99
Қорытынды
(5- минут)
Сабақ өз мақсатына жету үшін әртүрлі
әдіс-тәсілдерді қолдандым. Тілдік дағды-
ларды қолдана отырып жаңа сабақты мең-
герте алдым деп ойлаймын. Бөлімді немесе
жаңа сабақты
бастар алдында аудиторияға
қызығушылық оята алдым. Себебі басқа
елдердің амандасу үлгілерін көрсетіп, әуен
тыңдату арқылы жаңа сабақты бастауға ой
шақырып алдым. Жаңа сөздер мен сөз тіркес-
терін сабақпен байланыстыру үшін диагнос-
тикалық тест алдым. А2 деңгейдің тыңдау-
шылары үшін қарым-қатынас тақырыбы тың
тақырып емес.
Диагностикалық тесттің ар-
тықшылығы сол оқытушының жоспарына
өзгерістер енгізуге мүмкіндік береді. Кейін
жаңа сөздер жазылған заттарға танысты-
ру жасайды.
Бұл тапсырма тыңдаушыларға
жазылым және айтылым дағдысын орындау
бойынша өнім береді. Ал өнімнің сапалы
болып шығуы оқытушының ұйымдастырған
тапсырмалары негізінде жасақталады. Келе-
сі кезекте топпен жұмыс жүргізіледі. Топ-
қа бөлінген тыңдаушыларға мәтінмен жұ-
мыс беріледі. «Пазл құру», «Сергіту сәті»,
«Видео ролик» көрсету арқылы тақырып
ашылды деп ойлаймын. «Мәтінмен жұмыс-
та» әр топқа әртүрлі тапсырмалар беріледі.
Тыңдаушыларға
оқылым тапсырмаларын
жасату үшін бірнеше тәсілдерді қолдануға
тура келді. Себебі оқылым дағдысындағы
тапсырманы бірден орындау өте қиындық
тудырады. Сол себепті мәтіндерді бөліктер-
ге бөлу, тест тапсырмалары, постер құру т.б.
100
стратегиялар, жалпы сабақ барысында орын-
далған
барлық тапсырмалар жазылымның,
сапалы жазылуына, айтылымның сәтті шы-
ғуына мүмкіндік туғызады. Сергіту сәтін
өткізу тыңдаушылардың көңілдерін көте-
руге септігін тигізеді. Бір ескерер жәйт жа-
зылым дағдысын
басқа дағдылардан бөліп
жарып алуға келмейді. Оқытушы әлсіз деген
жұмыстардың өзінен тыңдаушының жақсы
тұстарын анықтап, ең алдымен тыңдаушы-
ның ойын бөліскені үшін алғысын білдіруге
болады не болмаса смайл бейнелерді тарату
арқылы тыңдаушыны демеуіне болады. Са-
бақта тыңдаушылармен жүргізілген талқы-
лаулар мен
ойындардар жұмыстың сапалы
жүруіне септігін тигізеді. Тыңдаушылар бір-
бірін бақылап, өз пікірлерімен бөлісті. Кері
байланыс тыңдаушыларға шабыт берді. Және
олар өздерінің қателік жібергендіктерін бай-
қайды. Тыңдаушыларға жұмысты орындауда
қиындық туған жоқ деп ойлаймын. Бүгінгі
танысу мақсатында өткізілген саяхат – са-
бағымыз аяқталды. Саяхат жасай отырып,
біз, Сіздермен бірге таныстық, амандастық,
қарым-қатынасқа түстік
деп толықтай айта
аламын. Менімен бірге болғандарыңыз үшін
рақмет! Сау болыңыздар.