Мемлекеттік тілді үйрету: әдіс, тәжірибе, инновация



Pdf көрінісі
бет29/54
Дата12.05.2023
өлшемі1,34 Mb.
#92307
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   54
А.Д. Ботабаева 
Шығыс Қазақстан облысы 
Тілдер жөніндегі басқармасының
Шығыс Қазақстан лингвистикалық 
орталығының оқытушысы
ЕРЕСЕКТЕРДІ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ОҚЫТУ 
ТӘЖІРИБЕСІНЕН: ЖЕТІСТІКТЕР МЕН НӘТИЖЕЛЕР
Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығында тіл саясатында үлкен 
жетістіктерге қол жеткіздік деп айтуға негіз бар. Қазіргі таңда 
республика тұрғындарының 76 пайызы мемлекеттік тілді білетін 
болса, 21 пайызы ағылшын тілін меңгерген. Мұндай нәтижеге 
жетуге әрине, республикадағы Тіл оқыту орталықтарының да 
қосқан үлесі орасан зор деп айтуға болады. 
Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығының тарихы 2006 
жылдан бастау алады. Былтырғы жылы орталығымыз 10 жылдық 
мерейтойын атап өтті. 
Бүгінгі күнге дейін облысымыздың өзге ұлт өкілдері көп 
шоғыр ланған қала, аудандарында 12 тіл оқыту орталықтары 
құрылып, жұмыс жасауда. 
Шығыс Қазақстан облысында ҚР Тілдерді дамыту мен қол-
данудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарла-
масын жүзеге асыруда мақсатты жұмыстар жүргізіліп жатыр. 
Біріншіден, республика бойынша ересектерге тілді оқытудың 
типтік бағдарламасы негізінде бекітілген стандарт бойынша жұ-
мыс жүргізіліп жатыр. 
Екіншіден, мемлекеттік тілді оқытудың 
инфрақұрылымы жасалды. 
Үшіншіден, онлайн режимі арқылы 
қашықтан оқыту мүмкіндігі іске асырылуда. 
Төртіншіден, жыл 
сайын «ҚАЗТЕСТ» бағдарламасы негізінде мемлекеттік қызмет-
шілердің білім деңгейі анықталуда. 
Орталық оқу-үйлестіру, ғылыми-әдістемелік, ақпараттық-үй-
лестіру, әкімшілік жұмыстармен айналысады. 
Орталығымыздың әдістемелік және оқыту саласындағы қол 
жеткізген жетістіктері мен нәтижелері де аз емес. Ш.Шаяхме-


81
тов атындағы республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы 
дәстүрлі түрде жыл сайын тілдерді дамытудың ұйымдастыратын 
«Қазақ тілінің үздік оқытушысы» республикалық конкурсын-
да 2009 жылы Cейманова Зайра, байқау номинанты болса, 2010 
жылы Мурсалимова Арай аталмыш байқаудың бас жүлдегері 
атанды. 2011 жылы Ибраева Сауле «Үздік әдістеме» номинация-
сын алса, 2012 жылы Жұмабекова Салтанат жүлделі 3-орынға ие 
болды. Ал 2013 жылы Рашиева Назымгүл аталмыш байқаудың 
жүлделі 2-орын иегері атанды. 
2010 жылы Ақласова Сания, аға әдіскер, II Республикалық 
медиасабақтар байқауында қазақ тілі сабақтарын қашықтан оқы-
ту номинациясы бойынша бірінші жүлдені иеленді. 2015 жылы 
Мұқашева Құралай Мырзабекқызы «Ең үздік электронды порт-
фолио» номинациясымен ерекшеленді. 
Оқыту сапасын жоғарылатуда әдістемелік жұмыстың маңызы 
зор, сондықтан Орталықтың әдістемелік жұмысын жақсарту мақ-
сатында әдістемелік қызмет көрсету жоспарлы түрде жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет