Мемлекеттік тілді үйрету: әдіс, тәжірибе, инновация


Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығының



Pdf көрінісі
бет30/54
Дата12.05.2023
өлшемі1,34 Mb.
#92307
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   54
Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығының 
оқу-әдістемелік қызметі 
Әдістемелік қызмет жұмыстарын жүзеге асыру үшін Орта-
лықтың әдістемелік кабинеті жұмыс істейді. Бұл құрылымның 
негізгі бағыттары:


82
- оқу бағдарламаларын құрастыру;
- ересектерге (соның ішінде мемлекеттік қызметшілерге) мем-
лекеттік тілді және басқа да тілдерді тиімді әдіс-тәсілдерді қолда-
ну арқылы оқытуды ұйымдастыру;
- сынақ материалдарын ҚАЗТЕСТ мемлекеттік тілді меңгеру 
деңгейін анықтау жүйесіне сәйкес дайындау;
Осы жұмыстың нәтижесінде Орталықтың Ғылыми-әдістемелік 
Кеңесінің сараптамасынан өтіп, мынадай әдістемелік әзірлемелер 
баспаға ұсынылды:
1. Қазақ тілі. Мемлекеттік тілді жеделдете оқытудың I-деңгейіне 
(А1, А2) арналған оқу - әдістемелік кешен (оқулық, жұмыс дәп-
тері, электрондық оқулық), 2009 ж.
2. Электрондық тестілеу құралы, 2008ж. 
3. Үшдеңгейлік аудиомәтіндер жинағы. 2009 ж. 
4. «Қазақша сөйлейміз» аудиокурсы, 2009 ж.
5. Аудиомәтіндер жинағы, 2009 ж.
6. Қазақ-ағылшын-орыс үштілдік электрондық әмбебап сөзді-
гі, 2010 ж.
7. Қазақ тілін оқытудың мультимедиалық жүйесі. 2010 ж.
2011 жылдан бастап Типтік бағдарламаның негізінде келесі 
әдістемелік құралдар жарық көрді. 
1. Өрт сөндірушілер мен төтенше жағдайлар саласына ар-
налған электрондық тілдік жаттықтырғыш, 2011 ж.
2. «Учимся говорить по-казахски» сайты, 2011ж. 
3. «Ойна да күл, қазақша біл!» Тренингтік форматта жүр-
гізілетін авторлық бағдарлама, 2012 ж.
4. Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығының веб-сайты, 
2013ж
5. Қазақ тілін оқытуды ойын арқылы ұйымдастыру. Әдісте-
мелік құрал, 2013 ж.
Мұрсалимова Арай Белгібайқызының «Қазақ тілін оқытуда 
жағдаяттық тапсырмаларды қолдану» және Бесқараға ауданының 
тілдерді оқыту орталығының әдіскері Әменова Айнаш Әлібекқы-
зының «Кванттелген мәтіндердің және тест түріндегі тапсырма-


83
лардың әзірлемесі» атты әдістемелік құралдары биылғы жылы 
Ш.Шаяхметов атындағы республикалық үйлестіру әдістемелік 
орталығының қолдауымен баспаға ұсынылып отыр. 
Орталықтың оқу-әдістемелік әзірлемелерінің барлығы да за-
ман талабы мен тіл үйренушінің сұранысын қанағаттандырып, 
оқыту сапасын жоғарылатуға ықпал етеді деп ойлаймыз. 
Сонымен қатар, мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру және 
насихаттау мақсатында әр түрлі форматтағы іс-шаралар жүйелі 
түрде ұйымдастырылып тұрады. 
Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арнал-
ған мемлекеттік бағдарламасында мемлекеттік тілді меңгерген 
ере сек тұрғындардың үлесін «Қазтест» тапсырудың нәтижесі 
бойынша 2017 жылға қарай - 80 %, 2020 жылға қарай - 90%-ға 
жеткізу көзделген. Осы белгіленген саналы индикаторларға қол 
жеткізу мақсатында 2011 жылдан бастап облыстағы мемлекет-
тік және бюджеттік сала қызметкерлері Қазтест жүйесі негізінде 
диаг ностикалық тесттілеуден өтсе, 2013 жылдан бастап бүгінгі 
күнге дейін 1155 адам мемлекеттік үлгідегі сертификатты иеленді. 
Мемлекеттік бағдарламаның төртінші бағытында - лингвистика-
лық капиталды дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау көзделген. 
Осы тұрғыда, 2013 жылдан бастап облыстағы ересек тұрғындардың 
ағылшын тілін меңгеру шаралары қолға алынған. Бүгінгі күні облыс 
орталықтарының барлығында ағылшын тілі курстары оқытылады. 
Аталған курсты соңғы үш жылда 12115 адам бітіріп шықты. 
Тілдік кеңістікте орыс тілінің қатысуын қамтамасыз ету мақса-
тында, оралман азаматтарға ауызекі сөйлеуді үйрету жолға қойыл-
ды. Орыс тілін үйренемін деушілердің қатары да жылдан жылға 
көбейіп келе жатыр. 
Облыстағы тілдерді оқыту орталықтары оқытушыларының 
біліктілігін жетілдіру мақсатында семинарлар, курстар ұйымдас-
тырылады. Атап айтсақ, 3 семинар, 2 ғылыми-практикалық кон-
ференция және «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы-
ның облыстағы филиалымен бірлесе отырып, біліктілікті арттыру 
курстары жүйелі түрде өткізіліп тұрады. Сондай-ақ, онлайн ре-


84
жимі арқылы қашықтан қол жеткізу мүмкіндігін пайдалана оты-
рып облыстық 3 вебинар өткізілді. 
Бүгінгі күні мемлекеттік тілді үйретуде оқытушылардың ин-
новациялық технологияларды жете меңгеруі өте маңызды. Осы 
орайда, дәстүрлі түрде орталық оқытушыларының арасында «Та-
нысыңыздар, ол - креативті оқытушы» атты байқауы өткізіледі. 
Бұл оқытушылар Орталық әкімшілігінің қолдауымен облыс, рес-
публика көлемінде ұйымдастырылатын семинар, конференция, 
форумдарда озық тәжірибелерімен алмасуға мүмкіндік алады. 
Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығы облыс бойынша 
тек тілдерді оқыту орталықтары тыңдаушыларының арасында қа-
зақ тілінен алғашқы қашықтық олимпиадасын өткізді. Олимпиада 
тыңдаушылардың коммуникатаивтік құзіреттілік деңгейін арттыруға 
бағытталған. Олимпиада қорытындысы бойынша қазақ тілін жетік 
меңгерген азаматтар облыстық дәрежедегі марапатқа ие болады.
2010 жылдан бастап мемлекеттік тілді көпшіліктің қолдануы-
на қол жеткізу және оның пайдалану аясын кеңейту мақсатын-
дағы ауқымды шаралардың бірі «Учимся говорить по-казахски» 
сайты жұмыс жасайды. Бұл сайттың мақсаты қарапайым деңгей-
де интернет арқылы қазақ тілін меңгерту. Бүгінгі күні сайтты қол-
данып отырған адам саны 1125000 мыңнан асады, оның 3200-і 
қарапайым деңгейде тіл үйренуде. 
2014 жылдан бастап мемлекеттік тілді қоғамның тыныс – тір-
шілігінің барлық санасына кіріктіру мақсатында орталықтың 
ақпараттық сайты жұмыс істейді. Бұл сайттан орталық жұмысы 
туралы толық мәлімет ала аласыздар. Аталмыш сайт арқылы об-
лыстық тіл оқыту орталықтарымен онлайн режимінде байланыс 
жүргізіліп отырады. Сонымен қатар, сайттан орталық оқытушы-
ларының электронды портфолиосымен таныса аласыздар. Бұл 
электронды портфолиодан оқытушылардың жетістіктерін, сабақ 
жоспарларын, сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдерін, тіпті бүгін-
ге өтетін сабақтарды да көруге, жүктеп алуға болады.
Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдар-
ламалық мақаласында адамның құндылығы, рухани байлығы, 


85
жастарды трбиелеу, олардың бойына патриоттық рухты сіңіре 
білу жұмысында рухани салаға мән берілген. Осы орайда, ШҚ 
лингвистикалық орталығы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының 
негізінде «Әдемі сөйле» шешендік шеберлік мектебі» жобасы 
биылғы оқу жылынан бастап қолға алынды. Мақсаты – мемлекет-
тік тілдің мәртебесін арттыру. Курстарды ұйымдастыру арқылы 
шығыс қазақстандықтардың тілдік қажеттіліктерін дамыту және 
тіл мәдениетінің деңгейін жетілдіру. Яғни, облыстағы 12 орта-
лықтан он екі топ ашып, жиналған тыңдаушыларды көпшілік 
алдында шешен сөйлей білуге үйрету, рухани құндылықтарын 
арттыру. Жоба 2017 жылдан 2022 жылға дейін жоспарланған. 
Аталмыш жобамыз сәтті жүзеге асырылады деген ойдамыз. 
Ал, мақаладағы еліміз үшін аса маңызды мәселе әліпбиіміздің 
латын қарпіне көшуі біздің облысымызда қолдау табуда. Латын 
әліпбиінің жаңа нұсқасы – бүкілхалықтық таңдаудың жарқын 
нәтижесі деп санаймыз, себебі қазақ тілін жаңғыртудың басты 
көрсеткіші – латын жазуына көшуде екеніне және бұл қадамның 
әлем қазақтарын біріктіретін маңызды фактор екеніне халықтың 
көзі жетті. Қоғамның жаңа әліпбиді талқылауда көрсеткен бел-
сенділігі соның тағы бір жарқын дәлелі деп санаймыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет