатын музыкаға бейім құлақ пен көз пайда болады, қысқасы адамның ләззат алуға бейім кейбір сезімдері жаңа туып, кейбірі одан әрі дамып отырады.

Ұлы ақын, көренекті ағартушы, ұлттық педагогика ғылымының іргетасын қалаған Мағжан Жұмабаев эстетикалық сезім туралы кезінде былай деген екен: «Жаратылыстың, һәм искусствоның сұлу заттары адам жанында сұлулық сезімдерін оятады. Үлбіреген гүл, күңіренген орман, сылдыраған су, былдыраған бұлақ, шетсіз-түпсіз қара көк теңіз, түрлі шөптер мен толқындаған дала, бұлтпен таласқан биік тау, күннің ойыншыл алтын сәулелері, ерек сұлу ай, жұлдызды түн, міне,осылар сықылды жаратылыстың сұлу заттары, көріністері, яки, искусствоның тылсымдай жанды билеп алып кететін ән, сиқырлы сөз, сұлу картина сықылды әсерлі адам жанында бір ләззат, бір сұлулық толқынын оятып туғызбай қоймайды. Сәулет, сұлу сурет(живопись), скульптура секілді пластика өнері адамның көру сезімін сиқырлап барып жанда сұлулық толқындарын туғызады.»




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет