52
мағыналық жағын да көрсете алатын арнайы анықтағыш құрал
бола алады.
Ал енді негізгі мәселе – осы құрылымды тіл үйренушіге мең-
герту. Бұл құрылымды меңгерту үшін біз арнайы алгоритм құру-
ды ұсынамыз. Сөйлемнің әрбір жаңа элементі сөйлемнің жалпы
құрылымы негізінде алгоритмдеу әдісі бойынша меңгеріледі.
Сөйлемнің құрылымы бір ғана сөзден тұратын субстантивті сөй-
лемдерден бастап әрі қарай адъективті, етістікті, адвербиалды
түйіндерді түсіндіру арқылы жүзеге асады.
Біздің ұсынысымызда әрбір жаңа
сөз белгілі бір коммуника-
тивтік міндетті шешуге қабілетті синткасема, яғни мағыналы сөй-
лем ретінде меңгеріледі. Сондықтан меңгерілуге ұсынылатын ең
алашқы (N) сөз (S) сөйлеммен тең дәрежеде. Мұндағы N – зат
есімнен немесе жіктеу есімдігінен болған, бір сөзден тұратын
субстантивті сөйлем. Мысалы: Мен. Сен.
Кітаптар. ... Бұдан әрі
бір сөзден тұратын субстантивті сөйлем (А) анықтауышпен күр-
деленіп, S = А1N немесе S = А2(О2)N модельді сөйлемдер құрай
алады. Мұндағы (А) анықтауыш: сын есімнен, есептік және рет-
тік сан есімнен болған (А1) сапалық анықтауыш немесе ілік септік
тұлғалы зат есім және жіктеу есімдігінен болған (А2(О2)) меншік-
ті анықтауыш. Мысалы:
Жақсы студент. Әдемі қыз. Үлкен үй.
Менің әкем. Алматының көшесі.
Жай сөйлем құрылымын меңгеруге арналған негізгі алгоритм-
дік жүйе
іштей қадамдарға бөлініп, әр қадам арнайы жаттығу-
лармен бекітіледі. Негізгі алгоритмдік жүйенің келесі қадамы екі
негізді жай сөйлемдерді: баяндауышы есім сөзден болған, одан
кейін баяндауышы етістіктен болған жай сөйлемдерді меңгеру-
мен ұласады. Баяндауышы есім
сөзден болған жай сөйлемдер
төмендегідей алгоритмдік жүйемен беріледі:
1) NV модельді жалаң сөйлем, сөйлемнің N – субъектісі сілтеу
есімдігінен, V – предикаты зат есімнен болған сөйлемдер:
Бұл –
Сәуле. Анау қалам. Бұлар студенттер.;
2) сөйлемнің N – субъектісі сілтеу есімдігінен, зат есімнен, V –
предикаты сын есім + зат есімнен немесе тәуелдеулі зат есімнен
болған сөйлемдер:
Бұл жақсы студент. Аналар менің достарым.;
53
3) сөйлемнің N – субъектісі жіктеу есімдігі, тәуелдеулі зат
есімнен, ілік септігі + зат есімнен, V – предикаты зат есім, сын
есімнен болған сөйлемдер:
Мен студентпін. Сіздің әкеңіз дәрігер
ме? Менің ағам жақсы жігіт. т.с.с.;
4) сөйлемнің N – субъектісі жіктеу
есімдіктері немесе адам
аттары мен тәуелдеулі туыс атаулары, V – предикаты шығыс
септігіндегі ел, жер, қала атауларын
білдіретін жалқы есімдер-
ден болған сөйлемдер:
Мен Жаркенттенмін. Сіздің досыңыз қай
жерден? Ғалым Қарағандыдан.;
5) сөйлемнің N – субъектісі жіктеу есімдіктері немесе адам
аттары мен тәуелдеулі туыс атаулары, V –
предикаты бесінші
объек ті жалғауын қабылдаған сан есімдер, есімдік немесе зат
есімдерден болған сөйлемдер меңгеріледі:
Мен жиырмадамын.
Сіз нешедесіз? Менің үлкен ағам ауылда.;
6) келесі қадамда баяндауышы етістіктерден болған жай сөй-
лемдермен жұмыс істелінеді. Етістік
негізді сөйлемдер етістік-
тің шақ формаларын меңгеруден басталады да, оның сөйлемнің
Adv. пысықтауыш мүшесімен қабыса байланысу ерекшелігі
түсіндіріліп, моделі беріледі. Етістік негізді жай сөйлемді мең-
геру үдерісіндегі ең маңызды мәселе
етістіктің объектілерді
меңгеру алгоритмі болып табылады. Сөйлемнің объектілерінің
берілу тәртібі: О5 – алгоритмі; О4 – алгоритмі; О3 – алгоритмі;
О6 – алгоритмі; О7 – алгоритмі. Әр объектіні ұсыну барысында
оның анықтауыш мүшесімен (объектінің анықтауыш мүшесі мен
субъек тінің анықтауыш мүшесі ұқсас екені ескеріледі) бірге жай
сөйлемнің толық модельдері қоса беріліп отырады.
Достарыңызбен бөлісу: