3 сұрақ. Математика сабағы және оның мазмұны мен құрылымы. Сабақ - математикадан оку жұмысын ұйымдастырудын негiзгi түрi максатка бағытталган мұғалім мен оқушының ұжымдык шығармашылық еңбегi. Сабактың шын максаты: тұлғаны оның кабiлетi мен дарындылығына сүйеніп дамыту . Әрбір сабактың логикалык, психологиялык , ұйымдастыру бірлігі болуы тиіс. Логикалық бірлік дегеніміз - сабак бөліктерінің ішкі өзара байланысы . а ) игерiлген бiлiм еске түсiрiледi және жүйеге келтіріледі ; ә ) бiлiмдегі , іскерліктегі , дағдыдағы кемістіктер толыктырылады ; в ) оқытылатын материалдың манызды идеялары толык ашылады ; б )жана мен ескі салыстырлады Психологиялык бiрлiк окушылардың танымдық іс - әрекетіндегі белсенділігі. Танымдық iс-әрекет : түйсік , қабылдау , ойлау , зейін . Психологиялык бірлік окушылардың дербес ерекшеліктерін ( темперамент , мінез , кабiлет , ынта ) есепке алуды талап етеді . Ұйымдастыру бірлігі алдын ала сабак жабдығын ойластыру - окушыларды белсендi тиiмдi жұмыска ұйымдастыру . Жалпы сабактын мынандай түрлері бар : 1. Жана материалды окып - үйрену ; 2. Бiлiмдi негiзiн калыптастыру және ол бiлiмдi колдана білу іскерлігі мен машыктарын шыңдау ; 3. Өтілген материалды кайталау және жүйелеу ; 4. Бiлiмдi бакылау және тексеру ; 5. Аралас сабак . Сабактын кезендері : 1 - сыныпта : І.Ұйымдастыру бөлімі - 1 мин II. Өткендi кайталау және пысыктау - 10 мин. Сергіту сәті - 1 мин III. Окулыкпен жұмыс - 10 мин. Сергіту сәті - 1 мин IV. Дәптермен жұмыс - 10 мин V. Қорытындылау - 2 мин . 2 - сыныпта : І. Ұйымдастыру бөлімі Il . Ауызша жаттығу . Тапсырма ІІІ.Жаңа материалмен жұмыс , Тапсырма IV - Өткендi кайталау және пысықтау . Есеп V- Танымдық жаттығу . Тапсырма VI- Шығармашылық жұмыс VII - Қорытындылау , бағалау. Бір типтегі сабактардын дидактикалык максаты ортақ , құрылымы ұксас болады . Cабак кұрылымы деп оның тұтастығы мен әр алуан нұскасын , негiзгi көрiнiстерiнiң сакталуын камтамасыз ететін сабак элементтерінің жиынтығын айтады . Сабактың кұрамдас бөлiктерi өзара тығыз байланыста болады және белгілі тәртіпте жүзеге асырылады . Сабақ кұрылымы койылған мақсатқа , оку материалының мазмұнына ,колданылатын оқыту әдістері мен тәсілдеріне, оқушылардың дайындык денгейiне және оку процесінде сол сабактын алатын орнына байланысты анықталады. Сабак құрылымы әр алуан болады . Мысалы , аралас сабак мынадай жобада да жургiзiлуi мумкiн :
І.Ұйымдастыру бөлімі;
II.Ауызша жаттығу ( Периметр , аудан , көлем табуды , көбейту , бөлу кестесін кайталау )
III. Жаңа материалмен жұмыс . Тапсырма - 1
IV. Жаңа материалды бекіту . Тапсырма - 2
V.Танымдык жаттығу . Тапсырма - 4
VI.Өткенді қайталау және пысықтау . Тапсырма - 5-9
VII.Yйге тапсырма . Тапсырма -3,8
VIII.Шығармашылық жұмыс
IX. Қорытындылау, бағалау .
І. Жана материалды окыту сабағы . Мұндай сабактар әнгімелеу , баяндау немесе сұрақ - жауап әдісімен жүргізілуі мүмкін . Бiрак сабактын кiрiспесінде оқушыларды жана материалды кабылдауға психологиялык жағынан даярлап , олардың әркайсысы танымдык кызметке белсене араласатындай жағдай жасау керек Мұндай даярлык әдетте берілген материалды окушыларға кайталату мен корытындылату жолымен жүргізіледі . Мұның нәтижесінде бұрын окылған материалдар мен мағлұматтардың арасында байланыс орнайды . Бұдан сон оқy мiндеті қойылып , окушылардың білімдеріне сүйеніп , логикалық талдау аркылы койылған проблеманы шешуге кіріседі .
II . Практикалық іскерлік пен машыкты калыптастыру сабағы . Математика сабақтарының мақсаты : бағдарлама межесіне сай мөлшер мен денгейде білім , білік , дағдыларды игеру; математика курсының мазмұны арқылы танымдык және коммуникативтік іс - әрекет пен өздігінен білім алуға және еңбекке бейiмделу, сондай - ақ ата - дәстүр, әдет ғұрып , салт сана , халықтық және ұлттык болмысты дүниежүзілік мәдени мұралармен үндестіру арқылы баланы тұлға ретінде калыптастыру ; окушының акыл -ойының математикалык стилін , интеллектуалдык және ерік пен сезімге катысты сапаларын дамыта тусу ; негізгі мектепте окуға , меңгерген математикалық білімдерін өмірде қолдануга жан жакты дайындауды жүзеге асыру . Мұндай іскерліктер мен машыктардың қатарына математикалык есептерді және практикалык мазмұндағы есептерді шығару , карапайым есептеу құралдарын қолдану , әр алуан бакылаулар мен өлшеулерді орындау жатады . Сондық бұл типтегі сабактын негізгі бөлігін есеп шығару , стилін , зертханалык - практикалык жұмыстар орындау құрайды .
III . Окыған материалды қайталау және корытындылау сабағы . Жаңа материалды өткен материалмен байланыстыру үшін барлық сабақта қайталау колданылады , бiрак ол материалды шағын көлемде камтиды. Мұндай сабактарды ұйымдастырудын түрлері әр алуан : корытынды әнгіме өткізу , әр түрлі есептер шығару , т.б. материалды кайталау және қорытындылау сабағы , сонымен бірге окытылған тақырыптар мен тарауларға жаңа білім элементтерін енгiзуi тиiс . Осы типтегі сабактарды окушылардын түбегейлі жауап беруiн камтамасыз ететіндей ұйымдастыру керек . Бұл олардың логикалық ойлауын өрістетуге мүмкiндiк туғызады . Сондыктан сабак үстiнде окушылар тек есеп , мысал шығарумен шектелмей, такырыптын немесе тараудың басты - басты мәселелерін жан жакты және бiрiздiлiкпен баяндауын , жекелеген фактілердін арасындағы манызды байланыстарды көрсетуін талап ету керек .
Мұндай сабактың құрылымы :
1 ) ауызша жаттығу , кайталанатын такырып бойынша қажетті математикалық ұғымдарды талдауды ;
2 ) жаттығулар мен есептердi түсіндіруді ;
3 ) танымдык жаттығуларды шығаруды ;
4 ) шығармашылык тапсырмаларды талдауды ;
5 ) үй тапсырмасын берудi ;
6 ) сабақты корытындылау
IV . Білімді бакылау және тексеру сабағы . Оқушылардың білімін ұдайы бақылау мен тексеру оларды өздігінен окулыкпен жүйелі жұмыс істеуге , үй тапсырмасын толык орындауға , косымша әдебиеттерді ізденіп окуға бағыттайды , жауапкершілік сезiмiн тәрбиелеп , өз білімін өзі бакылауға дағдыландырады . Оқушылардың бiлiмiн , іскерліктері мен машыктарын тексерудiн негiзгi түрлерi- жаппай сұрақтар қою , өзіндік жұмыс , математикалык диктант , тест жаздыру , ecen шығару. Сонымен бірге , бiлiмдi бакылау мен тексеруде үй тапсырмасы мен жазбаша бакылау жұмысының , тест өткiзуде өзіндік жұмыстын орны ерекше. Жазбаша үй тапсырмасы мен бакылау жұмысын жүргізу , негізінен окушылардың теориялык бiлiмдi есеп шығаруға колдану іскерліктері мен машыктарын тексеруге арналады .