Бақылау жұмысы Әңгімені ауызша айтып беруге даярландар. 1.Біз ас үйде тамақтануға үйренгенбіз. Совет үкіметі Петербурктен Москваға көшкенде, Ленин Кремльде тұрсын деп шешім Қабылданған-ды.оның үшінші қабатында лайықты бөлме бар-ды.
Ал енді шаруашылық қызметкерінің бірі сол пәтерде дүние жүзі пролетариатының көсемінің өзі тұратын болғанын біліп, ұялып қалмайық деп, пәтерді әбден жөндеп жинап қоймақшы болады.
Бөлмеге бір фабрикадан алынған жиһазды: көгілдір жібекпен қапталған жылтыр дивандар, көгілдір жібекпен тысталған жанғак ағашынан жасалган креслоларды әкеп қояды. Қабырғаға кілем төбеге үлкен хрусталь люстра іледі.Барі даяр болған соң, Надежда Константтеновна мен Владимир Ильичты жана тұрғын бөлмені көруге шақырады.Келген бетте екеуі де таңырқап қалды.
-Жоқ бұл бізге жарамайды, деді Надежда Константиновна.Фабрикантқа бұндай жиһаз ұнаған шығар, ал бізге...- деп басын шайқады.-Біз жұпыны тұрып дағдыланғанбыз.
Владимир Ильич те:
Бұндай жиһаздың бізге қажеті жоқ , деді.
Ал пәтерді жайнатып жинап қойған адам артығырақ істегенін түсінді .Аз күннің ішінде барлық жиһазды өзгертті.Жұпыны стол, орындықтар, тарелке мен кеселер әкеп қойды.
Надежда Константиновнаның тілегі бойынша ас үйге стол қойылды.Кәдуілді жай ғана стол.Үстіне көк жиекті ақ клиёёнка жайды.
Столға қоса орындықтарды да апарып қойыныздар деп өтінді Надежда Константиновна.
Ас үйге орындықтар не қажет сіздерге?- деп сұрағандарға:
Біз осында тамақтанатын боламыз , деп жауып берді Надежда Константиновна.
Біз ас үйде тамақтануға үренгенбіз.
(Б.Раевский)
- Әңгімелеу Тәрбиеші педагогтың әңгіме айтып беруі Тәрбиеші балалармен күделікті араласып сабақ жүргізгенде,қыдыртқанда, экскурсияға апарғанда, ойын сағатында оларды айналадағы өмірмен таныстырады.Өздері пайдаланып жүрген заттар, табиғат құбылыстары, өсімдікпен хайуанаттар, адамдар, олардың еңбектері, Отан, В. И. Ленин және оның жақын жолдастары,Совет Армиясы, мерекелер жайында балаларға арнап кітап,фильм,музыка шығарып жатқан жазушылар мен студентшілер , СССР-дегі туысқан республикалар мен шетел балалары туралы әнгіме айтады.
Тәрбиешінің әңгімесі де көркем әңгімеге ұқсас болуға тиіс.Ертеден ақ әңгіме деп ауызекі айтылатын хабарлама түрін атаған.Әнгімені бір ақ кісі айтадыда, қалғандары тыңдайды.
Әңгіме көлемі шағын әдеби шығарманың жанырына жатады.Қатысушыларының саны да аз болалы. Сюжеті біртіндеп өрбейді.Әңгіме өзегі өмір оқыйғасына,эпизодына құрылады.Шытырман ситуатция болмайды. іс әрекет азғана мерзім ішінде өтеді, композициясы жеңіл келеді.
Балаға үш жасынан бастап ауызша айтылатын әңгіменің осындай ерекшелігі олардың қабылдауы мен түсігіне лайық және қажетті дидактикалық әдіс болмақ.