«Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» жаңа экономикалық саясаты
Жауап: Қазақстан үкіметі алдағы бес жылда республиканың ЖІӨ - нің нақты өсімі 5-6,8% дәлізінде өзгереді деп болжап отыр.
"Нұрлы жол – болашаққа бастар жол" жаңа экономикалық саясаты шағын және орта бизнесті қолдау мен дамытуға бағытталған шаралар кешенін айқындады, оның рөлі Қазақстанның экономикалық өсуінің драйвері ретінде айқындалды. Жаңа Мемлекеттік кірістер Департаменті кәсіпкерлікті дамыту үшін барынша қолайлы жағдай жасауға бағытталған. 2015 жылдан бастап жоспарлы тексерулердің күшін жоюға байланысты салықтық бақылау нысандарын жүргізуге салық төлеушілерді іріктеу үшін тәуекелдерді бағалау жүйесінің жаңа әдістемесі әзірленуде. Тәуекелдер жүйесін басқарудың бірыңғай тетігінің негізгі мақсаты бизнес үшін жағдайларды дамыту мен жақсартуды, мемлекет тарапынан жаппай бақылаудың болмауын қамтамасыз ету және шағын бизнес субъектілері тарапынан Өзін-өзі реттеу, өзін-өзі бақылау үшін жағдайлар жасау болады. Бірыңғай орган құру арқылы кеден және салық қызметін жаңғырту жөніндегі реформалар:
- Бірыңғай клиентке бағдарлану;
- СЭҚ қатысушылары мен салық төлеушілердің бірыңғай ақпараттық базасы;
- Салық төлеушілерді әкімшілендіру бойынша бизнес-процестерді оңтайландыру;
- Тауарларды әкелу сәтінен бастап соңғы тұтынушыға сатуға дейін бақылауды күшейту жолымен әкімшілендіруді жақсарту;
- Көлеңкелі экономикаға тиімді қарсы іс-қимыл;
- Төлеушілерге қызмет көрсету сапасын жақсарту;
- Салық жинауды арттыру;
- Операциялық және функционалдық тиімділікті арттыру.
"Нұрлы жол" - болашақтың бағдарламасы[3]. Оның табысты іске асырылуы мемлекеттік органдар мен бизнес-қоғамдастықтардың өзара қаншалықты тиімді іс-қимыл жасауына байланысты болады. Сондай-ақ, жаңа саяси бағыт пен жаңа экономикалық ахуал жағдайында сыбайлас жемқорлықтың жолын кесу және алдын алу жөніндегі жұмысты жандандыру қажет. Осы міндеттердің барлығын жүзеге асырған кезде ғана біз алға қойған мақсаттарға қол жеткіземіз.
Достарыңызбен бөлісу: |