Жаңа процестерді басқару барысындағы оқушылар мен педагогтердің өзін-өзі анықтауы. Жаңа процестерді басқару барысындағы
алқалық қағидасы. Жаңа процестердің нәтижесін болжау және бақылау. Мұғалімнің инновациялық даярлығын қалыптастыру педагогтердің жаңашылдық мүмкіндігін жетілдіру арқылы іске асады, ал соңғы кездегі жүргізілген психологиялық-педагогикалық зерттеулер көпшілік мұғалімдерге педагогикалық процесте бейімделу мен бағыттаудың басым екендігі бойынша қорытынды шығаруға мүмкіндік береді.
Педагогтерді инновациялық өзгерістерге әкелетін іс-әрекеттер:
Өзгерістердің пайда болуы (өзін-өзі тану):
оқу процесінде оқушылардың мүмкіндіктері мен қиындықтарын тани
білу;
өзінің педагогикалық қызметіндегі проблемаларды көре білу және
сонымен қатар өзінің кәсіби, жеке тұлғалық ерекшелігіне сай өзгерістің қаншалықты қажеттігін сезіне білу;
өз мүмкіндігі мен қажеттіліктеріне орай өзін-өзі инновациялық ізденістерге әкелуі, оларды өз тәжірибесіне сай таңдай алуы;
өз қажеттілігі мен оқушылардың деңгейіне сай инновациялық бағыттарды енгізу мүмкіндіктерін бағалай алуы.
Өзін-өзі бағыттау: өзінің жеке тұлғалық, кәсіби мүмкіндіктерін және өзіндік тәжірибесін есепке ала отырып өз бағытын жобалау, оның тәсілдерін таңдай алу.
Инновациялық өзгерістерді нақты енгізу (өз мүмкіндігін жүзеге асыру):
жаңа мақсат қоя білу;
өзгерістердің мазмұны мен мәнін анықтау;
күтілетін нәтижелерін нақтылау;
орындау үшін қажетті шарттарды белгілеу;
болуы мүмкін кедергілерді көре алу;
болуы мүмкін кері нәтижелерді болжай білу;
өзгерістердің нәтижесін талдау.
Достарыңызбен бөлісу: |