Мәнерлеп оқу курсы пәнінен күнтізбелік-тақырыптық жоспар 3в кдо, 3г кдо 0301002 «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту»


Дәріс Мәнерлеп оқу мен әңгімелеп берудің негізгі тәсілдері



бет13/33
Дата28.03.2023
өлшемі283,24 Kb.
#76707
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   33
Байланысты:
УМК МӘНЕРЛЕП

8 Дәріс


Мәнерлеп оқу мен әңгімелеп берудің негізгі тәсілдері

Ауызекі сөйлеу тілі дауыс нақышына аса бай. Ауызекі сөйлескен екі адам бір-біріне айтайын деген ойын, сезімін білдіргенде, дауыс реңкін әлденеше құбылтады. Мұны біз күнделікті өміріміздің сан салалы қырынан: жол үстінде жүргенде, от басы, ошақ қасында, қызмет бабында, кинода , театрда айқын аңғарамыз. Сөйлеп тұрған екі адамның сөздерінде екі түрлі реңк белең алып тұрады. Бара-бара олардың сөздері бір арнада тоғысып, бірегей сөз реңктеріне көшеді. Ал, енді бірде өтініп сұрау, жалынып-жалбарыну сияқты дауыс реңктері, іле-шала ілтипат, ризалықты білдіретін үн нақыштарына көшіп жатады. Осы тәріздес алуан түрлі дыбыстау әуені сөзді ашық, айқын, ширақ, нанымды етеді. Сөйлеген сөзінен адамның мінез-құлқын, қарым-қатынасын аңғарасың.


Көркем сөз оқу өнерімен шұғылданушылар қарапайым жұр арасында ауызекі сөйленетін сөз сазындағы алуан түрлі дыбысталу нақыштарына құлақ түре жүріп үйренеді. Сол дауыс реңктерін өзі орындайтын көркем шығарманы оқығанда пайдаланады. Олар көркем сөздің тыңдаушыға әсерлі, шындыққа жанасымды табиғи үнмен естілуін көздейді. Көркем сөз өнері – өнердің күрделі түрінің бірі. Көркем сөз орындаушы мәнерлеп оқудың барлық тісілін жете игері үшін көп дайындалуы, үнемі жаттығуы керек, сонда ғана мәнерлеп оқуға төселеді, дағдыланады, оның сиқырлы сырын игереді.
Көркем сөз оқу өнерімен жаңа шұғылдана бастағандар радиодан, теледидардан, эстрадан көркем сөз оқитын шеберлерді мұқият тыңдап, көңіл зердесіне түюі керек. Әр сөзге жан бітіріп, майны тамызып, сөйлейтін шынайы шеберлеріміз Сабира Майқанова, Хадиша Бөкеева, Фарида Шәріпова, Асанәлі Әшімов, Әнуарбек Молдабековтердің сөйлеу мәнері жанға жағымды, көңілге қонымды. Олардың дауыс ырғағына зейін қойып тыңдау – көркем сөз өнерін үйренушілерге жанды құрал. Сондай-ақ , пленкаға, күйтабаққа жазылған Қ. Қуанышбековтың, Серке Қожамқұловтың көркем шығармалардан оқыған үзінділері және Тайыр Жароковтың өзі оқыған «Қызыл алаң», «Күн тіл қатты» шығармаларын және басқаларды да үлкен себін тигізеді.
Көркем сөз оқу өнерімен жаңа талаптанып жүргендер, тәрбиеші-ұстаздар әуелі мәнерлеп оқу мен нақышына келтіріп әңгімелеп берудің – интонация (сөз сазы, айтылу мәнері), логикалық екпін, пауза (дауыс толасы, кідіріс) , дауыс күші және басқа тәсілдерін дәйектілікпен игеруі қажет. Көркем сөз оқушы осы тәсілдердің біреуін ғана қолданбаған жағдайда оның сөзі, әңгімесі солғын шығады, тыңдаушыларын баурап әкете алмайды.
Енді сол мәнерлеп оқудың тәсілдеріне тоқталайық.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет